Зерттеудің міндеттері. Жоғарыдағы мақсатқа жету жолында өзімізге мынадай міндеттер жүктедік :
- адамның жынысына байланысты атаулар мен тұрақты тіркестерді жинап, оларды жүйелеу;
- жиналған тілдік бірліктерді тақырыптарына, мағыналарына қарай түрлі лексика-семантикалық топтарға топтастыру;
- әр лексика-семантикалық топқа жататын атаулар мен тұрақты тіркестердің мағыналарын ашу және оларды саралау;
- екі тілдегі гендерлік сипаттағы фразеологизмдердің лингвомәдени табиғатын анықтап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету;
- екі тілдегі гендерлік сипаттағы фразеологизмдерге балама табу жолдарын көрсете отырып, аударма аспектісінде талдау
Достарыңызбен бөлісу: |