Зерттеудің нысаны – ағылшын және қазақ тілдеріндегі ұлттық бояуы айқын гендерлік сипаттағы фразеологизмдер жиынтығы.
Зерттеудің пәнін – қазақ және ағылшын тілдеріндегі әйел мен ер адамды сипаттайтын гендерлік сипаттағы тілдік бірліктер құрайды
Зерттеудің негізгі мақсаты - қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып саралау, ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді қазақ тіліне аударудың мүмкіншіліктерін, жолдарын және ерекшеліктерін қарастыру. Олардың ішінде гендерлік сипаттағы фразеологизмдерді салыстыра зерттеу, олардың баламаларын табу.