Нурсерік Болатулы 2022-2023 оқу жылынан бері ұлым Нокербаев Мирасқа география пәнінен сабақ беріп келеді



Дата08.04.2023
өлшемі18,2 Kb.
#80553
түріСабақ

«Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі» КММ география пәнінің мұғалімі Даулетбай Нурсерік Болатулына 7 «А» сыныбының ата-анасынан


Пікір
Нурсерік Болатулы 2022-2023 оқу жылынан бері ұлым Нокербаев Мирасқа география пәнінен сабақ беріп келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.


Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашық та, анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырады.
Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз. Ол оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. 2022-2023 оқу жылының қазан айында Қызылорда қаласында өткен «Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика Ғылымдар Академиясы» Қоғамдық қоры Қазақстандағы балалар жылына арналған «Ғылым әлемін ашу», «Открываем мир науки» тақырыбы бойынша 1-11 сынып оқушылары мен колледж, ЖОО студенттері арасында Республикалық ғылыми жобалар байқауында менің қызым, 9 сынып оқушысы Нокербаева Диана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін.
Нурсерік Болатулы еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.

Ата-ана: Еспенбетова Гульмира Кастаевна

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет