О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет20/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

• Жақсы көру сезімі:
бұл - адам баласының 
бойындағы ең жоғарғы сезім. Алайда бұл сезім бір 
тарапқа ғана байланған кезде бүлінеді. Жақсы көріп 
тұрсаң, «өзгелерді құлай сүйетін адам қатарынансың 
ба, жоқ па?» деген сұрақ арқылы өзіңді тексер. Егер 
жақсы көргенде құлай сүйетіндерден болсаң, онда 
сол сезіміңді қадағалап, түзеп, жақсарту үшін бір 
қадам артқа шегінгенің жөн. Сезіміңді жарға жығатын 
емес, өрге көтеретін сезімдердің қатарында болуың 
керек. 


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
84
• Жек көру сезімі: 
бұл сезім барлық адамның 
бойынан көрініс табады. Жек көру сезімі мүлде 
болмайтын адам жоқ. Алайда адам жек көргенде 
шектен шығып, бұл сезімін орынсыз көрсетсе, жек 
көру сезімі адам бойындағы өзінің негізгі қызметінен 
ауытқыған болады. Егер сен жек көргенде шектен 
шығатын, мөлшерін білмейтін адамдар қатарынан 
болсаң, онда мұндай сезім сені түбінде тозаққа 
түсіретін есікке апарады. Нәтижесінде өмірің 
қиындап, өмірдің көркін жоғалтасың. 
• Ашу сезімі:
негізінде, бұл сезім, кейбір адамдар 
ойлағандай, жағымсыз сезім емес. Өйткені ашу - 
бұрыс әрекетке қарсылық білдірудің жолы. Расында, 
ашу - сенің мазаңды қашырған нәрсенің бәрін 
өзгерту үшін бойыңда пайда болатын күш. Алайда 
ашуды өз орнымен білдірсең ғана жөн болмақ. Ал 
егер сен жындының ессіздігі оянған кезде ашуға 
бой алдыратын адамдардан болсаң, онда ашуыңды 
дұрыс бағытқа бұра біл. Осылайша ашуды пайдалы 
жаққа бағыттай алатын көркем мінезді жанға 
айналасың. 
• Қорқыныш сезімі:
қорқу - сенің сақтанғаныңды, 
есендікке жеткізер жолдарды іздегеніңді, қорыққан 
дүниелеріңе қарсы оң әрекеттерге баратыныңды 
білдіретін сезім. Кімде-кім өткен сәтсіздіктерінен 
қорықпаса, өткенінен ешқашан ғибрат алмайды. 
Ал кімде-кім сүрінген кездерінен қорықпаса, 
ешқашан дамып, жетілмейді. Десе де сәтсіздіктен 


iqup
85
қорықпау да, қалыпты нәрсе. Алайда, ең жаманы – 
бойыңдағы қорқынышыңды одан сайын ұлғайтып, 
әсірелеп, соңында «қорыққанға қос көрінедінің» 
күйін кешуің. Егер сен шектен тыс қорқынышқа бой 
алдыратын адамдардан болсаң, онда өзіңді тексеріп 
ал. Осылайша қорқынышты көрінген дүниелер сенің 
жүйкеңді, күшіңді соншалықты тауысуға тұрарлық 
па, жоқ па, соған көзіңді жеткізесің. Қорқыныш 
сезімі сенің шабытың мен әрекетіңді тұсамауы керек 
әрі ешкімнің жүрегіңе үрей салуына жол берме!


Өзгелерді кешіру ең сүйкімсіз кезең
86
EXERCISE
Телефоныңа жадыңнан өшпеуіне көмектесетін түрлі 
нұсқауларды жазып жүр. Бұл нұсқаулар түрлі уақыт 
аралығында саған қажетті әрекеттерді есіңе салып 
тұрады. Нұсқаудың тақырыбын «Қазір мен не сезіп 
тұрмын?» деп ата. Нұсқаулық есіңе түскен сайын, 
өзіңен не сезіп тұрғаныңды сұрайсың. 
Егер іштей, мәселен, «қуаныш сезіп тұрмын» деген 
жауап естісең, онда өзіңнен «бұл қандай қуаныш?» деп 
сұра. Ол қуаныштың пайда болу себебін, түп - тамырын 
анықтау үшін, іштей талдау жүргіз. 
Бұл жаттығу қиын жағдайлардың өзінде сезімдеріңді 
басқара алу қабілетіңді күшейтеді. 


iqup
87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет