О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет17/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

Өзін бағалай 
алмайтын адам
«Кекшілдік – өзгенің қателігін 
кешіре алмаудың ішкі көрінісі» 
IQUProject
К
імде-кім өзінің тұлғалық деңгейін көтеруді қаласа, 
онда төмендегі насихаттар мен нұсқауларды 
орындасын:
• Өзіңнің ізгілікке, жақсылыққа деген құлшынысыңды 
оятатын сөздерді жиі айт. Ойыңа келген пікірлерді 
қадағалап, сүзгіден өткізіп отыр; 
• Өзіңді өзгелермен салыстыруды тоқтат; 
• Жағымсыз, нашар адамдардан аулақ бол. 
Ондайлардан, әсіресе, осындай рухани сауығу 
кезеңінде сақтан. Достықтың түрін анықтап, 
достарыңды 
іріктеуге 
тырыс; 
• Өзіңнің жетістіктеріңді жазып жүретін күнделігің 
болсын. Мейлі, оған азғантай жетістіктерің болса 
да жазып жүр. Бұл адам жанына құлшыныс береді, 
демеу болады; 


iqup
73
• Ізгі, абзал саналған істермен айналыс. Жаңа 
қабілеттеріңді 
ашып, 
шеберлігіңді 
шыңда; 
• Бақыттың қайнар көздерін ізде. Сені бақытқа 
жеткізер тетіктерді таба біл; 
• Азғантай істерде де пікіріңді білдір. 
Егер өзіңді бағалағанда әділ болсаң, ынсапты тұлғаға 
айналасың. Өз кезегінде бойыңа кеңшілік қылуға
кешірімшіл болуға күш-қуат біткенін сезінесің.
Ал өзін асыра бағалайтын адамға келсек, өзінің 
астамшылдығын ынсапты деңгейге түсіруді қалаған 
адам мына насихаттар мен нұсқауларды орындасын: 
Өзгелердің пікірлерін сұрап, оларды кейбір 
шешімдерді қабылдауға қолданып, олардың сын-
пікірлерін, насихаттарын пайдалана білсін
• Өзгелерге өз қызметіңді ұсын; 
• Жақындарыңа өзгеруге талпынып жатқаныңды 
білдір. Қаласаң олардан осы іске көмектесулерін 
сұра. 
Ынсапты тұлға болуға талпыну - іс жүзінде дерттен 
сауығу кезеңіне қатты ұқсайды. Мұндай сауығу кезінде 
адам эго, яғни менмендік уынан, өзін асыра бағалаудан, 
бойға сіңіп қалған т.б. улардан арылуы керек. Өзіңді 
сауықтыру кезінде бойыңдағы рухани жағымсыз 
дерттердің небір белгілерін табуың мүмкін. Алайда 
қажымай, шынымен өзгерісті қалап талпынсаң, рухани 
кедергілердің бәрінен өтесің. 


Кешіру
74
Өмірде өзіңді асыра бағалағаныңды көрсетіп 
қалатын жағдаяттар көп. Сол сияқты өз бағаңды түсіріп 
жіберген жайттар да бар. Осы тұлғалық үш деңгейдің 
арасында қалып, өзіңе: «Осы тұлғалардың ішінде менің 
шынайы тұлғам қайсысы?» – деген сұрақпен абдырап 
қалуың мүмкін.
Өз бойыңнан сені билеп-төстеп, іс-әрекетіңе ықпал 
етіп тұрған тұлғаны ізде. Өзіңнен өзгенің насихатын 
қаншалықты дәрежеде қабылдай алатыныңды сұра. 
Өзгелердің қате-кемшіліктеріне сезіміңнің қалай 
құбылатынын сұра.
Осы тәсілдерді білу арқылы, осы нұсқауларды өзіңе 
өлшем ету арқылы, өміріңдегі өткен жайттарға талдау 
жасау арқылы өзіңнің шынайы тұлғаңды тани аласың. 
Тұлғамды жетілдіріп жатырмын ғой деген есеппен 
босаңсып кетпеуіңді сұраймын.


iqup
75
EXERCISE 
Түрлі жағдайларда бойыңнан көрінген төмендегі 
тұлғаларға талдау жаса:
Өзін асыра бағалайтын тұлға;
• Өзін бағаламайтын тұлға;
• Өзін дұрыс бағалайтын тұлға. 
Осыдан кейін бойыңда ынсапты тұлғаның сипаттары 
басым болуы керек деген шешім қабылда. Бұл жол 
сенен көп уақытты, қажырлы еңбекті талап ететінін 
білгін. Дегенмен, бұл сенің өмірлік жолыңа айналуға 
әбден лайық іс. 


Кешіру
76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет