Дәріс 5.6. Сана, рух және тіл
Негізгі мақсаты: Тек ғана адамзатқа тән сана мәселесінің адам үшін маңызы және оның ерекшелігі.
Негізгі түсініктер: сана генезисі, өзіндік сана, тіл, ойлау, архетип, бейсана, көпшілік сана, католицизм, протестанцизм, суфизм, номенализм, реализм, универсалий, аверроизм.
1.Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі.
2.Сананың гносеологиялық моделдері.
3.Фараби философиясындағы діни этикалық трактаттары.
4.Кордова халифаты тұсында өмір сүрген араб мұсылман ойшылдары Ибн Сина, Ибн Рушд. Схоластика және патристикалық бағыттар.
5.Августин Құдай болмысының үш дәлелі. Реалистер және номиналистер.
6.Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері.
7.Орта ғасыр Араб – мұсылман философиясы. Ортағасырлық мұсылман философиясы.
8.Әл Киндидің онтологиялық пайымдаулары. Әл Фараби философиясы.
9.Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез.
10.Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар.
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың “шыбын – жан” деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір
материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс.
Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды.
Сол органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Олай болса, тіршілік қайдан пайда болды деген сұрзу өзінен-өзі шешіледі.
Енді сол клетканың пайда болуымен жоғары дамыған организм – адам, оның санасы аралығында табиғатта жүз миллиондаған, бәлкім миллиардтаған жылдар жатқан болар. Ендігі мәселе – сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты сұраулар.
Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.
Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйіп айтады? Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізгеәсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім
жасайды. Әрейне адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше.
Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстын екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындығы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да – дәл осындай әсердің нәтижесі. Дүние танымда адамдардың іздерісмүмкіндіктерінорасан зор дамытқанғылымкиберннетика. Ол күрделі информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы шешімге келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым.
Сана белгілі бір дәрежеге – сана – сезімге айналады. Сана – сезім өзін - өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың еі жоғарғы сатысы.
Сана – сезім дегеніміз – адамның өзін - өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекентенетін субъект ретінде тұсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімдерге тығыз байланысты.
Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп алады. Сана өзінің шығу жағынан екігші. Бірақ сана енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенбілігі – бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дұниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын күінде бізге сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады, заттандырылыды.
Дін обективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиалишылдық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда, дүниеге кез келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушысы – ол өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш (құдірет).
Ежелгі шығыс философиясы антикалық және философия адамзаттың өркениетінің дамуына өзіндік үлес қосты. Арестотельден кейін көне грек филсофы б.э.д. 16 – ғасырдан бастап Рим философиясы өзіндік ізі бар, дәстүрі бар философиялық мектептер болды. Сондықтан грек Рим философиясы тұтас шектеулі жабық философия деп адады. Бірақ та қалыптасу, шарықтау кездері сонымен қатар тоқырау замандарын басынан өткізді. Рим философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс ол негізінен християндық философиялық дүниетанымнан пайда болды осы көз қарасты орта философиялық батыста I – XV ғасыр аралығын қамтиды.
Орта ғасыр философиясы басты ерекшелігі дін проблемасы мен байланыстылығында философияның дамуы батыс христиандық домалы шіркеу конондарын ескере отырып дамыды себебі сол дәуірде мәдениет пен білімнің дамуына дін ықпал етіп отырды.
Орта ғасырлар батыс философтар негізінен дін басылары қызметкерлер болып батыс философиясының басты проблемасы ерекшелігі болды. Мысалы: дүниені құдай жаратты ма? әлде өзіндік бағытта өмір сұре ме?
Философия мен дінің жақындасуын философияның сокролизациясы.
Орта ғасырлық философияның негізгі кезеңдері:
Патристика
Схоластика
1 – кезең “Патер” - әке, шіркеу әкесі деген. Философия тарихында бұл кезең 1 – 15ғасыр қамтиды. Оның негізін салушылар өз дәуірінің ойшылдары ұлы Василий, Августин, Ориген т.б.
Патристикалық негізі проблемалары:
Сенім және ақыл ойдың қатынасы.
Тарихты қозғалыс деп түсініп нақты анықтаушы мақсаты бар.
Құдайдың мәні және тринитарлық проблема.
Адам бостандығы адам жанының құтқару.
Дүниедегі зұлымдылықтын пайда болу проблемасы.
2 – кезең схоластика кезеңі 11- 15ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика термині - “Мектеп”.
Мектеп философиясы деген ұғымды білдіреді. Сол кезеңдерде Европада университетте философия пән ретінде оқытылды.
Схоластикалық философия өкілдері Фома Аквинский, Альберт фон Больштедт, Раймунд Луллий, т.б. Мәселен, Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүрді. Олар:
Заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бұкіл әлем жаратылды;
Заттардың өзінде көптің бірі ретінде;
Заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді
Ф. Аквинский (1225-1274) – орта ғасырдағы реалистік философияның ірі өкілі, қазіргі католизм дінінің рухани пірі, әулиесі. Ол Арестотельдің идеалистік философиясын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмады, деді.
Схоластикада көтерілген проблемаға қарап номинализм және реолизм бағыттары қалыптасты схоластикалық философиядағы теориялық проблема құдай болмысы. Осы проблеманы көтерген философ Кентерберский оның негізгі идеясы егер адамдар құдай туралы ой болса онда құдайдың бар болғаны ақиқат.
Кентерберскийдің саластика философиясына қосқан үлесі уневерсализм ақиқат данышпандық түсініктерін қалыптастыру осы кезден бастап нақты өмір сұретін құбылысты анықтау үшін реализм термені енгізілді.
Схоластика проблемасын негізін қалаған Росцелий номинализм терменін енгізді оның негізгі концепциясы мынада, универсализм жалпы түсінік бұл сөз, ал адам дауысы бұл номиналь осыдан номинализм деген сөз шыққан.
Орта ғасырлық бағытта жалпы идеалистік көз қарас оның басты мақсаты, діннің маңыздылғын адам үшін қажеттілігін дәлелдейді. Орта ғасырлық философия өз проблемаларын шешуде антологиялық, гноциологиялық, космологиялық әлеуметтік проблемаларды дінді қорғауға қолдауға бағыттайды.
Орта ғасырлық философияда қоғамдық саяси әлеуметтік проблемалар шешуге теологияға жүгінеді. Теология грек тілінен құдай туралы ілім деген сөз.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары
1.Сана проблемасы.
2.Бейнелеу формаларының эволюциясы.
3.Қоғамдық сана және оның формалары.
4.Ф. Аквинскидің философиялық көзқарастары.
5.Номинализм және реализм.
6.Орта ғасыр философиясының діни сипаты.
7.Әл-Фарабидің адамгершілік және саяси-құқықтық көзқарастары.
Достарыңызбен бөлісу: |