Дәріс 9.10. Таным және шығармашылық
Негізгі мақсаты: Ғылыми танымның мәні мен құрылымын, теориялық сипатын түсіндіру, практиканың маңыздылығын дәлелдеу. Неміс классикалық философиясының классикалық биік дәрежесін таразылап, Кант, Гегель, Фейербах сынды классик философтардың философиялық негізгі ой-пікірлерін жетік меңгеру.
Негізгі түсініктер: метод, фальсификация, индукция, дедукция, идеализация, гносеология, антиномия, априори, кеңістік пен уақыт, космология, философиялық жүйе, феноменология.
1.Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары.
2.Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.
3.Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
6.И.Канттың классикалық агностицизмі.
7.Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясындағы оның маңызы.
8.Шеллинг және Фихте философиясы.
9.Л.Фейрбахтың антропологиялық материализмі.
Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқашаайтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге болатындығын мойындайды.
Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.
Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным – білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым – қатынас процесі.
Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынайтарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс - әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.
Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс - әрекет жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен міндеттер қойып отырады.
Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады.
Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.
Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің “Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді. Дегенмен ол ақиқаттың дәйекті материалистік ұғымын бере алмады.
Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары түрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатөа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс.
Егер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның тұсінігі сол ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан объсолютті тұрде емес, тек шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен объсолютті ақиқаттың ара қатынасын көреміз.
Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат - әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.
Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен - өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.
Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады.
Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымен.
заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы.
Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі.
Ғылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды.
Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.
XVIII – ғасыр аяғымен XIX – ғасыр басында неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф. Энгельс
класикалық неміс философиясы деп атады. Германия Англия мен Францияға қарағанда мешеу ел болды. Осындай жағдайдағы Германияға француз буржуазиялық революциясы найзағайдың жалтындай әсер етті. Бірақ немістер Европаның басқа халықтарының іс – жүзінде жүзеге асырып жатқанын, тек ой жүзінде ғана іске асыруды армандады . Бұл дәуірдегі неміс философиясы осы тұрғыдан алғанда неміс тарихының ой жүзіндегі жалғасы болып есептелінеді. Сөйтіп, осы кезеңде өмір сүрген неміс халқының ұрпақтарының үлесіне тиген іс философиялық төңкерәс жасау еді. Сондықтанда ол кейін класикалық деген атқа ие болғанды. Сондай ерекше философиялық төңкерістің басында неміс халқының ұлы И. Кант (1724-1804ж). Кант деген ғұлама ғұлама тұрған. Кант жан – жақты ғұлама болған, ол уневерситетте философиядан, логикадан және жаратылыстану ғылымдардың көптеген салаларынан лекциялар оқыған. Кант өзінің философиялық жүйесін “Таза ақылдысын ал” (1781), “практикалық ақылдысын ал ”(1788ж) және “пікірлесу қабілетін сынау” (1790ж) деген еңбектерінде алға тартты. Сонымен байланысты ол өзінің философиялық жүйесін үш бөлімнен тұрады деп есептеген. Олар адам психикасының үш қабілетіне сәйкес келмек:
танымдылық.
талғампаздық. (қанағат сезім)
еріктілік (көңіл қалауы
Кант өз философиясында материализммен идеализмді табыстырып, бұл екі қарама – қарсы философиялық бағыттарды бір – бірімен келістіргісі келеді. Сөйтіп, ол өз ілімінде сенімге, дінге орын қалдыруды көздейді.
Класикалық неміс философиясының Канттан кейінгі көрнекті өкілі болып объективтік идеализмнің негізін салушы Георг Вильгем Фридрих Гегель (1770 – 18831 ж) есептелінеді. Гегель Штудгард қаласында туылып Тюбинген университетінде жоғары білім алады. Жалпы алғанда Гегель философиясы неміс идеализімінің шарықтауының соңғы сатысы деуге болады. Әрине, Гегельдің өзі айтқанындай бұнымен жалпы таным процесі аяқталады десек, ол ақылсыз күлкі болар еді. Қалай дегенде де Гегель бүкіл адамзат мойындаған 18 – 19ғ класикалық неміс философиясының ұлы өкілі болды, және алға қарай болып қана бермек. Гегель класикалық неміс философиясының дәстүрді бағыттарын ілгері дамыта отырып ұғымдар диалектісіне көбірек көңіл бөледі, оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді, өзіне дейінгі неміс философиясының және өз заманының жаратылыстану ғылымдарын жетістіктерін таразыға сала отырып Гегель өзінің диалектикалық тәсілін жан – жақты негіздейді. Философияның негізгі міселесін Гегель объективтік идиолизм тұрғысынан шешеді. Оны сендіруінше дүниенің түп негізі объективтік рух. Гегельдің
пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия. Ол философияны рухтың өзін - өзі тану процесс ретінде қарастырған. Бірақ Гегель асқан керегенділікпен философиялық ілімдердің үздіксіз даму үстінде болатындығын ешқандай фйлософиялық жүйенің іс – түссіз жоғалып кетпегендігін философиялық ақиқаттың тарихи даму барысында қалып басатынын пайымдай алды. Алайда философия тарихын Гегель объективтік идеолизмнің мүддесіне орай және оның негізгі қағыдаларының тұрғысынан сарапқа салды. Ол субъективті идеализмнің метафизикалық материализмді Юм және Канттың агностипцзйдің қатал санаға қалай дегенде Гегельдің ұлы философ екендігі ақиқат. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б)табиғат философиясы; в)рух философиясы (феноменология). Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны айтылады. Бұл пікірді Гегель “Логика ғылымы”деген еңбегінде жан – жақты баяндаған.
Класикалық неміс философиясының ұлы өкілдерінің бірі – Людвик Фейербах (1804 – 1872ж). Фейербах 1823ж Гегельдер университетіне түсіп оқуын Берлин университетінде түсіп оқуын Берлин университетінде жалғастырды осы кезде ол Гегельдің лекцияларын таңдаған 1830ж Лаққап атпен “Өлім және мәңгілік” туралы ойларын жариялаған, мұнда ол Гегельдік философияның тұрғысынан мәңгілікті жоққа шығару Фейербахтың ойынша адамның мәні оның денелік жандық біртұтастығында тек теорияда ғана рухпен денінің бөлек қарастыруға болады. Ал шын мәнінде олар ажырамас бірлікте болады әрі рух ойлау денеге тәуелді қасиеттер сөйтіп Фейербах философияның негізгі мәселесін материалисік тұрғыдан шешеді. Табиғат пен адам міне жаңа философияны зерттейтін пәні дейді Фейербах.
Людвиг Фейербах – класикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзінін ашықтан – ашық материалистпін деп жариялады. Оның басты еңбектері: “Христиандықтың мәні”, “Болашақ философиясының негізгі қағидалары”, т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты – бастаушы, сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәнгі және шексіз. Сана – срның тек көшірмесі, ал психолог – идеалист сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді, - деп түсіндірді Фейербах. Бірақ ол антропологиялық материализмдіқуаттады. Өйткені, ол барлық
материализмді тұрпайы материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ болды. “Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология”, - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, - деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны теріске шығарды. Л. Фейербах христиан дінін де орынды санады, бірақ діннен ол біржолата қол үзбеді. “Болашақ философияның негізгі қағидалары” деген еңбегінде Л Фейер бах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әцелдер махабатты деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.“Гноселогия” деген не?
2.Танымның негізгі түсініктері.
3.Ақиқат танымының мақсаты.
4.Неміс философиясындағы диалектика.
5.Метафизика және натурфилософия.
6.Кант философиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |