О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,76 Mb.
#668
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

МОПР һӘМ КүНШЫҒЫС ЕлДЕРІНІң 
ЕңБЕКШІлЕРІ
МОПР-дың не екенін газет оқушылар білетін шығар (Меж-
дународная  организация  помощи  борцам  революции)  де-
ген  орысша  сөздердің  бас  әріптерінен  құралған  сөз.  Мұны 
қазақшаға  аударсақ,  «реуолүтсиа  жолында  күресушілерге 
жәрдем беретін ұйым» деген болып шығады.
МОПР ұйымы – жаңа ұйым. Мұның ашылғанына әлі толық 
екі  жыл  болған  жоқ.  МОПР  1922-нші  жылы  Мәскеуде  дека-
бір  айында  ашылған.  МОПР-дың  мақсұты  өзінің  атынан-ақ 
көрініп  тұр:  реуолүтсиа  жолына  басын  байлап,  жиқангерлер, 
байлармен  алысып  жүргендерге  жәрдем  беру,  көмек  көрсету. 
Өзінің  аз  өмірінде  МОПР  едәуір  істер  істеді.  Сабет  (Совет 
–  бұдан  әрі  совет)  одағында  МОПР  ұйымдары  ашылған  жер 
аз. Шет ел мемлекеттердің де көбінде МОПР бөлімдері ашы-
лып  іске  кірісіп отыр.  Совет  одағынан  тысқары жиқангерлер 
отары болып отырған Күншығыс елдерінде МОПР бөлімдері 
әлі ашылған жоқ. Олардың арасында МОПР бөлімдерін ашу, 
жиқангерлер  түрмелерінде  азап  тартып  жатқан  азаматтарына 
көмектестіру – МОПР-дың қазіргі зор міндеттерінің бірі. Осы 
міндеттерді орындау үшін һәм жалпы жер жүзінде МОПР ашып 
ілгері бастурту үшін МОПР-дың кіндік комитеті алдымыздағы 
декабір  айында  «МОПР  үмесін»  (Үмесі  –  асар,  жиналыс) 
жасамақшы  болып  отыр.  Бұл  үмеге  біздің  қазақ  еңбекшілері 
де  қатынасуы  керек.  Міне  сол  үмені  өткізуші,  байандамалар 
жасап, түсініш беруші жролдастарға жоба ретінде, МОПР-дың 
кіндік комитеті нұсқауларынан алып төмендегі мағлұматтарды 
жазып отырмыз.

197
1. Біздің қазіргі дәуірімізде адамзат қоғамында тап атрты-
сы өте күшейген дәуір деуге болады. Жиқангерлер мемлекет-
терінде жұмысшылар байларға қарсы, байлардың қолындағы 
өкіметке қарсы ереуіл жасап, азаттық үшін күреседі. Күншығыс 
елдері  мұсылман  дініндегі  жұрттарда  да  езілген  еңбекшілер 
жиқангерлер ммемлекеттердің отаршылығында һәм өздерінің 
бай манабдарына қарсы көтеріліс жасап талпынуда. Бұл ере-
уіл,  көтерілістер  жиқан  байларының  зәресін  алып,  ұйқысын 
қашыртты.  Сондықтан  байлар  өкіметтерімен  қол  ұстасып, 
биліктерін  сақтау,  жұмысшыларды  һәм  күншығыс  елдерін 
құлдықтан  құтқармаудың  амалын  істеуде.  Жиқангерлер 
өкіметтері  Күншығыс  елдерінің  азаттыққа  талпынған  еркін-
дікті  көксеген  азаметтарын  атып,  асып,  қараңғы  түрмелерде 
шірітіп  отыр.  Осы  секілді  жауыздықтар  арқасында  дүние 
жиқангершілігі Күншығыс елдерін темір құрсауларынан боса-
тпай өкімдерін ұлғайтуға тырысып отыр.
2.  Дүние  жиқангершілігінің  мұндай  жауыздықтары  Күн- 
шығыс елдерінде азаттық үшін тууып отырған қозғалыстарды 
басалмайды:  қайта  отқа  шөпшек  салғандай  қаулатады,  қыз- 
дырады. Кейбір мұсылман елдерінде мұсылман: Қас, Марок-
ке, Тарабүліс, Иран, Арабыстан, һәм Һүндістандар да азаттығы 
үшін  басталған  қозғалыстар  соңғы  кезде  ашық  соғысқа  ай-
налып  отыр.  Һүндістанда  Ангілиа  түрмелеріне  һәм  өздерінің 
байларына,  ақсүйектеріне  қарсы  көтеріліс  жасаған  үшін 
күн  сайын  мыңдаған  адам  тұтқынға  алынады,  асылады.  Қас, 
Тарабүліс,  Иран,  Арабыстан,  Бағдарда  да  еңбекшілер  бас 
көтеріп,  дүние  жиқангершілігімен  алысуда.  Бұларға  қарсы 
дүние  жиқангершілігі  де  түрлі  «өнерді»  жұмсауда,  өйткені, 
жиқан  байларының  тірлігі  өздерінің  өкіметтерін  күшейту, 
Күншығыс  елдерін  отар  қылып,  қол  астына  ұстауға  байлау-
лы  ғой.  Көтеріліс  жасаушы  елдерде  ру  араздығын  егу,  бай-
ларын,  молдаларын,  ишандарын,  бекдері,  атқа  мінірлерін 
сыйымен алдап өзіне қарату, бұларға алданбаған саналы аза-
маттарын,  сәулелі  еңбекшілерін  ату,  асу,  тұтқынға  алу.  Міне, 
дүние  жиқангершілігінің  Күншығыс  елдеріне  істеп  отырған 
жауыздықтары.
3. Күншығыс елдерінінің қозғалысын басуға жиқангер бай- 
ларының істеп отырған жауыздықтары жоғарғы айтылғандар- 

198
мен ғана бітпейді. Бұл жөндеулер (байлар) зеңбірек, мылтық, 
қылыш, найза, әуе кемесі, сот, тыңшылар һәм басқа амалдардың 
бәрін  жұмсайды.  Бұлардың  көбінесе,  өшігетіні  Күншығыс 
елдерінің  көсемдері,  қайратты  ерлері  –  камунісдер  (бұдан 
әрі  коммунистер)  болады.  Соңғы  жылдарда  талай  коммунис-
тер, қайратты ерлер байлардың оғына ұшты. Мұсылман үшін 
түрік коммунисі мен мысыр коммунистерінің басшысы Хуси-
нелгер Абилердің өлтірілуін келтіруге болады. Қысқасы дүние 
жиқангерлерінен Күншығыс елдерінің көрген қорлық, тартқан 
азабын санап бітірместік көп.
4. Күншығыс елдерінің жұмысшылары мен еңбекшілерінің 
қалі өзгелердікінен екі есе ауыр. Өзге елдердің жұмысшылары 
мен  еңбекшілері  өз  байларының  ғана  қорлығын  көрсе, 
Күншығыс елдерінің еңбекшілері өз байларының, әрі шеттен 
келетін жиқангерлер қорлығын көреді. Оларды сұлтан, хан, бай, 
би, бек, ишан, шайық, молдалар бір жағынан жем қылса, шет-
тен келген саудагер алыпсатар, түрлі төрелер екінші жағынан 
жем қылады. Сөйтіп, Күншығыс елдерінің еңбекшілері «мұртқа 
өкпелеп  жүргенде  сақал  шығады».  «Жығылғанның  үстіне 
жұдырық» соғылады.
Түркиа,  Мысыр  һәм  Һүндістан  секілді  жерлердің  таптық 
сезімі  ойанған  байлары  шет  ел  мемлекеттерінің  байларымен 
бәсекелеседі,  тартысады,  алысады.  Жұртқа  ауыр  салық  салу, 
зауы-пабірикелерде жұмысшыларды қысып істету, еңбегін жеу 
секілді оқиғалар айтылған елдерде еңбекшілерге өте қиын ти-
еді. 
5. Күншығыс елдерінің бай табы мемлекет билігін қолына 
алғанмен бұқара жұртты, еңбекшілерді шын азаттыққа жеткіз-
бейді. Бұл пікірдің дұрыстығын билікті қолына алған Түркиа 
мен Мысыр байларының бастықтары Кемал паша мен Заһылұл 
пашалардың  өкіметтері  анық  көрсетіп  отыр.  Бұл  екі  паша 
өздерін сүйеген байлардың тілегін жасап, азаттық үшін баста-
лып отырған күресті ақырына шейін дұрыс бастап апаралмай-
ды. Бұ мемлекеттердің Еуропа (түпнұсқада – Иауропа) байла-
рынан алған борыштары бар. Ол борыштарды біздің советтер 
одағының үлгісімен пайдаланып төлемей құтылуда. Түрік пен 
Мысыр өкіметтері қайдан байысын? Мұны білмесе, иа білсе де 
орындамаса, Еуропа байларына борышты болып отырып, Ке-
мал мен Заһылұл секілді адамдар, ол байларға қарсы көтеріліп 
отырған жұрт қозғалысына қалайша басшылық етеді?

199
Ете  алмайды.  Сол  Еуропа  байларының  домбырасының 
күйіне қарай ән салады, би билейді.
6. Күншығыс елдерінің мұндай жерлерінде иағни, Түркиа, 
Мысыр секілді билік өз байларының қолдарына көшкен жер-
лерде,  жұмысшы  табы  мен  бұқара  еңбекшілер  өз  мұңдарын 
жоқтаудың  жолына  түсіп  отыр.  Жұмысшылар  күнделік 
жұмыстарының  8  сағаттық  болуын  һәм  жұмыс  ақыларының 
арттыруын  тілеп  отыр  да,  мұжықдар,  ауыл  халқы  салықтың 
азайттылуын,  жерге  салық  төленбеуін  тілеп  отыр.  Кемал, 
Заһылұлдер  мемлекет  басқарушылығына  ұмтылғанда  шет  ел 
әскерлерімен соғыс ашып, егескенде еңбекшілердің бұл тілек-
терін  орындамақшы  болған.  Сондықтан  еңбекшілер  олардың 
айтқанына  еріп,  айдағанына  көнген:  қандай  соғыстарға  кіріп 
оларға  байларға  талай  таршылықтарда  жүлде  әперген,  бірақ, 
байшыкеш батырлар жұмысшылар мен еңбекшілер арқасында 
жауларын  жеңіп,  өкімен  билеп  өз  қолдарына  алғаннан  кейін 
айтқан уәделерін жариалаған жарлықтарын ұмытып отыр. Бөл 
уәделерін  ескертушілерді,  тушылдарды,  мұң-мұқтажын  ізде-
нуші еңбекшілерді биі-бекдер қуғынға салып, тұтқынға түсіріп 
отыр.
7.  Жоғарыдағы  4-нші  бөлімде  біз  айтып  едік,  Күншығыс 
елдерінің  еңбекшілері,  әрі  шет  жұрттардың  байларынан, 
әрі  өз  байларынан  тайақ  жейді  деп  бұл  «екі  тайақ»  Күн- 
шығыс  еңбекшілеріне  көптен  соғылып  келеді.  Күншығыс 
еңбекшілеріқалінің  өзге  еңбекшілерден  өзгешілігі  осында, 
ұлт азаттығын алу үшін өз байларының етегінен ұстап дүние 
жиқангерлерімен  бір  алысса,  өз  байлары  өкіметті  алғаннан 
кейін байлардың озбырлығынан құтылу үшін екі алысуға тура 
келеді.  Рас,  Күншығыс  байларының  өкіметті  қолына  алысы-
мен  сұлтандықты,  қалпалықты  жойғандығы  һәм  шариғатты 
заңнан айырғандағы секілді істері бұрынғыға қарағанда едәуір 
ілгері  басқандық,  жаңалық  кіргізгендік:  бірақ  сөйтіп  отырып 
жұмысшалыр  мен  еңбекшілердің  ұйымдасуына  ерік  бермей-
тіндігі, коммунистерді қуғынға, салатындығы, түрмеде шірітіп, 
атып, асып, қысымшылық жасайтындығы – кертартпалық, ескіні 
көксегендік, қараңғы қара күндерге қайта қайырылғандық.
Жоғарыдағы  сөздерімізді  дәлелдеу  үшін  Күншығыс  елде- 
рінің өмірлерінен бірнеше мысалдар келтірейік:

200
Түркиа
1921-нші жылы Кемал пашаның бұйыруы бойынша, Түркиа 
коммунистер партиасының комитеттік мүшелері 15 адам Қара 
теңіздің  Трапезонд  жақ  жиегінде  суға  батырылды.  Солардың 
ішінде  Ашінде  түрік  коммунисінің  көсемі  Собхі  да  суға  ба-
тып өлді. 1922-нші жылы Анғара шаһарындағы коммунистер 
ұйымы қуылып, басшыларынан 50 адам түрмеге жабылды.
Бұлардың  түрмеде  көрген  азаптары  итке  бергісіз  болды. 
1923-нші жылы паірел ішінде коммунистердің Ыстамбұлдағы 
ұйымы құлап, 28 адам жабылды һәм бірінші май мейрамына 
арналып  дайарланған  газеттер-кітапшалар  алынып,  өртелді. 
1924-нші  жылы  ағус  айының  ішінде  Ыстамбұлда  болған 
шойын  жол  жұмысшыларының  ереуілі  тақырыпты  әлденеше 
коммунистер, жұмысшылар түрмеге жабылды.
Мысыр
1924-нші жылы март ішінде Шам шаһарының жұмысшылары 
зауыт-пабірикені өз қолдарына алмақшы болып, өкіметке қарсы 
ереуіл жасады. Бұл елдерде өкімет қылыш, найзамене басып, 
қаншама жұмысшыны һәм коммунистерді тұтқынға алды. Ко-
митет коммунистерін қууып, таратты. Өткен сентиабір айында 
түрмеге түскендерге сот болды.
Соттарда коммунистердің 4-еуі 3 жылдық катыргіге айдала-
тын болды да, 5-еуі тағы да 6-уы түрмеде отырылатын болып 
кесім шығарылды һәм басқа жұмысшыларға да осындай аыр 
жазалар  бұйырылды.  Сот  уақытында  жыйылған  жұрттардың 
ішінен  біреу  «жойылсын  әділетсіз  сот,  жасасын  коммунис-
тер!...»  деп  айғай  салды.  Бұл  адамды  сол  жерде-ақ  «жұртты 
азғырушы» деп ұстап, түрмеге жабысты. Міне, соттың әділсіз 
болғаны  осыдан  көрініп  тұр!  Осы  күнде  Мысыр  түрмесінде 
өкіметке қарсы көтеріліс жасаушы 200-ден аса адам отыр.
һүндістан
Бұл  Ангілиа  отары.  Халқы  мұсылман.  Мұнда  да  мезгіл-
мезгіл өкіметке қарсы һәм әсіресе ағылшын төрелеріне қарсы 
еңбекшілер көтерілісі болып тұрады. 1919-ншы жылы Оңтүстік 

201
Һүндістан халқы өз байларына һәм ағылшын төрелеріне қарсы 
зор көтеріліс жасады. Бұл көтеріліс 3 айдан артық созылды. Бұл 
жанжалды  жергілікті  күшпен  басылмаған  соң,  ағылшындар 
әдейі  әскер  жіберіп,  әуе  кемесі,  зеңбірек,  мылтық,  қылыш, 
найзаның  күшімен  басты.  Осы  соғыста  жанжалды  бастаушы 
Мопыл оруы һәм басқа жұрттардан 100 мыңдай адам қырғын 
болды.  Солтүстік  Һүндістанда  да  тыныштық  жоқ.  Мұнда  да 
мезгіл-мезгіл  болып  тұратын  көтерілістердің  түрін  құрыту 
үшін ағылшындар жүздеген адамды түрмеде шірітіп отыр. 
Палестине
Бұл  да  Ангілиа  отары.  Мұнда  1924-нші  жылы  жаздыгүні 
ағылшын  шенеуніктері  Хайфы  қаласындағы  жұмысшылар 
қылыубын  (бұдан  әрі  клуб)  жауып  тастады  Бұл  клуб 
жұмысшылар мен еңбекшілердің көзін ашатын, сайаси һәм әдеби 
білім  тарататын  көптік  ордасы  еді.  Клуб  жұмысын  басқарып 
жүргендердің  7-еуі  коммунист  һәм  бірнеше  жұмысшылар 
түрмеге  жабылды.  Ағылшындардың  бұл  озбырлығы  Палес-
тине жұмысшыларының арасында үлкен наразылық тудырып 
жұмысшылардың ереуіл жасауына себепші болыд. Бұл ереуіл 
де қара күшпен таратылып, бастаушылары тұтқынға алынды. 
Тарабүліс
Бұл  Италиа  отары.  Италиада  осы  күнде  фашисттер  қожа. 
Фашисттер  дегеніміз  байшыкештер  партиасы.  Бұлар:  «тап 
тартысы болмасын, өкімет жұрттың бәрінің пайдасын бірдей 
көздесін» деп еңбекшілердің көзін байлап алдап, әсінде әуелгі 
байлардың  пайдасын  көздейтіндер.  Осы  фашисттер  Италиа 
отарларындағы  ұсақ  ұлттарды  қан  қақсатып  отыр.  Сондай 
қаралық  көретіндердің  бірі  –  Тарабүліс  облысында  тұратын 
мұсылман жұрттары.Бұлар ұлт азаттығын алу үшін бірсыпы-
ра жылдан бері Италиа өкіметімен алысып келеді. Соңғы ыл-
дары  Шайхы  Сенусі  деген  басшысына  еріп,  бұлар  әлденеше 
көтерілістер жасады. Әрбір көтерілісте жүздеген адам құрбан 
болып,  әлденеше  адамнан  тұтқынға  алынып  отырды.  Италиа 
түрмелері осы күнде Шайхы Сенусі серіктерінен бос емес.

202
Фес, Мерекке
Фес, Мерекке Африканың үлкен қалалары. Африка жерінің 
көбі  Франсуздардың  отары.  Африканың  тұрғын  жұртының 
көбі  –  мұсылмандар.  Бұлар  да  көптен  бері  Франсуздардың 
құлдығынан құтылуға, азаттық алуға талпынып келеді. Соңғы 
жылдары Фес пен Мерекке қалаларындағы жұмысшылар мен 
еңбекшілердің көсемдерінің көбін Франсуздар түрмеге жауып 
отыр.  Бұл  жерлерде  Франсуздар  отыршылығының  күштілігі 
сондай,  әскерінің  қызметіндегі  мұсылман  жігеттеріне  Құран 
һәм басқа да дін кітаптарын оқуға тыйым салынып отыр. 
Судан
Бұ  да  Ангілиа  отары.  Мұнда  да  тұрғын  халқының  көбі 
мұсылмандар.  Бұлар  да  азаттық  іздеп,  теңдікке  талпына-
ды. Өткен ағус айында ұлт азаттығын тілеп Судан халқы бас 
көтерді.  Бірақ,  әзірше  «күштінің  күні  тірмен  тартады»  ғой, 
ағылшындар қан жоса қылып, Судан жұртының бұл көтерілісін 
тағы да сөндірді.
иран
Иран Күншығыс елдерінің іргелісінің бірі. Жиқангер мемле-
кеттер мұны да отары қылуға көп заманнан бері көздерін тігіп, 
арандарын ашулы. Бірақ, Иран кешқайсысына толық бағынбай, 
әр қайсысына шет бұшпақтап жем болып, қалт-құлт етіп келе 
жатыр.  1919-ншы  жылдан  бері  Иранда  Ангілианың  тізеле-
уі  бұрынғысынан  да  күшейіп  кетті.  Содан  бері  ағылшындар: 
«қолтығыма  алайын»  деп,  алдап,  жергілікті  бек,  байларды 
өздеріне  қаратып,  Иранды  отарына  айналдыруға  жуықтаулы. 
Бірақ  Ангілианың  мұнысына  қарсы  Иранның  бұқара  халқы, 
еңбекшілері  сан  рет  наразалық  көрсетіп,  ереуілдер  жасаулы. 
Бұл  ереуілдерге  көбінесе,  басшылық  етіп  жүрген  Күшекхан 
дейтін  Иран  бұқарасының  басшысы  бар  еді.  Осы  1924-нші 
жылы Ангілиа Күшекханды һәм бір сыпыра серіктерін өлтіріп 
отыр.  Ағылшындардың  бұл  қылығы  Иран  еңбекшілерінің 

203
наразылығын бұрынғысынан күшейтті. Иранның Ирак жақ да-
ласында жұрттың ағылшындарға қарсы көтерілісі күн-күн сай-
ын ұлғайып келеді. Ағылшын әскері көтерілген жұрттарды әуе 
кемелерімен аңшыдай аулап атуды.
Қытай
Қытайда  қазір  азамат  соғысы  болып  отыр.  Қытай  екі  жа-
рылып, бір-біріне қанын төгулі. Соғысқан елдің бір жағынан 
Оңтүстік Қытайда халық партиасының бастығы Сүниатсен бас-
тап отыр да екінші жағын солтүстікті жиқангерлер қолжаулығы 
Упейфу секілді генералдар бастап отыр. Қытайда мұндай аза-
мат соғысы болып қан төгіс болуына көбінесе себепші болып 
отырған жер жүзінің жиқангерлер мемлекеттері. Ангілиа, Аме-
рике,  Жапониа,  Франтсиалар.  Бұлардың  мақсұттары  Қытай 
жұртын бір-бірімен атыстырып, берекесін кетіру, күшін азайту 
һәм өздерінің отарына айналдыру. «Екі қарға таласса, құзғынға 
жес түспей ме» отаршылдардың Қытайға істеп отырған амалы 
осы.
Арабыстан
Мұсылман жұрты өзге Күншығыс елдерінен гөрі Арабыс-
танды жақсы біледі. Түркие, Арабыстан – мұсылман елдерінің 
бесігі секілді жерлер. Арабыстанда мұсылмандардың «қасиетті 
қалалары»  Мекке  менен  Мәдина  һәм  беттерін  бұрып,  тәжім 
ететін қағбасы бар. Міне осы Арабыстанда өзіне бағындыруға, 
отарына айналдыруға соңғы жалдарда Ангілиа қатты кірісулі. 
Жұрттарды санап, бас бағын іздеуші арабтың байларын, ишан-
дарын пара беріп, өздеріне қаратып алып, бұқара халықты бір-
біріне атыстырып, ағылшындар Арабыстан жұртының берекес-
ін кетіріп, қанын сорып отыр. Ағылшындардың отаршылығын 
сезіп, Аабыстан бұқарасы бас көтеріп, жанжал шығарып отыр. 
Арабыстанның Ирак жақ кең даласындағы жұрттың көтерілісін 
басу  үшін  ағылшындар  әуе  кемелері,  оқ  шебкілері  (пулемет) 
мен әскерлер жіберіп отыр. Сөйтіп, Арабыстан жұрттарының 
да қаны төгілулі. 

204
Міне  Күншығыс  елдерінің  һәм  осы  күншығыс  елдерінің 
қайсысын алсақ та, жиқангерлер мемлекеттін тайақ жеп, қорлық 
көріп  отыр.  Қайсысына  болсын,  жиқангерлер  тұзақ  құрып, 
сайқалдығын жүргізіп отыр. Бірін алдап, бірін арбап, біріне күш 
көрсетіп, әйтеуір жиқангерлер Күншығыс елдерін шығындауда.
Күншығыс  елдерінінің  қай-қайсысында  болсын,  еңбек- 
шілердің,  бұқара  жұрттың  қалі  нашар.  Еңбекшілерді  жиқан- 
герлер  бір  жағынан  жем  қылса,  бас  көтергендерін  қан  жоса 
қылып  атса,  асса,  түрмеде  шірітсе,  жергілікті  байлар  екінші 
жағынан жем қылады. Сөйтіп, Күншығыс елдері еңбекшілерінің 
«былай  тартса  арба  сынып,  былай  тартса  өгіз  өледі»  екі 
жақ  бүйірінен  бірден  қысылады,  болмаса  бірінен  құтылса, 
екіншісінің  тұзағына  түседі.  Қысқасы,  Күншығыс  елдерінің 
еңбекшілері  қорлық,  зорлық  көріп,  сергелдеңге  түсіп  отыр. 
Көбі болашағын болжап жүретін жолын белгілей алмай, алды 
– жар, арты – соқпақ болып, қайда барарын білмей, дағдарып 
отыр.
Жә,  бұл  бұлай  болғанда,  енді  не  қылу  керек?  Қайткенде 
Күншығыс елдерінің еңбекшілері құлдықтан құтылып, азаттық 
алалады, теңдікке қолы жетеді? Қаткенде, қатарға кіріп ел бо-
лады? Міне, Күншығыс еңбекшілерінің қазіргі көксейтіні осы-
лар ғой.
Бұған жауапты Күншығыс еңбекшілері жұмысшы табынан 
алуы  керек,  өйткені  жұмысшы  табы  түу  басында  Күншығыс 
еңбекшілері секілді қорлық көріп, азап шеккендерден құралған 
және  көп  заманнан  бері  байлар,  жиқангерлермен  алысып, 
шыныққан,  тәжірибесі  өскен  жиқангерлер  құлдығы  мен 
байлардың қорлығынан құтылу үшін жұмысшы табының тапқан 
амалы, дағдылы жолы бар. Ол жолдың бірінші шарты: жер жүзі 
еңбекшілерінің  күшін  қосып,  бірігуіне  тіреледі.  Сондықтан 
жұмысшы табының көсемі Маркс: «жер жүзінің еңбекшілері 
берік!» деп ұран шығарған. Бұл бүкіл жер жүзіндегі жұмысшы 
табы  һәм  ұлттардың  көсемі  коммунистер  натсионалының 
(«националь»  деген  сөздің  қазақша  қалпы,  Байтұрсынұлы 
әліпбиінде  «ц»  –  «тс»  болып  беріледі.  Құрастырушы)  ұраны 
болып  отыр.  Күншығыс  еңбекшілері  осы  ұранға  еріп  ком-
мунистер  интернатсионалының  туы  астына  жыйналса  ғана 

205
–  жиқангерлер  озбырлығынан  һәм  байлардың  қорлығанын 
құтылуға  бет  алады.  Сондықтан  Күншығыс  еңбекшілері 
өзінің  бытыранды  күшін  жыйнап,  ұйымдасып,  жұмысшы  та-
бымен  қол  ұстасуы  керек.  Жұмысшы  мен  еңбекшілер  бірлігі 
– жиқангерлер мен байлардың өлім! Мұны әрбір еңбекші есі-
нентастамасын.
Коммунистер  интернатсионалы  жер  жүзінің  жұмысшы 
табы  мен  күншығыстың  езілген  елдерін  жиқангерлер  мен 
байлардың  құлдығынан  азат  қылу  жолында  көп  істер  істеп 
келеді.  Күнбатыс  жұмысшылары  коммунистерінің  нұсқауы 
бойынша  жиқангерлер,  байлармен  алысып,  арпалысып  отыр. 
К..............(оқылмады) негізгі бөлімі Ресей коммунистер парти-
асы арқасында бұрын Ресей байларынан қорлық көрген ұсақ 
ұлттар осы күндері өз алдына ерік алып, мәдениітін көркейтуге, 
ел болуға кірісіп отыр. Бұрын орыс байларының отары болған 
бұратана аталған қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қалмақ, шеркеш 
секілді ұсақ жұрттардың бәрі тегіс автономиа алып, азат болып 
отырғанын көріп отырмыз.
Мұндай болашақтан көп үміт күтерлік қуанышты қал Со-
вет одағынан тысқары шетте жатқан Күншығыс елдерінде жоқ. 
Олардың  қалі  айаншы  да  ауыр  екендігін  жоғарыда  сөйледік. 
Олардың  жалпы  бұқарасы  мен  еңбекшілерін  жиқангерлер 
мен  байлар  сорып  жатыр.  Жиқангерлер  мен  байлардың 
озбырлығына  шыдамай  бас  көтергендерін  түрмеде  шірітіп, 
атып, асып жатыр. Жүздеген, мыңдаған еңбекшілердің байлар, 
жиқангерлер түрмеде азап шегіп жатқанын жоғарыда айттық. 
Міне,  осы  ел  азаттығы,  еңбекшілер  теңдігі  үшін  тұтқынға 
түсып  жатқандарды  олардың  туысқан,  туғандарын  һәм  олар-
дан басқа да төңкеріс жолында қуғын-сүргін көріп жүргендерді 
ескеру, көмек көрсету әрбір басы аман еңбекшілердің міндеті. 
Осы міндетті атқару үшін ашылған жоғарыда айтылған МОПР 
деген  ұйым.  Бұл  ұйым  к................(оқылмады)  қосығайыстық 
қылатын  көмекші  болатын  ұйым.  Бұл  ұйым  жер  жүзінің 
жұмысшылары мен езілген еңбекшілерінің бірлігін күшейтіп, 
төңкеріс жолындағы күрестерінде жәрдемші болатын, қолынан 
келгенше  төңкерісшілдерді  ашықтырмау,  тарықтырмауға  се-
бепші болатын ұйым.

206
Бұл ұйымның ең күшті бөлімі осы біздің Советтер одағында. 
Мұндағы жұрт жиқангерлер мен байлардың озбырлығынан азат 
болғандықтан  МОПР  ұйымына  еркін  кіріп,  шет  мемлекеттер 
түрмелерінлегі азап тартып жатқандарға жәрдем қолын созып 
отыр. Қазір Совет одағындағы МОПР ұйымдарында мілійон-
нан  артық  мүше  бар.  Бұл  әрине,  көп  емес.  Жер  жүзіндегі 
жиқангерлер, байлар өкіметтері қашан қууылып, олардың ор-
нына жұмысшылар мен еңбекшілер өкіметтері орнағанға шейін 
талай  еңбекшілер  байлардың  түрмесіне  түспек,  қуғын-сүргін 
көрмек. Сондықтан МОПР ұйымына барлық еңбекшілер кіріп, 
төңкеріс қорын молайтулары керек.
Қазіргі жасалып отырған МОПР үмесі осы мақсұтпен жа-
салып отыр. Бұл үмеде әрбір еңбекшіл МОПР ұйымына мүше 
болып жазылуды һәм қолынан келгенше жәрдем беруді өзінің 
қашса құтылмайтын борышы деп білуі керек. 
Қазақ еңбекшілігі, қарап қалмай МОПР-ға кір, жәрдеміңді 
бер. Кемеге енгеннің жаны бір. Біздің де тіршілігіміз, ел болуы-
мыз жер жүзі еңбекшілерінің азаттығымен байланысқан. Мұны 
жатсаң, тұрсың есіңнен шығарма!
МОПР комитетінің құралдарынан тізуші А.Б.
1924 ж.

МАҚАлАлАРЫ

208
1. ҚАзАҚТЫң ӨКПЕСІ
Қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана қайғы 
кіре бастады. Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін, кімнен 
басталғанын біле алмай, әркімнен көріп өкпеледі. Пайдаланып 
отырған  жерін  мұжыққа  алып  берді  деп  күкіметке  өкпеледі. 
Қазақ  жерін  қазыналық  етуге  неге  көнген  деп  өткендерге 
өкпеледі.
Төменде  қазақ  өкпелеуінің  жөні  бар  ма,  жоқ  па  –  соны 
жазбақпын. Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер 
заманның атасы. Атадан қалған мирасымыздың жайы мағлұм, 
балаға  бұл  қалыпта  тұрып  не  мирас  қалдырмақпыз,  оны 
болжауға да артық әулиелік қажет емес. Көп жұртта да ғылым, 
өнер кем, бәрі қарайлас, тең заманда қазақ та қалт-құлт етіп, өз 
алдына қан болып жүрді. Қандары да, қалқы да ғылым, өнерді 
керек қылмаған. Бірімен-бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс 
ойланбаған.  Өзге  жұрттар  ілгері  басқанда,  қазақ  кері  басқан. 
Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекеттің жанында өз 
алдына хан болып тұруға көп күш керек екен; ол күш алтыбақан 
ала ауыз қазақта болмаған. Хан басын қарашыға теңгеру жеңіл 
болмаса  да,  өз  алдына  жұрт  болып  тұра  алмайтұғын  болған 
соң, хандарымыз қалқымен Ресейге қосылған.
Қазақ  жерінің  қазыналық  болғанына  өкіну  –  білмегендік. 
Әуелі, қазыналық етемін дегенде көнбеске шара жоқ. Екінші, 
жер өзінде болса, қазаққа пайдалы емес, бәле болар еді. Жер 
өзінде болған естек жұртын көрмей жүрміз бе? Жері көп, малы 
көп естек көрінбейді ғой. Шаруа жерімен бай, жерден айрылған 
соң жұмыс біткені. Естекті жерінен жұрдай ғып, түбіне жет-
кен  –  надандық  пенен  жалқаулық.  Шай,  шекер,  шүберектей 
болмашы нәрсеге сатып, естектер жерін тауысты. Жерден ай-
рылып, шаһар-шаһарға тозып тентіреп кетті, кетпегені кедей-
ліктен жүре алмайды. Тұрған шаһарының көшесін сыпыратын, 
қорасын  тазалайтын,  отынын  жаратын,  боқтығын  таситын, 
оғайри  қара  жұмысын  қылатынның  бәрі  болмас,  көбі  естек 
(башқұрт).

209
Қазақтың естектен надандығы да, жалқаулығы да кем емес. 
Жер өзінікі болса, қазақ естектің істегенін істемейдді деп кім 
айтар? Айтатын адам болса, тыңдауға бармын, істемейді деп 
айтуға жоқпын.
Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны – жер қазы- 
налық  болғандықтан.  Бүгін  тойғанына  мәз  болып,  ертеңгісін 
ұмытқан қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тентіреп кетер 
еді. Жер жалдаған қазақ аз ба? Жерді жалдаудан тартынбағандар 
сатудан да тартынбайды. Жер қазыналық болған соң сата ал-
мады,  жалдаудан  тартынып  қалған  қазақ  аз  шығар.  Қазақ 
облыстарындағы мұжық қалаларының көбіне какім қондырған 
жоқ,  қазақ  өзі  қондырған.  Естектер  сықылды  шай,  қант, 
шүберекке қызығып жер жалдап, мұжықты ішіңе кіргізген өзің 
емес  пе?  Өзің  қондырсаң,  дұрыс  та,  какім  қондырса,  бұрыс 
па?  Өткендердің  көзіне  қылау  түскеніне  өкінбей,  өз  көзіңе 
түскен қылауды аршып қара. Асқа өкпелеген балалардай құр 
бұртиғаннан  еш  нәрсе  өнбейді.  Іс  оңға  басарлық  қылығың 
жоқ.  Ғамалыңды  түзет,  түземесең,  ешкімге  кінә  қойма!  Беті 
жаманның  айнаға  өкпелеуі  жөн  бе?  Талап  жоқ,  үміт  мол 
бір  халықпыз.  Үмітіміздің  көбі  қошқар...  қасқырдың  үміті 
сықылды:  өзім  жатсам  екен,  керегім  өзі  кеп  тиер  болса  екен 
дейміз. Оны Алла да, адам да қабыл көрер ме? Еңбексіз егін 
шықпайды,  терлесең,  терің  тегін  қалмайды.  Телміріп  алған 
теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды. «Қараған қарап қалар» 
деген қазақта жақсы мақал бар, бірақ ол мақалды ескеретұғын 
қазақ жоқ. Қарап жатқанда табылатын болса, ғылым, өнер бар-
шасы қазақта болар еді. Олардың бірі де көрінбейді.
Ата жолдасы – надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айрыла-
тын емес. Надандықтаң кесапаты әр жерде-ақ маңдайымызға 
тисе де, ата жолдасымыз болған соң, бізде қиып айрылмай-ақ 
келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз – бәрі надандық 
кесапаты.  Сонда  да  соны  ғылым,  өнерден  артық  көреміз. 
«Аллаңнан  ойбайым  тыныш»  дейтін  қазақ  ғылымыңнан 
надандығын тыныш көрді. Не шара бар? Дүниада ерге теңдік, 
кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым менен өнерді, ел-
сізді елдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым менен 
өнерді  керек  қылатын  қазақ  аз.  Теңдікке  қолы  қалай  жетсін? 
Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге 
өкпелер бет жоқ.
1911 ж.

210

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет