ҚАлАМ ҚАЙРАТКЕРлЕРІ жАЙЫНАН
Орынборға шақырған қазақ қайраткерлерінің сиезі адам
аз келгендіктен сиез есебінде болмай, кішкентай ғана кеңес
түрінде болып өткені озған нөмірлерінде жазылды. Орынбор-
да отырғандар, о жақ, бұ жақтан кез келгендер болмаса, сиезге
атын атап шақырған адамдар келмеді.
Келмеу себептерін түрлі жоруға болады.
Келмеулеріне бір жағынан жол қаражатына қаржы жоқтығы
себеп болған шығар; екінші жағынан Жүсіпбек жолдас сиақты
керексіз сиез деушілік те себеп болған шығар; үшінші жағынан,
қазақ қайраткерлерінің Орынбор қаласынан қараңғы үйден жа-
ман қашатындығы да себеп болған шығар; төртінші жағынан,
өзгеріс уақытында қайрат жолы өзгеріп, қарқын беті қайтқаны
себеп болған шығар. Бұл көп «шығардың» ішінде көбінен се-
беп болатыны екі «шығар».
Сиезге келуге ынталы адамдар болса қаржы да табыла-
ды, керексіз сиез деп айтпайды. Мұның бұлай болуы келуге
ынталы адамдар болмағандықтан, Орынборды көруге таби-
ғаты шаппағандықтан болып отырған қал. Бұрын Орынбор
қазақтың пікір құбылысындай болған заманда, сиез түгілі
жайда Орынборға келіп, бас қосып, қазақтың қамын ойла-
сып, қайғысына дауа қарастырып қайтатын ел азаматтары енді
еріншектік етіп келмей отыр деуге болмайды. Мұның мәнісін
әрірек, тереңіректен іздеу керек.
Қазақ қалам қайраткерлері қайдан туған, қашан шыққан деп
сұрау қойылса, жауап қиын емес.
1). Қазақ қалам қайраткерлері орыстың қорлық көрген, тайақ
жеген, орыстың табанында езілген жұрттан туған.
2). Қазақ қалам қайраткерлері қазақ басына қиын-қыстау
зар заман түсіп, үстін торлап, қайғы бұлты қаптаған шақта
шыққан.
Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын
көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының
ауырын жеңілту, ауырын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін
емес; кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды
мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам
қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, йағни, халқына жаны аши-
183
тын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауыр-
мал болмасқа тағы мүмкін емес. Олай болмаған болмаса, онда
табиғат заңының тысқары, адамнан шошқа, шошқадан күшік
туған сықылды болып шығады.
Қазақ баласы ұлтым, жұртым, бауырым деп үйреніп қалған
қазақтың бауырмал қалам қайраткерлері өктәбір өзгерісі
болғанда бірден иінтернатсійанал (бейбауырмал) болып өзгере
алмады, өзгелердей «алымсақтан бері» кәммүнійст, иінтерна-
тсійаналист едім деп айтуға аузы бармады. Сондықтан бей-
бауырмалдық жолға қызмет қылып, басшылық қыла алмады.
Бауырмалдық жолында қаламмен қайрат етуін бейбауырмалдық
жолындағы үкімет қош көрмейтін болды. Сөйтіп, қазақ қалам
қайраткердерінің халінде дағдарыс болып, өзгерістен бұрынғы
қарқындары қайтып, тартыңқырап қалды. Сол қайтқан
қарқын әлі күнге қайта келіп жеткен жоқ. Бұрынғы қалам
қайраткерлерінің бәрі де өзгерістен кейін қалам қайратына әлі
белсеніп онша кіріскен жоқ.
Бұл айтылған себептің үстіне жамалған екінші себеп бол-
ды. Ол Қазақстанға ұлық болған адамдардың лағу-төңкеріс
болса істің бәрін өзінен өзі істеліп, өзінен өзі өзгеріп кететін-
дей көруі. Қалыпты өзгертетін адамның ісі, йағни, жұмсайтын
күші, қайраты, ісі, білімі екендігін ойламады. Төңкеріс болды,
патша үкіметінің орнына саует үкіметі орнықты: қазақты биле-
ген, патшаның оң қолы болып кәммүнійстер қазақты билейтін
болды. Елдің төбесі өзгерді, төресі өзгерді. Онан былайғысын
өзгертуге көп күш, көп іс, түрлі еңбек, қайрат керек, йағни, іс-
тей білетін түрлі адамдар керек.
Қазақтың оқығаны аз, оның ішінде халық ісіне қатысып,
жұрт үшін жұмыс қылғандар өте аз. Бірақ, аз да болса, қазақта
қызмет қылып ысылған, төселген адамдар, қазақтың ісіне
қатыспақ түгіл қарасын көрмеген, атын есітпеген жат жұрттың
адамдарынан гөрі, қазаққа көбірек пайда келтіретіні шексіз.
Ескі үкімет тұсында, қазақтың басына қаптаған қара бұлттай
қалың пәле торлаған заманда, жұрт үшін, ұлт үшін қызмет
қылған, қиналған адамдарға «жұртшыл», «ұлтшыл» деген
таңба басылып, олар қораға жолатпайтын қотыр мал сықылды
шетке шығарылып, әлеумет жұмысынан аулақ ұсталды. Қазаққа
жаны ашып, қазақ сөзін сөйлеген адам болса, оны ұлтшыл деп
әдепсіздік еткен сиырдай қылатын болды.
184
Төбелеске шығатын адам сиақты, төсін ұрып, тұлданып
«Жасасын бейбауырмалдық!» деген қазақ болса, қошемет ай-
тып, қол шапалақтап, төбесіне көтеретін болды. Қазақтың
көрген қорлығын, зорлығын айтатын адам болса, ауызға қағып
сөйлетпейтін болды. Қазақ өзгеріс үшін құрбан болса, несі
құрайды деуші болса, арқаға қағып, дұрыс пікір осы дейді.
Солай болып тұрғанда қазақтың жұртшыл, ұлтшыл, бауырмал
қалам қайраткерлері қалайша белсеніп, қалам қайратына кіріс-
пек? Қалайша қаламды қолға алуға көңілі шауып, ықыласы
түспек?
Қалам қайраткері – жолын тастап, көрінген жолаушыға ере
беретін бұралқы ит емес. Бауырмал болып қалған қазақ қалам
қайраткерлері, йа бойаумен түсін өзгертіп, йа түленмен түгін
өзгертіп бейбауырмал болмаса, нақ ішін өзгертіп бейбауырмал
бола алмайды. Жалғыз қалам қайраткерлері емес қазаққа жаны
ашитын, басқа азаматтар да қазақтың басқалардан көрген кем-
шілігін айтпай тұра алмайды. Оны айтып отырса, бауырмал де-
ген сөзден құтыла алмайды. Солай болған соң, иа бауырмал де-
ген сөзден қашып, бейбауырмал үкіметтің ыңғайымен болып,
қазақты басқалар пісіріп жесін, шикі жесін үндемей қарап оты-
ру керек: не бауырмал деген сөзді басқалар ауыр мағынада ай-
тса да, қазақ азаматтары ауырламай, қазақтың сөзін қаймықпай
сөйлеуі керек. Енді осыған жеттік.
Қазақ деп ауызға алмай, не болса о болсын, қараға қостық,
не көрсе көппен бірге көрер деп отыруға болар еді, егерде
қазақ мәдениеті қасындағы халықтармен бірдей болса. Қазақ
қасындағы халықтар: орыс, неміс, ноғай, жәуіт, ғайрилар.
Бұлардың бәрінің де мәдениеті қазақ мәдениетінен жоғары.
Мәдениеті жоғары халық – мәдениеті төмен халықты аз-көбіне
қарамай жем қылатыны айдай анық, күндей жарық ақиқат.
200 мілійөн (бұдан әрі – миллион) үнді халқын 50 миллион
ағылшын жем қылып отырғаны, 500 миллион Қытайды өзінен
он есе аз жұрттар әжуалап отырғаны – адам баласының теңдігі
– кемдігі мәдениетіне қарай екендігін сыпаттайды.
Қазақ мәдениеті жәуіт, неміс, орыс, қатта ноғай мәдениетіндей
болса да, «қазақ» «қазақ» деп айыра сөйлеп, ауыз ауыртып, әуре
болмай-ақ, көппен бірдей көрер деп қойар едік. Қазақ айрықша
сөз болатын қалі айырықша болғандықтан.
185
Қазақ мәдениеті қасындағы жұрттардан кем екенін біле
тұра, мәдениеті зор халыққа жем екенін біле тұра, қазақты
жемтік есебінде жей бер деп қазақ азаматтары тастай ала ма?
Оны қазақ азаматтары істей алмайды. Олай болса, бауырмал
десін, қазақшыл десін, ұлтшыл десін, оған құлақ ауыртып
ауырламасқа керек.
Қазақ қасындағы жұрттардың қатарына жетіп теңелуіне
керек ісімізді қолға алып, қанаттамасақ, қазақ күнін қараң
қылатын бейбауырмалдық адам арасына жік салады, бауыр ке-
рек емес, «жасасын бейбауырмалдық!» деп айқайлағанмен адам
баласының арасындағы құр айқаймен жоғалатын көрінбейді.
Мәдениет жігін жоғалтпай өз жігін жоғалту оңай жұмыс емес.
Бұл айқайдың қолынан келмейтін іс екендігіне көз жетті.
Алдымен бауырмалдық жігін жоғалту керек деп адасқандар
адаса берсін, қазақ азаматтары мәдениет жігін жою жолындағы
жұмысқа күшін, ісін, сарп ету керек. Басқалармен мәдениеті
теңеліп, жарыса, жармаса күнелтуге қазақ жеткен күні, қазақты
қасындағылар қыңсылатуын қойады, қазақ азаматтарының
қазақ үшін айырықша қайғыруы, қаны қызуы жоғалады,
бауырмалдық өзінен өзі жоғалады.
Мәдениет алға басуы тірнек ісі шеберленуімен, сана-
саңылау күшейуімен болады. Тірнек ісінен шыққан шеберлік-
ті өнер дейміз, сана-саңылау күшінен шыққан білімді ғылым
дейміз. Бұл екеуі де іштен адаммен бірге туатын нәрсе емес,
үйренумен табылатын нәрсе. Үйрену дегеніміз – оқу. Сөйтіп,
мәдениет жүзінде халықтың алға басуы, алдағы жұрт пен
арттағы жұрт арасындағы мәдениет жігі жоғалуы оқуға келіп
тіреледі.
Қазақта оқу ісі қалам қайраткерлеріне қарап тұрғаны, олар
не істеуге керектігі өткен нөмірлерде басылған сиезге арналған
мәселелерде айтылды. Мұнда айтайын дегеніміз: қалам
қайраткерлерінің бас қосып бақыршылығын сөйлесуі. Қалам
қайраткерлерінің иіуін сиезіне «тополаң уақытындағы той»
емес, топалаң келмеуіне амал қарастырайық деген ой еді.
Сиез иіуінде болмады деп қойыу керек емес, иіуіннен басқа
да айлар, күндер көп, әлі де болса бас қосып сөйлесу, қалам
қайраткерлерінің ұйымын жасау керек. Жазушылармыз бы-
тыранды болмай, ұйымдасып, бірлесіп іс істесе, бәлкім істері
186
берекелі, өнімді болар. Өзгеріс болғанымен өзгермей тұрған
қазақта қалып көп, қашаннан бері, қазақ ішіне сіңіп, орнығып
қалған қалыпты өзгерту оңды нәрсе емес. Бас өзгерді, бастық
өзгерді, төре өзгерді, басқасы әлі қарап тұр. Қазақ көрген қорлық
пен зорлық көбеймесе, кеміген жоқ. Жеуге жеңіл тұрғанды жеу
– табиғи іс. Тіске жұмсақ болған соң, қай уақытта да жеуге
қазақ жеңіл болып тұратыны мағлұм. Қазақты бұрын жегендер
әлі жеп отыр, бұрын зорлық қылғандары әлі де зорлық қылып
отыр. Өзгеріс кімге жағымды, кімге жағымсыз болып шыққаны
көзі бар адамдар көрерлік, есі бар адамдар білерлік болды.
Өзгерістің негізі тартыс, талас болған соң тіршілікке қайым
біткен қайраттыларға, күн көруге ептілерге, дүние жыйыуға
құмар адамдарға жағымды болғанымен, момындарға, ақ көңіл,
анайы, аңқауларға жағымсыз болғаны шексіз.
Ақкөңілділік, анайылық, аңқаулық табиғаттан да болады,
тәрбиеден де болады, йағни мәдениет жоғары-төмендігінен де
болады. Көбінесе мәдениеті төмен жұрт ақкөңіл, анайы, аңқау
келеді. Сондықтан да мәдениет жоғары жұртпен араласқан
жерде алдауына, арбауына түсіп жем болады. Қазақ жерінде-
гі халық көбіне қазақ пен орыс. Қазақ мәдениеті орыстан кем
болған соң жем болатыны шексіз. Ол жем болудан мәдениеті
жетілгенше құтылмайды. Қазақ жем болудан түбінде декірет
қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құтылады.
Үкімет тарапынан қазақтың кәзіргі күтетін көмегі
– мәдениеті жетілгенше басқалардың зорлығынан қорғау,
мәдениеті көтерілуіне қолдан келген жәрдемін айамау. Солай
болған соң қазақ үкіметі құр декіретін көбейтумен бола бер-
мей, қазақтың мәдениетін күшейту жағына көз салып, көбірек
күшін жұмсау керек.
Мәдениет күшейеді өнер-білім күшімен, өнер-білім күш-
ейеді оқумен. Оқу ісі сабақтас әдебиетпен. Оқу әдебиетті
күшейтеді, әдебиет оқуды күшейтеді. Оқу мен әдебиет бірін-
бірі қолдап, бірін-бірі көтермелеп, бірін-бірін сүйрейді. Оқусыз
әдебиеттің күні жоқ, әдебиетсіз оқудың күні жоқ, қазақта оқу
да, әдебиет те жаңа ғана көктеп көзге ілінген күйде тұр. Оның
өсіп, үлкейіп, гүлденуі үшін көп іс, көп күш керек. Сол көп істі
қолынан келгенше істейтін, сол көп күш шамасынан келгенше
сарп ететін қазақ қалам қайраткерлері.
187
Ол қалам қайраткерлері бұл күнде өз жұмысында емес,
өзге жұмыста жүр. Оларды өзге жұмыстан алып, өз жұмысына
салу қазақ үкіметінің міндеті: қалам қайраткерлерінің жұмы-
сы – әдебиет, әдебиетсіз оқу қуаттану жоқ, оқусыз мәдениет
қуаттану жоқ, мәдениет қуаттанбай қазақ қорлықтан, зорлық-
тан құтылу жоқ. Орыстан қазақтың көріп отырған отар-
шылығы, омыраулығы қазақ мәдениеті орыс мәдениетінен
төмен болғандықтан. Азаттық асылы мәдениетте, мәдениет
күшейуінің тетігі – оқу мен әдебиетте.
1922 жыл
ЕМлЕ ТУРАлЫ
(қысқартылып алынды)
Емле негізі 4 түрлі: 1).Таңба жүйелі (негізгі ынтымақ); 2).Та-
рих жүйелі (негізгі дағды); 3).Туыс жүйелі (негізі тегіне қарай);
4).Дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай).
1. Таңба жүйелі емле – арғынға «дөңгелек» таңба алайық.
Қыпшаққа «жіп» таңба алайық деген сиақты немесе «бірге»
мынадай: «1» белгі, «екіге» мынадай «2» белгі алайық де-
ген сиақты, не болмаса пәлен дыбысқа пәлен белгі алайық
деп дыбыс басына әріп арнаған сиақты, тілі іліміне тіремей,
тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп
жазайық деумен жасалатын емле жүйесі, емленің бұл жүйесін
алу-алмау жағын сөз қылмай өтеміз, үйткені жоғарыда емлеміз
қалай жасалса да, негізгі тіл іліміне, тіл жүйесіне тіреліп оты-
рып жасалуы тиіс дедік.
2. Тариқ жүйелі емле – байағы бір жасалғантүрінде қолда-
нып дағдыланғандықтан, тіл өзгерсе де өзгерместен әдеттенген
бойынша қолданатын емле. Ондай емледе бір дыбыстың
ортасындағы орта таңба болуы мүмкін. Бір дыбыста жазуға
бірнеше әріп жұмсалуы мүмкін немесе тіпті дыбысы жоғалып
кеткен әріптерді әлі күнге жоғалмастан сөз ішінде жазылып
жүруі мүмкін. Емлеміз бұл жүйені болу-болмауын тағы сөз
қылмай өтеміз, үйткені дағдыланған емлеше жазамыз десек,
емле мәселесі қозғалмас еді.
3. Туыс жүйелі емле – сөздің ауыздан шыққандай дыбыс-
тарына қарамай, тегіне қарап отырып жазатын емле. Мәселен,
188
ауыздан шыққанда «қорада бір қара ат тұр екен» деген «ат»
деген сөздерді ауыздан шығуынша «қарат», деп жазбай, «қара
ат» деп жазады. Сол секілді ауыздан шыққанда, «солай бол-
сигеді» болып естілсе де, жазғанда «солай болса игі еді» деп,
«болса», «игі», «еді» деген сөздердің тегіне қарап жазады. Бірақ
осы күнгі емлемізше жазу бар болғандықтан, емленің бұл түрі
сөз болуға тиіс.
4. Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше
жазатын емле. Сөздің ауыздан шығуынң өзі екі түрлі болады.
Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда ауыздан
бір түрі болып шығады, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда
ауыздан екінші түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын
түрде «ақ», «көк» деген сөздердің айтылуынан көруге бола-
ды. Осы сөздерді оңаша жеке түрінде айтсақ, ауыздан айны-
май шығады. Сол араға «өгіз» деген сөзді жалғас айтсақ, әлгі
сөздеріміздің айағы айнып, екінші түрде естіледі (ақ өгіз – ағ
өгіз, көк өгіз – көг өгіз).
Дыбыс жүйелі емленің сөйлегендегі ауыздан шығуынша
жазу түрін тілдік ілім-білім жүзінде қолданбаса, өнер-білім
жүзінде еш жұртта қолдану жоқ. Жеке айтқандағы ауыздан
шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді. Сондықтан
емлемізді туыс жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай,
көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік.
Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс
жүйелі болу тиіс дейді: керек орындарда ғана туыс жүйелі
(сөз жүйелі) болсын дейді. Бұрынғы емлеміз дыбыс жүйелі
емес бе еді? Туыс жүйесін керексіз орында кірістіруші ме
едік? Бұрынғы емлемізде дыбыс жүйелі екендігін, туыс жүйелі
қандай керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда айтып өттік.
Олай болса, жаңа емлешілердің емле жобасының бұрынғыдан
басқалығы қай жерінде? Басқалығы мынадай: екі сөз, үш сөз
жалғаса айтылғандағы дыбыстарының естілуінше жазу тиіс
дейді (бұрынғы емлемізде әр сөз жеке айтылғандағы естілуін-
ше жазылатын). Бұл бір. Екінші, үйлес болғандықтан, бірінің
орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексеріл-
мей ауыздан шығуына қарамай, тегіне қарап жазылатын.
Мысал үшін бұрынғы емлеше жазу мен жаңа жобаша жазы-
лу арасындағы айырымын бірнеше сөз алып көрсетіп өтейік.
Алдыңғысы бұрынғыша, соңғысы жаңаша жазылған сөздер
189
болады: Тұрғанбай – Тұрғамбай, қонған – қоңған, көнген – көң-
ген, інге – іңге, бара алмайды – баралмайды, келе алмайды
– келалмайды, келе алмай тұрмын – келеалмайтұрмын, бүрсі
күні – бүрсігүні, бұрнағы күні – бұрнағыгүні, жазды күні –
жаздыгүні, тұссыз – тұссыз, бассыз, басшы – башшы, ізші
– ішші, қазса – қасса тағы сондайлар.
Мұнымен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол
жүруіне жеңіл бола ма? Басқа түріктерге түсініктірек болып
жақында ма? – Жоқ. Олай болса, бұрынғыдан мұның несі
артық дей аламыз? Емлені бұрынғысынан артық болғандай
етіп өзгертуге мағана бар; бұрынғысынан төмен болғандай етіп
өзгертуге мағана да, мақсат та жоқ. Кілең туыс жүйелі болсын
дейтіндер де, кілең дыбыс жүйелі болсын дейтіндер де алда-
рында неге барып қамалатындарына көз салмайды-ау деймін.
Кілең туыс жүйелі емле болсын дегенде, «балалы», «тұзлы»,
«атлы», «баланы», «тұзны», «атны» деп жазатын болмақ.
Бұлай жазу қолайлы болып табылар ма? Кілең дыбыс жүйелі
болсын дегенде, «сөзшең» дегенді «шөшшең» деп, «ізшілер»,
«ісшілер» деген сөздердің екеуін де бірдей «ішшілер» деп,
«кигізсе» дегенді «кигіссе» деп, «кигізше» дегенді «кигішше»
деп, «жазса» дегенді «жасса» деп, «қызса» дегенді «қысса»
деп, «сезсе» дегенді «сессе» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу
қолайлы бола ала ма? Екі жүйені де аралас тұтыну керек де-
ушілер; керегіне қарап, екеуін де тұтыну керек дейді. Солай
дейді де, мынау сөзді мынадай, анау сөзді анадай етіп жазайық
деп, сөз басына ереже жасайды. Сөз басына ереже жасайтын
болсақ, ондай емле қолайлы, оңай емле болып табылар ма?
Одан басқа тағы бір байқалып тұрған нәрсе сөздерді қосып
жазуға құмарлық. Ол құмарлықтың ар жағы неге барып килі-
гетініне тағы көз салынбайды-ау деймін. Мәселен, «бара ал-
майды» дегенде «баралмайды» деп жазу керек дейтіндер бар.
Бұл қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі көсемше, екін-
шісі етістік екен. Бұл екі түрлі етістіктің бірлесіп айтылуы ылғи
бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды.
Онан көбірек болып бірлесетін орындары болады. Менің
ойымша, қопақардай етіп емле жүйесін өзгертеміз демей,
бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын ғана түзеу.
Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу үшін мүмкіндігінше
жанастыру жағына қарап икемдеу. Осы күнге дейін тұтынып
190
отырған емлеміздің кемшілігінің бәрін түзеп, жоғарыда ай-
тылған туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де
түкпіріне қамалмай өтетін екеуінің арасынан жол тауып бере-
тін төменгі ұсыныс болады деймін.
1. Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы
естілуінше жазылу.
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3. Үйлестіктен дүдәмал естілетін болған дыбыстар айқын
орындардағы естілуінше жазылу.
4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу.
5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз бәрі де
қосарлық (-) белгімен жазылу.
6. Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы
жалғау ережесінше болады.
7. Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазы-
лу. Қосынды сөзге айналғандары басқа қосында сөздерше
қосарлықпен (-) жазылу. Сын есімнің шырай күшейткіштері де
қосарлықпен (-) жазылу.
8. Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу.
Мұның әрқайсысын бас-басына байандасақ мынау болады:
1. «Әрбір түбірлі сөз» дегенде мағана жағынан алмай,
тұлға жағынан алып, өз алдына түбірі бар сөзді айтып отырмын.
Қазақ тілінде екі сөз, үш сөз, төрт сөз қатта бес сөз бірлесіп,
бір ұғым, бір мағаналы болып келуі жиі ұшырайды. Мәселен:
«кете берер», «кете берер ме?», «кете берер ме екен?», «кете
бере алар ма екен?», «кете бере алмай отырғанымды-ау». Осы-
ларды бірге айтылғанына қарай, бір мағана көрсетуіне қарай
біріктіріп, тұтастырып айтып, естілуінше тұтастырып жазу
емлені оңайлатпайды. Сондықтан әрқайсысын түбір-түбірімен
айырып алып, оңаша шығарып айтып, сондағы естілуінше жа-
замыз.
2. «Азған сөз» дегенде
«үйтіп», «бүйтіп», «сүйтіп»,
«әйтседе», «әйтпесе», «бұрнағы», «бүрсі», «белбеу» деген
сиақты сөздерді айтамын. Сөздің азып өзгеруі бар. Соңғысы
– дыбысы айнып, бірде олай, бірде бұлай айтылуынан бола-
тын өзгеріс. Алдыңғысы – ондай емес, тұрлаулы өзгеріс. Солай
болған соң сол күйінде айнымай қалатын сөзді айтамыз.
3. «Үйлестікпен» дүдәмал естілетін дыбыстар деп
б - п,
т - д, ж - ш, з - с, ш - з, ш - н сиақты айтылуында ұқсастық,
191
үйлестік бар дыбыстар жанындағы басқа дыбыстардың әсері-
мен күңгейленіп немесе өздері қатар келіп, бірін-бірі күңгейлеп
не болмаса біріне-бірі үйлес болған соң бірінің орнына бірін
алмастырып айтуы мүмкін болатын орындары қайсысы екені
ашық естілмейді. Сондай орындарда күңгейленбейтін айқын
жерге келтіріп айтып, сондағы естілуінше жазу. Мәселен:
«Қасекең сау күндегі әнге басты» дегенде «басты» деген жік-
теу жалғауында «т» естіле ме, «д» естіле ме? – Дүдәмал, ашық
емес. Қасындағы «с» дыбысының әсерімен күңгейленіп, анық
естілмей тұр.
Күңгейлеп тұрған дыбыстар аулақ, басқа жерге қойып айтып
көру керек. Мәселен, «Қас-екең сау күндегі әнге салды» десек,
қай дыбыс екені анық естіледі. Сол сиақты септеу жалғаулары
да көмескі естіліп, дүдәмәлдік болады: Мәселен: бастың ба?
– басдың ба?, басты ма? – басды ма?, баста ма? – басда
ма?, бастан ба? – басдан ба? Дүдәмал, анық емес. Мұнда да
әлгідей жалғауларды әсер етіп тұрған дыбыстан құтқару үшін
айағында әсер етпейтін дыбыс бар сөздерге жалғап қарау ке-
рек. Мәселен, балдың, малдың, қардың, қаздың, балды, мал-
ды, қазды, қарды, балда, малда, қарда, қазда, балдан, қардан,
қаздан. Қай дыбыс екені мұнда анық естіліп тұр. Бұлар үйлес
дыбыстар, басқа дыбыстардың әсерімен күңгейленгенде бола-
тын дүдәмәлдік.
Енді үйлес дыбыстардың әсерімен күңгейленгенде бола-
тын дүдәмәлдікті мысалмен көрсетелік: «мылтық атты».
Мұнда жіктеу жалғауы не болатыны дүдәмал болып тұр: -ты
ма? -ды ма? белгісіз, анық емес. «Қымыз ашшы», «су кешше»,
«киім пішше»,«құс ұшша», «құлын қашша» айағына қосылып
тұрған рай белгісі дүдәмал: ше ме? ша ма? са ма? Бұлар үйлес
дыбыстардың бірін-бірі күңгейлеуінің бір түрі. Бұлардың
анығына жету үшін алдыңғы айтылған әдіс істеледі. Мәселен,
«мылтық алды» десек, не жалғау екені ашылады. «Қымызға
қанса», «су сепсе», «киім кисе», «құс қонса», «құлын қуса»
дегенде рай белгісінің қандай екені анық ашылады. Үйлес
дыбыстардың бірін-бірі күңгейлегенде болатын дүдәмәлдіктің
екінші түрі бар. Олар мынау сиақтылар: «құрған тешше»,
«басқан ішше», «төккен тұсса», «тұздық тұссыз», «қазан
ашшы», «нан кешші», «көссіз көбелектей», «ішшілер ізіне
192
түсті», «ішшілер ісін тоқтатты», «башшылар баж басты»,
«башшылар алға түсті».
Сөздің бұл жалғауларында емес, негізіне әсер ету, негізін
күңгейлеу болғандықтан, сөздің негізін айқын шығарып,
айтқандағы естілуінше жазу. Үйлес болғандықтан, бірінің ор-
нына бірі айтылу мүмкіндіктен болатын дүдәмәлдік мынау
сиақтылар: Қорғамбай – Қорғанбай, Арғымбай – Арғынбай,
Тасқымбай – Тасқынбай, қоңған – қонған, жаңған – жанған,
жоңған – жонған, көңген – көнген, өңген – өнген, міңген – мін-
ген, сеңген – сенген, күңге – күнге тағысын тағы сондай сөздер.
Бұлардың қайсысы дұрыс? Әрине, соңғылары дұрыс. Үйткені
«қорғам», «арғым», «тасқым» деген сөзден шықпағаны
«қорған, арғын, тасқын» деген сөздерден шыққаны көрініп
тұр. Онан кейінгілеріне келсек, бұларда әсер етіп тұрған «ғ»
мен «г» дыбыстары. Олардың әсерінен құтылса болғаны,
дүдәмәлдік жоғалады Мәселен: «қоныс», «қондық», «жону»,
«жондым», «жанып», «жанды», «көніп», «көнді», «өніс»,
«өнім», «мініп», «мініс», «сеніп», «сенім», «күнде» дегенде,
дүдәмәлдік жоғалып, «ң» емес, «н» екені анық көрініп тұр.
4. Қосымшалар дегеніміз – жұрнақтар мен жалғаулар.
Олар бұрын да солай бірге жазылатын.
5. Қосалқы сөздер (демеулер) білімпаздар сиезіне дейін
қосарлық белгімен жазылып жүрді. Білімпаздар сиезі бөлек
жазылсын деді. Оқу жағынан қолайсыздық ететін болған соң
енді қосарлықпен (-) жазылуы қолайланып тұр. Қосарынан ай-
тылатын қос сөз, қосар сөз – бұлар бұрында қосарлық (-) бел-
гімен жазылатын. Бұлар туралы өзгеріс жоқ. Мәселен: құрт-
құмырысқа, бақа-шайан, айақ-табақ, төсек-орын, бала-шаға,
келін-кепшек, қысылып-қымтынып, құрап-сұрап, артып-тар-
тып, ырғап-жырғап тағысын тағы сондай сөздер бұрында
осылай қосарлық (-) белгімен жазылатын.
Қосынды сөз бұрын «Тіл – құралда» қос сөздің біріне сана-
лып, жалқылаушы қос сөз деп атанып келіп еді. Былтырдан бері
атын ықшамдау үшін, балаларға үйреткенде жеңіл болу үшін
қосынды деп атайтын болды. Бұлар бір өңкей болса, қосыла
жазылатын. Бір өңкей болмаса, араларынан қосралық (-) белгі
қойылып жазылатын. Мәселен: қолғап, жүк-айақ, төсек-ағаш,
тұс-киіз, тұстартпа, келі-саб, балтасап, қаламсаб, қазоты,
193
Ақ-төбе, Ақмола, Қызылжар, Атбасар тағысын тағы сондай
сөздер. Енді бұлардың бәрі де қосарлықпен (-) жазылады.
6. Жалғаулықтар бұрыннан бөлек жазылатын. Олардың
жазылуы жағы солай қалады. Мұндай қосымша ескер-
ту есебінде айтылып отырған бөлек жазылуынан басқасы
жалғау ережесінше деген сөз. Олай айтылып отырғаны мынау:
жалғаулықтардың кейбіреулері алдыңғы сөздің айағындағы
дыбыстың әсерінен жалғауларша айниды. Мәселен, «менен»,
«мен», «бенен», «бен» болып айтылғанда, бұлардың арасын-
да дүдәмәлдік жоқ. «Бенен», «бен» алдындағы дыбыстың
әсерімен «пенен», «пен» сиақты болып естілгенде дү.дәмәлдік
туады. Сондай жерде анығын жалғаулардың дүдәмәлдігін аша-
тын жолмен алуымыз керек.
7. Үйір айтылатын айтылатын сөздер бұрыннан бөлек жа-
зылатын. Мәселен: бұл ат ала байтал, ақ нар, құла құнан, тоз
шелек, жез құман, күміс жүзік тағысын тағы сондай сөздер.
Үйір сөзден қосындығы аайналған сөздер туралы көрсетілген
белгілі жол жоқ еді. Сондықтан бұлардың әркім әр түрлі жа-
зуы мүмкін еді. Енді бұларға да тәртіп жасау үшін ашық айты-
лып отыр. Үйір сөздің қосындыға айналғаны да қосарлықпен
жазылады дегенде төмендегі сөздердің төмендегіше жазылуы
айтылып отыр: ақ-сақал, ала-бота, сасық-қурай, май-шағыр,
боз-жусан, боз-торғай, қара-құс, көк-құтан, ақ-қу, ала-қарға,
қара-қарға, торы-ала қаз тағысын тағылары осылай қосарлық
(-) белгімен жазылады.
Шырай күшейткіштері деп таңдаулы шырайдың басына
сөздің өзінен алып күшейту үшін қосатын буындар айтылып
отыр.
Мәселен: қып-қызыл, сап-сары, үп-үлкен, ып-ықшам, ып-
ыңғайлы, біп-биік, сып-сида, шіп-шикі тағысын тағы сондай-
лар. Бұлар бұрын да солай жазылатын, қосып жазып керек деу-
шілер болғаннан мұндай сөз болып отыр.
8. Көсемше, көмекші етістіктер бұрын бөлек жазылған.
Онда өзгеріс жоқ. Тек бірге жазу керек деушілер болғандықтан,
айырықша сөз болып отыр. Бұған қосымша түрде айтып ескер-
тіп өтетін нәрселер мыналар:
1. Лепестен, лебізден шыққан сөздер шыққан лепес пен
лебізіндегі айтылған қалпынан айнымай жазылу. Лепестен
194
шыққан сөздер деп одағаймен бірлесе айтылған сөздерді ай-
тамыз. Мәселен: «Ой, пәлі», «А, Құдай!», «А, пірім-ау!», «А,
пірім-ай».
Лебізден шыққан сөздер деп «кет әрі», «әпер бақан»,
«көріпкел», «ұр да жық», «барса келмес», «найзамды әпер»,
«шаш ал десе бас алар» деген сиақты сөздерді айтамыз.
2. Есімшелі қосынды сөздер де қосынды сөздерше
қосарлықпен (-) жазылады. Мәселен: Қой-бағар, Тай-мінер,
Жылқы-айдар, Қой-айдар, Тау-соғар, Көп-жасар, Ит-алмас
(жалқы есімдер), бір-санар, бір-тартар, бу-тартар, ат-ша-
бар, бес-атар, құс-қонбас, ит-кірмес, жел-кесер (жалпы есім-
дер).
3. Дүдәмәлдігі ашылмастай орындарда сондай дүдәмәл-
дік ашылған орындардағы тәжірибе бағытымен жазу. Мәселен:
«аспан ба?», асбан ба? – дүдәмәл екен, жоғарыдағы айтылған
жолмен айқынға шығарып алу болмайды екен. Сол сиақты
сөздер өте көп болмағанмен, қазақ тілінде ұшырайды: дұспан
– дұсбан, оқпан – оқбан, кетпен – кетбен, шекпен – шекбен
тағысын тағылар.
Бұлардың «п» мен «б» дүдәмәл болған орындағы ашылуы
ылғи «б» жағына болғандықтан, «б»-мен жазу. Түбін қарап
тексергенде де солардың көбі «б»-мен жазылуға тиіс болып
шығады. Мәселен: «асбан», «дұсбан», «данышбан», «кетбен»
деген сөздер «асман», «дұшман», «данышман», «кетмен» де-
ген сөздерден шыққан «м» дыбысы «б» дыбысымен алмасып
отырады. «Қақбан», «қақба», «қақбақ», «өкбе», «оқбан» де-
геннен дыбыстары алмасумен «б» дыбысты сөз екені көрініп
тұр.
4. «Ы» әрпі бітеу буындарда да қалмай жазылу,
«қарт
– қарыт», «арт – арыт», «жұрт – жұрыт», «сырт – сырт»,
«құрт – құрыт» дегендегі сызықша мен қосақтап қатарлап
қойған сөздердің айтылуы бірдей емес. Бітеу буынға «ы» деп
жазсақ, бұлар бірдей жазылатын болады: бірдей жазылса, бір-
дей естіледі деген болып шығады.
5.
«Асыу», «алыу,» «келіу» деген сөздерді «сұу», «шұу»,
«тұу»деген сиақты етіп, айағына «ұу» келтіріп жазамыз деу-
шілер бар. Тіпті жалғыз ғана «у» келтіріп жазамыз деушілер де
бар. Олардың бәрі де жете тексермегендіктен айтылып отырған
сөздер. «Алып» демей, «алұп» деп, «асыб» демей, «асұп» деп,
195
«барып» демей, «барұп» деп, «келіб» демей, «келүп» деп жаза-
тын болсақ, алұу, барұу, келүу деп жазуға болады. Олай жазбай,
«алып, асып, барып, келіп» деп жазатын болсақ, «у»-дың ал-
дын «ұ» (у) жазудың орны жоқ. Мұндай «у» сөздің аяғына «б»
есебінде қосылып тұрған дыбыс немесе «алыс, беріс, барыс,
келіс» дегендерді сөздердің ішіндегі «с» есебінде қосылып
тұрған сөз. «Алыс» деген «алыу» деген, «барыс» деген «барыу»
деген, «келіс» деген «келіу» деген сөздердегі айырым айақ ды-
быстарында ғана, басқа жеріне айырым жоқ. Егер алұс, барұс,
келүс деп айтпаймыз ғой. Егерде «ұ»(у) мен «ы» (і) дүдәмәл
естілетін болса, ол дүдәмәлдік «ы» жағына қарай шешіліп
отырады ғой. Мәселен «тан» деген «таны» деген, «жан» де-
ген «жаны» деген, «тас» деген «тасы» деген сөздерді алып,
айақтарына «п», «с», «у» қосып туынды сөз жасасақ, айағы
дауысты дыбыс болса, осы дыбыстарды қосамыз да қойамыз.
Айағы басқа дыбыстар болса, «ы» арқылы қосамыз: танып,
таныс, таныу, жанып, жаныс, жаныу, тасып, тасыс, тасыу.
Осында «у» дыбыстың келіп кірерлік орны бар ма? Қай жерден
келіп кіріспекші?
6. р, л, у, и әріптерінің алдында «ы»әрпі жазылу-жазыл-
мауы естілуінше: естілсе жазылады, естілмесе жазылмайды.
Мәселен: лыпа, леп, лепес, лап, қойды, лаулап жанды, лоқы,
лықылдап, Ленін, Лепсі деген сөздердің алдында келген «л» тап-
таза «ы»-сыз естіліп тұр. Оған «ы» жазудың керегі жоқ. «Ылай,
ылайық, ылаж, ылау, ілім, ілік, ылғи» деген сөздерде «л» ал-
дында «ы» анық естіліп тұр. Егерде осы айтылған сөздердің
өздерін дауға салушылар болса, онда әркімнің құлағы әр
түрлі еститін болғаны немесе әркім солай естіледі деп ұғып
әдеттеніп қалғаны. Ондай дау болған орында өлең өлшеуімен
ашылады. Онан басқа ашатын кілтін әзірге ешкім тапқан жоқ.
Өлең арқылы тексергенде «р», «и» сөз басында тіпті келмей-
тін көрінеді. Онда да қазақтың «ұуақытты» қысқартып, кей-
де «ұуақ» деп айтатындығынан, қазақтың «ұуақыт» деп ай-
татын жерін баспадағылар немесе жазудағылар «уақыт» де-
генге айналдырғаннан болады. Қалайда жалпы ереже бұлар
турасында естілсе «ы» жазу естілсе «ұ» жазу, естілмесе жаз-
бау. Мәселен: ұру, ұрықсат, дұрыс, ырыс, ырғақ, ыржаң, ірі,
ірімшік деген сөздердің басында «ұ», «ы» бар екеніне дау бол-
мас. Болса қалай етеміз? - Әрине, өлеңмен болмаса басқа шара
жоқ.
196
«И» дыбысы жалғыз-ақ «иә» деген сөзде келетін көрінеді.
( Иәки де «иә»-мен тұқымдас). Оның өзінде оқығандар болмаса,
жай қазақтар «жә» деп айтатын көрінеді.
«И» туралы жалпы ереже: естілсе «ы» жазылады, естілме-
се жазылмайды. Даулы болса, өлең арқылы ашылады. Осымен
емле ережелері туралы әңгіме бітеді.
АҚЫМЕТ
«Еңбекші қазақ». 27-март 1929.
Достарыңызбен бөлісу: |