2. ҚАз ДАУЫСТЫ ҚАзЫБЕК
(Қызы Қамқаның жоқтауы)
Бісмілләдан бастайын,
Шариғаттан аспайын.
Ішім толды қайғыға,
Азырақ көзім жастайын.
Алаштан озған әке-кем,
Жоқтаусыз қайтып тастайын?
Алатаудай әкеме
Ажалдың сыны келгені.
Жылағанды не қылсын?!
Көздің жасын көрмеді,
Қазақ болып зарлады.
Тілеуді Құдай бермеді
Кешегі жүрген әке-кем
Жоқтаусыз тастар ер ме еді?!
Шаншар Абыз нәсілінен
Алтау едік анадан:
Сәдібек, Асан, Бөдене,
Үсен менен Балапан.
Бесеуіне аға боп,
Алғашқы әкем қараған.
Жолбасшысы кеткен соң,
Айырылды қазақ панадан.
Төрт тіреуің бірі едік
Қиын қыстау іс келсе,
Бәрінен де ірі едік.
Енді қазақ не болар
Асқар тауы құлаған?!
Белгілі шығар Алашқа
Көңтажіге барғаның,
Он сегізде сол күнде,
Қалмақты сынға алғаның.
84
Қазақты жоқтап қалмақтан,
Араға сөзді салғаның
Қалмақтың қаны Көңтажы
Жауаптан ұтып алғаның.
Босатып едің, жан әкем,
Тұтқынды қазақ қалғаның,
Талап алған шабынды,
Қайырып алдың бар малын.
Олқысыз тоқсан жесірді
Сол жерде анық алғаның.
Қазақ пен қалмақ бас қосып.
Екі ұдай болған табында
Алдыңа бір жан салмадың.
Батыр жинап, ел шашпай,
Қылыш шауып оқ атпай,
Ақылыңменен жол тауып,
Қазақтың кегін алғаның.
Туғаннан-ақ жан әкем,
Жолыңды Құдай оңдады.
Қасиетің тағы мол,
Қас қылған саған оңбады.
Қазаққа деп заң жасап,
Қазыбектің қасқа жол
Артыңда мирас қалғаны.
Шариғат айтқан жол емес,
Закөнге тағы қол емес,
Дуалы ауыз айтқан соң,
Соларменен бірдей ғып,
Қазаққа бір жол салғаны.
Әкемдей болып жан тумас
Рулы үш жүз қазақта.
Батырларша ел шауып,
Бір күні жаудан жеңіліп,
85
Қалған емес мазаққа.
Тақта отырған қан болып,
Өзіне де дұшпан көбейтіп,
Қалған емес азапқа.
Ақылменен жол тапқан,
Бағыменен ел тапқан.
Батыр мен қандар сасқанда,
Әкеме келіп жол тапқан.
Құдайдың берген бағында,
Талай қанмен қарысқан.
Ерді шауып, қан төккен
Талай ермен салысқан.
Бәрін де жеңген әке-кем,
Ақылмен орап алыстан.
Қазақ, қалмақ бас қосса,
Сан жүйрікпен жарысқан.
Алдымен келіп бәйге алып,
Олжасын қазақ үлескен.
Орынсыз жерде қан төгіп,
Қас қылған емес бір жанға.
Басын иіп, құл болып,
Бағынған емес бір жанға.
Қазаққа арман жол салдың,
Қолайлы қылып әр заңға.
Жесір қатын, жетім ұл
Әруағыңа тайанып,
Ие болды мал-жанға.
Жоғалмастай жол салып,
Үлгі болып сөз қалып.
Кеткен жоқ әкем арманда.
Өз басында бағы жоқ,
Сүйеніп тұрар жаны жоқ.
Болды ғой қиын қалғанға.
86
Қара қылды қақ жарып,
Әділ өткен, әке-кем,
Байытсын Құдай иманға.
Үш жүздің ұлы жиналса,
Алдыңнан кеңес тарқаған.
Ақылың, бағың мол еді
Айдың көлдей шалқыған.
Сырдың бойын жаратпай,
Мал өсірер орын деп –
Қазақтың ұлын өрдіріп,
Қоныс әпердің Арқадан.
Орыс, қазақ, қалмаққа
Жұпардай иісін аңқыған,
Әруақты туған жан әкем,
Озып артық даңқынан.
Өсиет қылдың қазаққа:
«Сарыарқа болсын қонысың,
Қалмақ, сартпен жауықпа,
Болмасын, – дедің, жұмысың.
Өнерсіз өскен ел едің,
Біреу саған жау болса,
Паналауға жарайды.
Мынау көрші орысың,
Орыспенен жауласпа.
Есінде болсын бұл ісім!»
Ақылың бағың молынан,
Елің ерді соңынан.
Арқасында әкемнің
Отырған жоқ бұл қазақ
Ешкімнің кейін тобынан.
Он сегізде сөз бастап,
«Қазықбек би» атандың,
Болар бала боғынан».
Қайран сабаз, әке-кем,
87
Мақтауыңа жете алмай,
Қызыл тілім қырқылды,
Білімімнің жоғынан!
Өнерсізім болмаса,
Қалай айтсам жараспас.
Қазақта сенен кім озды
Жұлдызды туып оңыңнан?!
Байлығың несін айтайын?
Кедей деп адам айта алмас,
Мырза деп несін айтайын?
Әркім-ақ қонақ қайтармас.
Сөйлеуге тілім сөз тапса,
Мақтауыңнан тайсалмас.
Өмірімше жырласам,
Мінезіңнің әке-кем,
Мыңнан бірі таусылмас
Сусыны қатар қазақтың
Ағар бұлақ суалды
Сіз осылай болды деп,
Естіген қалмақ қуанды.
Қасиетті туған әке-кем,
Ешкімнен қазақ кем болмас
Шын беріп кетсең дұғаңды
8
.
8
Қаз дауысты Қазыбек 97 жасында қайтыс болған. Қазыбек дүниеден озған жылы
Шаншар Қанай би туған. Қанай 72 жасында тоқал алады. Тоқалы 8 жылда үш бала
тапқан. Осы үш ұлдың кенжесі Қожабай осы күні (1925) ақсақал болған Ақайұлы
Қасеннің шешесі Бағзе бәйшемен құрдас екен. Бұл бәйбіше биыл, 1925 жылы 87-ге
келеді екен. Қазыбек туғалы (97+80+87) 264 жыл өткен. Қазыбектің туған жылы (1925-
264) 1661 жыл болады. Қазыбектің өлген жылы (1661-97) 1758 жыл болады.
Қарқаралының тауын айнала отырған Қарашор Түркістаннан ауып келе жатқанда
Бетпақтың даласында қарада Киікбай би дүниеге келіпті. Жоғарғы Қазыбектің есебін-
ше адам жасын салыстырып қарасақ, Қарашор 1748 жылы Арқаға келген болып
шығады. Сонда Шор туғанда, «биі ауған елге қан қойам» деп, Бөкейдің әкесі Барақтан
сұрап әкелген екен. Бөкей сонда 14 жастағы бала екен. 1819 жылы 85 жасында Бөкей
хан өлген. Қазыбектің елі Шаншар Қарашордан Арқаға бұрын келген. Қазыбек Едірей
келсе, онда қанжығалы Абыз-Шомақ отыр екен. Қысты күні Абыз – Шомақтан қатық
ішіп, Қазыбек: «Жерің жақсы екен. Маған лайық», – деп Абыз-Шомақты мүйіздеп,
қуып жіберген. Абыз-Шомақ тұқымы осы күні Ертістің батысында Қасқыр қала тұсын
мекен етеді.
Қ.б
.
88
3. КЕңГІРБАЙ Би
Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.
Үйде сұңқар түлеткен,
Қыйадан сұңқар тілеткен.
Алтайы қызыл түлкі алған,
Қыйадан барып теке атқан.
Паршаны бөздей жырттырған,
Жібекті жүндей түттірген.
Қонақ келсе – қон деген,
Қой семізін сой деген.
Тойға қазан астырған,
Жақсылыққа көзін жеткізген.
Шылаушын салып ат мінген,
Шыңыраудан алып су ішкен.
Шынжырлы қауға тарттырған,
Қайыңнан астау шаптырған,
Қаптатып жылқы жаптырған.
Айдалаға айдатқан,
Тұлымдығы байлатқан.
Қалмақтан жылқы қудырған
Құлынын жолда тудырған.
Жамбасынан отырған,
Санама жұлдыз батырған.
Бес тақа паршадан тон киген,
Жеті рудан қол жиған.
Әуелі Құдай қалаған,
Асылы нұрдан жаралған.
Ақ сұңқардай түлеген,
Тойаты әбден қаңған соң,
Алыстан дұшпан аттанса,
Қар-жаңбырдай бораған.
89
Жақыннан дұшпан аттанса,
Қарт бурадай жараған.
Барғанда төре таныған,
Қайтқанда қара қамаған.
Қарасы мен төресі
Қамап, ақыл сұраған.
Айдының Алатаудай бар еді,
Қайратың Қаратаудай бар еді.
Қарып пенен қасырға
Сауып тұрған бие еді.
Жетім менен жесірдің
Айттырмай мұңын біледі.
Толарсақтан саз кепсе,
Қажымай оған күледі.
Қабырғадан қан келсе,
Қажымай оған күледі.
Арғын, найман – орта жүз
Қылыш жанай жүреді.
Суытып қойған тұлпарды,
Алмас басты ақ орда,
Ақ сұңқар үйде тұрғанда,
Күні де, түні де базарым.
Алладан қайтты назарым.
Бетімнен кетті ажарым,
Қаниеміз кеткенде,
Бір күнде кетті базарым –
Жазды күні болғанда
Күннің көзі байланған,
Ақ сұңқар ұшып ұйадан
9
.
9
В.В.Радловтан. Кеңгірбай ХҮІІІ ғасырда Абылайдың заманында тобықтыны билеген. Абылайдан
30 жыл соң алжып өлген. Ақын Абайдың бесінші атасы Айдос пен Кеңгірбайдың әкесі Жігітек
бір туысады. Бейіті Шыңғыстың бауырында, Қарауыл өзенінің жайылмасында Ши деген жерде.
Жол аузында арбаның мұрындығы тиетін тұмсықта. Күн шығысында Орда жақта 3 шықырымда
ақы. Абайдың бейіті. Бұл да Шиде көрініп тұрады. Кеңгірбай Түркістаннан ел ауып келе
жатқанда Ұлытаудың Алаш қан, Жошы қан бейіті тұрған Кеңгір өзенінде туыпты. Атын сонымен
байланыстыра Кеңгірбай қойыпты. Туған жылы 1830 айналасы болуы керек.
90
4. АлТАЙ ТӘТІ
Қара бір таудың жылғасы,
Қалқына бағлан құлжасы
Сүйіндіктің ағасы,
Алтыннан салған сырғасы.
Алаштан дұшпан сөз келсе,
Алдында жүрер жорғасы.
Қара бір таудың өлкесі,
Аты Алтайдың серкесі.
Жарлығы жалған болмаған,
Қан, қараның еркесі.
Базардан келген бөз еді,
Жақсыдан қалған көз еді.
Еділдің қызыл желіндей,
Саулап тұрған сөз еді.
Айдыны таудан зор еді,
Дәулеті көлден мол еді.
Өзім бір деген Алашқа
Аласы бір жоқ түр еді!
Айғыр бір қуған құлындай,
Адам ұлын жақтаған,
Әділдікке салғанда,
Кәпір, қазақ мақтаған.
Құрама жиып ел қылып,
Туысын таза сақтаған.
Тілі шайпау тентектер
Ақылына тоқтаған.
Көлдегі аққу дауысты,
Ақ сұңқар құстай шалысты,
Ерегіскен дұшпанмен
Айдағардай салысты.
Қанғай түскен асылдай,
Қалшайғанмен қарысты.
Екі де айыл тізгін бір,
Бір өзім деп салысты.
91
Толқын топқа барғанда,
Ішінен шығып сөйлеген.
Сүйіндіктің баласын
Өз аулындай билеген.
Елім Алтай екен – деп,
Еркінше зорлық қылмаған.
Ертегі өткен замандай
Елдің қамын ойлаған.
Асылық айтып алдаға,
Күнәгер ісі болмаған.
Адалдығы әлемдей
Дін сөзіне таймаған.
Ақылды және данышпан
Кеудесіне сыймаған.
Мұнарадан жол алған,
Бұқарадан қол алған,
Жалғыз қылдан нәл алған.
Әруақты ердің тұсы еді,
Адал пірдің мұрты еді,
Қожалар оқыр Құранды.
Құраннан басқа пайда жоқ,
Ажалдығы қайла жоқ.
Сарғайғанмен өлмек жоқ,
Ойбайменен келмек жоқ.
Есірде қылыш жүзіндей,
Қалайы сандық ішінде
Алтын дәлда алпыс мың.
Күз қонысын сұрасаң,
Қойанды мен жыланды.
Ұзын аққан бойынды
Мекен қылды Нұраны.
Тірісінде көп берді,
Зекетім деп, қуанды.
Жесір қатын, жас бала,
Қайырымен жұбанды.
92
Көшкенде мың жылқы айдаған,
Тай қысырып қалмаған.
Сегіз руға мал берген,
Сексен қысырық байлаған.
Бетегелі кең тарлау,
Беткейге біткен раң-ды.
Тәті өтті деп Алтайдан,
Қайрат кетті деп қуанар,
Дұшпан көңілі уанар.
Барсаң сәлем дегейсің
Ақжол баласы Арғынға,
Атпен желі тарттырдым
Кереге бойы шалғынға.
Дұғай сәлем дегейсің
Қошқарұлы Қорамға,
Қорам орта болды деп,
Қоңсыны күндеп азбасын!
Бір Аллаға жазбасын!
Ішсін, кисін, тойласын!
Сұм дүние өтерін!
Төр алдына бармасын!
Ұжмақ төрі он тарау,
Ойнай күле жүргейсің!
Бейістің төрі бес тарау,
Белгілі болып жүргейсің!
Аллаға ісің ақ болса,
Нұрдың қызын сүйгейсің!
Шері мен тауып шербеттің
Су-сусынын ішкейсің!
Жә, Мұқаммет қолдағай,
Көп жылаған үмбетін!
Көп тілеуі көл болмай,
Күйіскенде дәулетін,
Айан болсын әулетің!
93
Барша менен мәулімді
Боз тайлақтай айдаған,
Жорға менен жүйрікті
Тай-құнандай жайлаған.
Қожалардың айтқаны
О дүниенің сөзі еді.
Ақкер үйге сыймаған
Алып бір жоталы төбе еді,
Алладан бұйрық келген соң,
Бұ дүниеден жөнелді.
Шаңырағын идірген
Шынар деген ағаштан
Мал байлығы бір асты
Біткен қазақ Алаштан.
Бетіне жан келмеген,
Майғы менен Танастан.
Үш мейрамның ұлында
Қуандық пен Сүйіндік
Жан болмаған таласқан.
Ексе де елге бітер ме
Мұндай мырза жарасқан?!
Бесінде мектеп оқыған,
Алтысында ақыл тоқыған.
Жетісіне шыққанда
Жетпіс пірден сөз сұрап,
Құдықтай көзін шоқыған.
Сегізіне келгенде
Сүйіндікке бас болған.
Аққан селдей толқыған.
Тоғызына келгенде
Туған айдай балқыған.
Енді онға шыққанда
Дәулеті көлдей шалқыған.
Он біріне шыққанда
Әруағы асты қалқынан.
94
Он екіге шыққанда
Құр қайтпады нарқымнан,
Жиырмадан өткен соң,
Енді отызға жеткен соң,
Салиқалы би болды.
Жетім менен жесірге
Тігіп бір қойған үй болды.
Жесір менен жетімнің
Болып өтті азығы.
Аз ғана ауыл Сүйіндік
Әр күн болды қазығы,
Өз бауырым деп жан тартпай,
Тіл жаздырып дат айтпай,
Әділдікке салғанда,
Еш бар ма еді жазығы?!
Ат басына соқтырып
Ақ айтпаған дұғайы,
Аузына күпір көп түспей,
Алласын күткен мұңайы.
Сексен үшке келтірмей,
Ажал берді Құдайы.
Өткен іске салауат,
Артықшылығын сұрайы.
Самарқанда сайлатты
Сарала алтын түймесін.
Әзіретте соқтырды
Ақыретте күймесін.
Әруақ ата қолдасын.
Әруақ баба жебесін!
Жауаптамақ жар болып,
Иінге шайтан мінбесін!
Әлем білген Тәтіні
Жоқтаусыз қалды демесін
10
.
10
В.В.Радловтан. Бұл Сармантай Тәті болса керек. Ол болса, Қарағанды көмір зауыты
тұрған Соқырдың бойында осы Тәтінің бейіті, елі Қарағанды болысы атанады.
Қ.б.
95
5. КЕНЕСАРЫ – НАУРЫзБАЙ
Қоғамы күшті ер еді
Киімді бала тудырған,
Алтынды қылыш будырған!
Абылайлатып ат қойып,
Дұшпанды көрсе қудырған!
Көп сарғайтып келместей,
Кене қан, саған не болды?
Тұлпардан сайлап ат мініп,
Дорбадан жеміс жегізген.
Жем орнына бал беріп,
Қысырдың сүтін емізген.
Басын қалың жау жетсе,
Алып та шығар дегізген,
Кенекемді қалдырып,
Көк буырыл, саған не болды?
Патшада бар алтын тақ,
Жасынан жаббар берген бақ.
Без белді қара бүркітті.
Шабытты туған сұғанақ.
Қанаты жоқ, құйрық жоқ,
Бір анадан жалғыз тақ.
Көп сарғайтып келместей,
Наурызбай саған не болды?
Кенекем менің кеткен соң,
Заманым қалды тарылып,
Қалық иесі қандардан
Жетім қалдық айырылып!
Екі бірдей қанатым
Топшыдан сынды қайрылып!
Балдағы алтын ақ берен,
Тасқа тиді майрылып!
96
Кемшілік түсті басыма,
Көрінгенен қаймығып!
Жаңбыр жаумай, су болды
Бұлы қымбат манатым!
Тасқа тимей кетілді
Балдағы дандан
11
болатым!
Топшысынан үзілді
Екі бірдей қанатым!
Кенесары, Наурызбай,
Асып туған санатым!
Қырғыздан біткенге ұсайды
Тағдырлы ажал сағатың!
Жаның қайдан жай табар?
Жадыңда Жаббар болмаса:
Көңілің қайдан жай табар?
Көруге дәулет болмаса.
Қолдың көркі бола ма?
Барабан, керней болмаса.
Жұлдыздың көркі болма ма?
Ішінде Ыбырай болмаса.
Қарашыда не күй бар?
Айбынды қаны болмаса.
Кенесары – Наурызбай
Қол басында болмаса!
Халық иесі қандарды
Қалай айтсам, мін бар ма?
Шегірткеге таланған
Қырғауылда жүн бар ма?
Жапалақтан сескенген
Жалғыз қазда үн бар ма?
Қандарынан айырылған
Қарашыда сын бар ма?
11
Дандан – пілдің сүйегі.
97
Қайран есіл қандарды
Енді бір көрер күн бар ма?
Кене қанның тұсында
Қарт бурадай жарадық!
Жауды жасқап жапырып,
Жауған қардай борадық!
Абылайлап ат қойып,
Дұшпанның алдын орадық!
Қанымыздан айырылып,
Шіл боғындай тарадық!
Көрінгенге қорғалап,
Кісі аузына қарадық!
Өзіміз шапқан Созақта!
Сарттан ақыл сұрадық!
Кенесары кеткен соң,
Иесіз қалды тағымыз!
Наурызбай төре кеткен соң,
Бастан тайды бағымыз!
Бұлбұлдай сайрап жүр едік,
Байланды тіл мен жағымыз!
Азғанымыз емес пе,
Қойшыдан сынды-ау сағымыз?
Артында қалған жетім ел,
Келіспеді-ау сәніміз!
Ақырында, әлеумет,
Осындай болды қалымыз!
12
12
Бұл қисаны шығарған
Нысанбай деген жыршы еді.
Кене қанның тұсында
Жұрттан асқан сыншы еді.
Айтқан сөзі үлгілі
Құлақтың бір құрышы еді.
Өлең-жырға Нысанбай,
Машһүр шешен нар еді.
Бір естіген адамдар
Сөзіне тағы зар еді.
Көзімен көріп сөз қылған
Соғыста өзі бар еді.
Қ.б.
98
6. жАНТАЙ
Жетісудан жем жеген,
Жетілі Жантай ер деген.
Қожа, Қанай тең деген,
Тең дегенде, Жантай батыр кел деген.
Түбекті найза қойысқан,
Түбінен бері оқшыған.
Қарағай найза қайысқан
Қалыңнан бері оқшыған.
Алты арыстың данасы
Қан Жантай бұл айтулы
Қарабек батыр баласы.
Жан Жантайды біз айтсақ,
Не жерінде шаласы?
Алақан жайса – батасы,
Қан Қарабек атасы;
Төменгісі Қоқанға
Үкім айтып жатшы екен,
Қан Жантайдың барында,
Орысқа елші кірші екен,
Ол ақылды білші екен.
Қан Жантайдың барында,
Қалмаққа елші кірші екен.
Былдырлаған қалмақтың
Тілін жуда білші екен.
Айтулы қан Жантайдың
Мінген аты боз екен.
Қалмақтың қаны Қонтайшы,
Батыр Қонтайшымен
Қарабек екеуі дос екен.
Қараның қаны қан Жантай,
Бейіске осы кірмей ме?
Ендігілер білмесе,
Ілгері өлген білмей ме?
Бегілер бегі тұсында
99
Белсеніп шыққан қан Жантай,
Құс бегілер тұсында
Құтыра шыққан қан Жантай,
Оны да білер көрелі,
Қан Жантай өзі Зерелі.
Қан Жантайды біз айтсақ:
Абыройлы ақ жүзді,
Айыр сақал, қылыш мұрт,
Алақан жайса-батасы,
Қыйаметте жолы ашық.
Иманы кеткен өзіне,
Ырысы қалған ауылына.
Келмесі кеткен өзіне,
Кеңесі кеткен аулына.
Мінген аты кер болған,
Көтергені ту болған.
Тұқымы шеттен у болған.
Ақ қыйадан түн қайтқан,
Ақ жолбарысқа үн қатқан.
Ақ қыйаның астынан
Ақ жолбарыс тосалық,
Ақ жолбарыстай шамданып,
Ақ сұңқардай шаңыранып
Қан Жантай, өлдің, көшелік.
Жантай қан болып жүргенде,
Туғанын түйедей көтеріп,
Дұшпанын қара қойдай бөктерген,
Кешпей суды толқытқан,
Шаппай жауды қорқытқан.
Қан Жантайдың ерлігі
Қан Жантайды сұрасаң,
Сілбеден сірге қидырған,
Шелектеп қымыз құйдырған,
Сыңсыма көйлек ақ тамақ,
Жолда неке қидырған.
100
Қызыл құйрық нар ма екен?
Қырғызда сіздей бар ме екен?
Қара құйрық нар ма екен?
Қазақта сіздей бар ма екен?
Қара мақпал терлігі,
Қазақтан шыққан ерлігі.
Қызыл мақпал терлігі,
Қырғыздан шыққан ерлігі.
Жантай қан болып жүргенде,
Жә! дегенде жақпаған,
Мылтықты кісі батпаған.
Жә! дегенде соңынан
Ат үстінде киінген.
Жантай қан боп жүргенде,
Шаңырағын жалатқан.
Сары жезбенен қадатқан,
Уығының ұшын ұстатқан.
Ақ үйіне қыстатқан,
Төрені төрге түнеткен,
Тұсына тұйғын түлеткен.
Бекке барса, белгілі,
Бек аулына Танұлы.
Белгілі Жантай Айтұлы,
Бек қасына отырған
Белбеуін зерге толтырған
Қан қасына отырған,
Қалпағын зерге толтырған,
Қазғалдақ мойнын қайырған,
Қаттан жемін айырған
Безгелдек мойнын қайырған,
Бектен жемін жайпаған,
Қан Жантай сөйлеп бергенде,
Алдынан жиын тарқаған.
101
Қан Жантай өзі өлген соң,
Жұртқа айтқан сөзі екен:
Көр алғанда не берген?
Жабдық салып ат берген,
Азат қылып қат берген.
Ақ болатын қынаған,
Шерәлі қан сынаған,
Сынағанда не деген?
Бәрекелде, ер? – деген.
Қорғанбекпен тең! – деген.
Қарабекұлы қан Жантай,
Ұлықтармен жанасқан,
Жұрт таласын таласқан,
Айтысып келген дұшпанның
Заманасын қуырған,
Елін даудан суырған.
Қан Жантай, сен өлген соң,
Ақ топырақ сен болдың,
Адасқан елің біз болдық,
Боз топырақ сен болдың,
Боздаған елің біз болдық.
Қараған сенің күмбезің
Қараң қалдық біз – елің!
13
13
В.В.Радловтан. Қырғыз Жантай Кенесары – Наурызбайдың замандасы. Тұқымы
Пішпек уезінде.
Қ.б.
102
7. ШОҚШОлАЙ ҚЫзЫНЫң жОҚТАУЫ
Ата-кем батыр Шоқшолай
Ақ, жорғаға мінсе, найқалған,
Сақалы аласын шөптей шайқалған.
Кер жорға мініп, жол жүрген,
Керней тартып, қол жүрген,
Кер жорға қорқып – тай болды,
Атекем қорқып – жай болды.
Сұр жорға мініп, жол жүріп,
Сырнай тартып, қол жүрдің.
Сұр жорға қорқып – тай болды,
Сырнай қорқып – най болды.
Атекем қорқып – жай болды.
Жасқа шыққан бүлдірген,
Жалмап жесем, тойам ба?
Жасында кеткен атекем,
Жарыса мінсең, жеткей ме,
Қонысқа шыққан бүлдірген,
Көбін жесем, тойам ба?
Қосында кеткен ате-кем,
Қулықты мінсең, жеткей ме?
Ителгі, сұңқар – екі құс,
Құс салыса кеткен бе?
Бейіс, дозақ – екі жол,
Жол шалыса кеткен бе?
Атекем, бейіс, дозақ өте бар!
Онан жайлы таппасаң,
Сүпірәлі көлде сұқсыр бар,
Шомқар сілтей өте бер!
Онан жайды таббасаң,
Қазанды көлде сасам бар,
Қаршыға сілтеп өте бер.
Онан жайды таббасаң,
Есілме тола теке бар,
Ел таббасаң, меке бар,
Мекенің бес есігі ашылсын!
Жолыңа гүлі шашылсын!
103
Қоғалы көлдің сары елін,
Атекем бастағанша бар елің.
Алтынды құрдың сары елің,
Айтқанымша бар елің.
Құлашын теббеген
Құда бүтін бар ма екен?
Атекемді сүймеген
Шуда бүтін бар ма екен?
Қара лашын теббеген
Қазда бүтін бар ма екен?
Үш Қосай менен Манастай,
Жез ішінде қоладай.
Атекем өтіп кеткен жол еді-ай
Атекем, келінің Кете кеткенде,
Атекем, кеңесің жұртқа тигенде,
Атекем, босағаң болат болғанда,
Атекем боқшаңа манат толғанда,
Не қалдырдың дүниеден?!
Шудан сусын бойлаттың,
Шүйлі салып ойнаттың.
Ілеген сусын бойлаттың.
Ителгі салып ойнаттың.
Тіл мен тісім қайраймын,
Білгенімше сайраймын.
Төбел торы құйрығын
Төрттен шалған, қан атам!
Төренің ұлын қосшы ап,
Жерді шалғын, қан атам!
Молдасына жүзді алған.
Белгісіне бетті алған.
Бес кекілік таңдап қыз алған,
Қазақтардың оттығын
Түндігінен көтерген,
Алып және тептірген.
Алтындарын алдырған,
Атына таға салдырған.
Күмістерін алдырған,
104
Күрегей тағы салдырған,
Тобылғының шоғындай
Жанады едің, жан атам!
Жақсы шыққан торғайдай,
Сайрайды едің, жан атам!
Ерлікке туған кісі екен,
Ерлігі атекемше бар ма екен?
Күңгей менен теріскейдей
Күн алысып жатарға,
Құры менен сенектей,
Үн алысып жатарға,
Айтқанымды тыңдарға,
Ұл дегенің ұғарға,
Алыстан адам бар ма екен?
Айта кетсін еліне,
Жырлап жүрсін жеріне!
14
14
В.В.Радловтан. Шешектен өлген Шоқшалайдың қызы жоқтаған. Шоқшалай да
қырғыз.
Қ.б.
105
Достарыңызбен бөлісу: |