О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,76 Mb.
#668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

12. ҚЫзДЫң жОҚТАУЫ
(Қырғызда қыздардың қошоғы)
Кередегі ышқындай
Кейіпіңді айтамын!
Кеп сөйлесіп келгенде,
Ептігіңді айтамын!
Тоғайдағы қорыстай
Қызылыңды айтамын.
Суға өскен шыбықтай,
Ұзыныңды айтамын.
Қабақта бардүр, қыздар-ай,
Қара баршын ұйасы.
Қақырда бардүр, қыздар-ай,
Кескен тастық қыйасы.
Айда менің ақ нарым,
Шашы қысқа тұл нарым.
Қоқандықта шілгірім,
Қожа тікен мөбірім.
Мергеленде басарым,
Барса құмар жасарым.
Айда менің ақ нарым,
Шашы қысқа тұл нарым,
Күлмүш күш мүшүрүм
Шашы қысқа түл Нарым
18
.
18
 В.В.Радловтан.

129
13. ӘБжАН
(Қыздың күйеуін жоқтағаны)
Өлім менің ойбайым,
Істі салған Құдайым.
Қара бір шашым жайайын,
Жайайын да жыйайын.
 
Қыналы бармақ, жез тырнақ,
 
Күнде қанға бойайын.
 
Албыраған ақша бет,
 
Сүйегіне тойайын!
Мойылдаған қара көз,
Жаспенен оны ойайын!
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орныңа кімді қойайын!
 
Өркешта өркеш, өркеш тау,
 
Бауыры толған көк бас тау.
 
Көп ішінде қиын да екен
 
Жалғыз енді сөз бастау.
Бастамасқа шарам не?
Басыма салған қарам не?
Мен жыламай кім жатыр?
Бетімдегі жарам не?
 
Боғастың бойын өрт алды.
 
Жүректің басын дерт алды.
 
Он жеті жасар Әбіжен
 
Қорасан деген дерт алды!
Асылда кәусар болатым!
Ұшайын десем – қанатым!
Әке-кем қосқан қосақтан
Айырды Жаббар Құдайым!
 
Алты атанға жүк арттым,
 
Ала арқанмен бек тарттым.
 
Алдынан жүрмес әке-кем,
 
Құшақтап тұрып сөз қаттым!
Арғымақ үйірін сағынса,
Артқы айағын қағынар.
Алғаның бей-бақ сағынса,
Қаннан ендік жағынар
19
.
19
 В.В.Радловтан. Тарбағатай Шығыс аймағындағы Найман шығарған.

130
14. БАлҚЫН ҚЫзДЫң жОҚТАУЫ 
(Шешесінің жоқтағаны)
Ақ ешкі келе жатыр ұлағына,
Сүт берген үрпегінен шұнағына.
Қосылып, кел, екеуміз зарланайық,
Алланың тиер ме екен құлағына?!
Тапқаны ақ ешкінің екі ұлақ,
Біреуі ұлағының салпаң құлақ.
Ақ ешкі жерге қара, көдеңді же,
Табарсың, есен болсаң, тағы ұлақ.
Ақ ешкі, сен де мұңды, мен де мұңды,
Жаратты бір жаратқан бесеу сұмды.
Ақ ешкі жерге қара, көдеңді же,
Құдайым берер ме екен бізге тұйақ?!
Бойынан Досыкенің ел өтеді,
Шапаннан жалаң қабат жел өтеді.
Сығыр-ай! Мен зарламай кім зарласын?
Балқынның енді маған күні өтеді.
Досыкенің бауыры жалғыз тамды.
Айамай бар Құдайым жалғызды алды.
Елу беске келгенде сұмырай бетім,
Жалғызынан айырылып, аңырап қалды.
20
20
 В.В.Радловтан.

131
15. БАЙжІГІТ МҰРАТ
(Қатыны жоқтаған)
Бисмилла сөзден бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Бұлаңдап жүрген бағланым,
Қысқа болды-ау өмірің
Айаққа құйған астайын.
Құдай қосқан қосағың
Зарлап қалды жастайын.
Бес атаның баласы.
Мына бір сөзге қарашы,
Сенген жоқсың кеткен соң,
Кімге сеніп жүрсіңдер?
Алыстап бара жатыр ғой
Ағайынның арасы.
Артықша туған арыстаным,
Мақшарда біткей жарасы.
Әуедегі жұлдызым,
Су ішінде құндызым,
Ай қасында шолпаным
Қан қасында сұлтаным,
Суытып қойған тұлпарым,
Тұғырдағы сұңқарым,
Ақ бөкендей Ер далым,
Көзіне киген жырғалым.
Төрге шықса төбедей,
Төбеге шықса – төредей,
Сарғайа кел шақырсам,
Келер ме екен Құрмалым?!
Тарбағатай, Алатау
Ауасындай бел еді,
Көз жеткізсіз дариадай
Айдыны терең, мол еді.
Садаққа салған саржа оқ
Жебесіндей ер еді.

132
Садаққа салған саржа сым
Тартпай да шаппай бүлінді.
Жаумай да шашпай, жараңдар,
Басыма тұман ілінді!
Бір мен емес жылаған,
Қадірің жұртқа білінді.
Бес Байыстың баласы,
Тағы мына бір сөзге қарашы:
«Қос қалқаң қалды артыңда,
Көзіңнің ағы менен қарасы.
Нағашың сенің Шайанбай,
Қайын атаң аты Байанбай.
Бес атаның қамқоры,
Өзің сапар шеккен соң
Жұртына тығыр тайанды-ай!
Аңырап қалды артыңда
Таңдап алған зайыбың.
Байжігіттің ішінде 
Байанбай еді қайының.
Алтыннан ер бойатып.
Жібектен таққан айылын.
Жылаудан, жұртым, пайда жоқ,
Артының берсін қайырын.
Бас, бас, өлім, бас, өлім!
Бәрін де алған осы өлім!
Арғын, найман жыйылса,
Суырыла шыққан көсемім!
Жыладың деп сөкпеңдер,
Қанеки, менің есенім?!
21
21
 Мұрат Тарбағатайдағы найман елі ішінікі. Өлгеніне 60-70 жыл болған.
Қыр баласы

133
16. ЫСМАЙЫл ҚАН
(Қанымы Күнжанның жоқтағаны)
Бісміллә деп бастайын,
Асылық сөзді қоспайын.
Құдай бір басқа салған соң,
Ерегісіп, саспайын. 
Жылады деп сөкпеңіз,
Әлем білген өрімді
Жоқтаусыз қайтіп тастайтын?!
Мен жыламай, қайтейін,
Отыз жастың ішінде
Жесірде қалдым жастайын.
Кешегі менің Көкжалым
Әруақ қонған жасынан
Мың сан кісі жау келсе,
Жолдасын бермес қасынан.
Қарамаңдай қан еді.
Ақылды туған асылдан.
Асылдығының белгісі – 
Орын алған бабасы
Қазіреттің қасынан.
Арғымақ тұлпар жайлаған,
Ақ сұңқар салып, байлаған.
Мың сан кісі жау келсе,
Алдына салып айдаған.
Айтқаны екі болмаған.
Атының басын бұрмаған.
Айдынын бір көрген жау
Алдына қарсы тұрмаған.
Арманда өткен шырағым
Жеңіл де болсын сұрағың.
Әулие, пірлер медет қып,
Бейітте болсын тұрағын.
Толы бір топқа кіргенде,
Шоқтығы шығып сөйлеген, 
Әділдігі сонша еді –
Адамзаттың баласын

134
Өз ұлындай көздеген.
Ер құнына даулы боп,
Екі ұдай боп ел сасса,
Жақсы сөзбен жөндеген.
Өз ақылы болмаса,
Бөтен сөзге көнбеген.
Науқастанып кегенде,
Жұрт сарылып тіледі.
Тілегін Жаббар бермеген,
Көзінің жасын көрмеген.
Бізден бұрын өтіпті
Жүз жиырма төрт мың Пайғамбар,
Отыз үш мың патшалар.
Оларда бар ма өлмеген ?
Уа, дариға! Көнерміз,
Құдіреттің ісіне 
Пендесі бар ма көнбеген ?!
Гауқардан соққан ел жұртым,
Қанатым менің қайырылды.
Жүрегіме дақ түсіп,
Жасық пышақтай қайрылды.
Асылзада сұңқарым,
Өлгеніңді есітіп,
Адамзат бәрі қайғырды.
Тағдырды Құдай тез беріп,
Отыз жасқа келгенде,
Айбатымнан айырды.
Қақарына мінгенде, 
Шын ашуы келгенде,
Тілмаш құрлы көрмеген
Дуан басы майырды.
Не қылсада еркі бар
Құдіреті үлкен жаратқан.
Қадамың тайды шырағым,
Сүйіп мінген қара аттан,
Тағдырды Құдай тез беріп,
Ел сорына кез келіп,
Айрылдым, жұртым, Қарақтан!

135
Мырзалығы сонша еді –
Ғаріп менен қасірге
Барлық малын таратқан,
Енді мұндай жан тумас
Бөкей, Тәуке, Барақтан.
Тумай сөзге ілініп,
Ақ патшаға білініп,
Жастайынан шен алған,
Шапаны келген сенаттан.
Ақылымен ел алған,
Басшыға қалқы сайлаған,
Ешкімге сөзін бермеген,
Дұшпаннан қорлық көрмеген.
Жасынан-ақ әруағы
Күннен күнге өрлеген.
Замана жаман күнінде
Азғана күн жүрмеді.
Ырысы қайтқан жұртының
Көзінің жасын көрмеді.
Кешегі менің бекзатым 
Бесінде мектеп оқыған.
Алтыда ақыл тоқтаған.
Жетісіне келгенде,
Жетпіс жерден дін сұрап,
Құдықтай көзін шұқыған.
Сегізіне келгенде 
Сергердіге бас болған.
Тоғызына келгенде,
Толған айдай балқыған.
Тоғыздан онға келген соң,
Дәулеті көлдей шалқыған.
Он біріне келгенде
Ақылы асты қалқынан.
Он екіге келгенде,
Құрбы өтпеді нарқынан.
Жиырмадан өткен соң,
Енді отызға жеткен соң,

136
Салиқалы би болды.
Миуасы алтын шынарым!
Шынардай ағаш түбінен
Құдіретсіз сынар ма?
Қалық иесі тұрмады,
Жоқтамай көңілім тынар ма?
Көруге жұрты құмар-ды.
Пайғамбар сынды асылды.
Жайнап та жүрген бекзатым,
Су сепкендей басылды.
Алдыңнан Құдай жарылқап,
Бейіштің есігі ашылғай!
Періштелер жолдас боп,
Көр қыздары қосылғай!
Қоры ғылмат қызымет қып,
Түрлі нығымет шашылғай!
Келбетіңді қайтейін 
Гауқар, жақұт тасындай!
Күнәйіңді кешсін деп,
Ысқат беріп отырмын
Отыздағы жасыңды-ай!
Кімге тастап кеттіңіз
Қара Айтымбет еліңді?!
Дүниеден еркем өткен соң,
Қусырды жаман белімді.
Құдайдың өзі суалтты
Айдай шалқар көлімді.
Бұл барғаннан келмесең,
Бейіш барсаң – орын ал.
Қордың қызы жолықса, 
Бірін көр де, бірін ал,
Артыңда қалған ел жұртың,
Бала-шаға ойыңа ал.
Ұмытпа ойға алсаңыз,
Қыйаметте жолығар.
Бісмілла деп сөз айтқан
Шырағымда иман бар.

137
Сұм дүние, сағым боларсың,
Баршаны жалмап тынарсың.
Жылтырайсың быртыңнан, 
Өртенген ішің шынарсың!
Абайлатпай адамға 
Ақыр бір күн құларсың!
Кешегі кеткен арыстан,
Қайткенде естен шығарсың?!
Сөзімнің басы бисмилла,
Бісмілласыз іс қылма,
Құдірет салды-ау құрығын
Айдынды туған арыстанға.
Керуен көшсе – жол қалар,
Өткен дәурен сол қалар.
Қанаты сынса сұңқардың,
Қайраты болмас қарға алар.
Қапасы қатты дүние-ай!
Көзімнің жасы сорғалар!
Сұм дүние-ай, қазір көшесің,
Өткіздің ердің нешесін.
Бес күндей қызық көрсетіп,
Аларсыз ақыр есесін.
Біреудің алып баласын.
Жылатып қойдың шешесін.
Жетім қылдың жасында,
Біреудің алып әкесін.
Тыңдаңыздар, жақсылар,
Әуел сөздің басынан, 
Өлім жақын адамның
Көзі менен қасынан.
Ешкім жақын болған жоқ
Ол Мұқамбет досынан.
Сол ерді де зарлатқан,
Жалғызын алып жасынан.
Ойласаңдар, ағайын,
Жаман іс бар ма осыдан?!
Мұң тыңдаған, ағайын!

138
Мұңымды айтып шағайын.
Кешегі жүрген арыстанды
Қай жақтан іздеп табайын?
Әуелі Құдай, бісмілла,
Жат етейін рақымнан!
Біздей зарлап өткен жоқ
Бұрынғыда неше жан?!
Неше бек өткен, неше қан,
Бұрынғы өткен пайғамбар,
Бәрі өлімге болды тәм.
Бар кісіге жарасар
Өлімге де қылған сән.
Күні-түні зарланып,
Қарлығып тұр біздің ән.
Жапырағы алтын шынарым,
Жалын тимей сынар ма?
Оңмен аққан дариа.
Теріс айналдып тынар ма?
Асылмаған жан бар ма? 
Кешегі алтын шынарға?
Дабысына асық боп
Кім келмеген бұларға?
Алдырдым, қалқым, қайтейін,
Алтын сапты найзамды!
Жер ошақтай тесік жер
Жұтып салды дариамды.
Өзім деген кісіге 
Қылушы еді қайратты.
Қысылған жерде жол тауып,
Тигіздің қалыққа пайдаңды.
Жұрт сандалып сасқанда,
Табушы едің қайлаңды.
Жайна шықтың жасыңнан 
Сексеуілдің шоғындай.
Түскен жерін ұсатқан
Зеңбіректің оғындай.
Талғамай шапқан жүйрігім,

139
Ашың менен тоғыңды-ай
Айрылдың, қалқым, нарыңнан,
Көтерген ауыр қомыңды-ай!
Қайырға шалқар көл еді,
Дұшпанға асқар бел еді.
Қай теңдікке, ағайын, 
Жеткізбей кетті қолыңды-ай?!
Сайа салған адамға 
Шынарға шыққан бұтақтай.
Айтқан сөзім мәнілі
Ғалымдар жазған кітаптай.
Табынынан озған датқалар,
Таққа мінген патшалар
Таңылмай қалмас табытқа,
Жатқызбас кімді бұл тақтай?!
Қазан соғып құлатты-ау 
Қалқымның биік қаласын.
Біреудің алып баласын,
Жылатып қойдың анасын.
Ойлап тұрсаң, сұм өлім
Кімдердің тұтпас жағасын?
22
22
 Барақ Бөкей – Тәуке – Арыстанбек Ысмайыл қан.
 Майор – жаңа закүннен (1868-нші жылдан) бұрынғы аға сұлтан заманын-да окыруж- 
ной  піриказда,  осы  күнгі  пырокурордай,  орыс  төре.  Майорлар  қасқырдай  жегіш, 
тікендей тигіш, елге аурудай апат болған. Бір майор қазақтың қатынын басып, Ысмайыл 
қан  со  майорды  қуып,  Сібір  айдатқан.  Соның  қатыны  алдап  қонаққа  шақырып, 
Ысмайыл қанға мішпек су беріп, сонан ер 1867-нші жылы өлген. Күнжан Түркістанда 
Жолбарыс  қанның  нәсілінен,  шынар,  сексеуіл  деп  жырлағаны  содан.  Ысмайыл  қан 
бейіті Қарқаралы – Семей жолында, Талды өзені бойында, 40 шақырым Қарқаралыдан 
бекет жанында.
Қ.б.

140
17. ЕРТОРЫ
Аузыңа сусын бере алмай,
Басыңа жастық қойа алмай,
Ақ дидарың көре алмай,
Қапыда кеткен дүние-ай!
Серкесіз қойдай ұйлығып,
Кең дүниеміз болды тар!
Естен қалмас сұм қайғы,
Зақар болды татқан нәр!
Жатқан жерің айтайын:
Бабалы тау өң жағы,
Айыр кезең баурайы.
Он жеті кісі жөнелді,
Жеті кісі, жеті ат
Жатқанын жайрап көріпті.
Көкорай шалғын сайдағы,
Бір жерге сүйек жыйа алмай,
Көріп жанын қыйа алмай,
Уезднай, судиа,
Лекір келді сойғалы.
Кәпірдің сойуына болмады,
Шерменде болған сегізді
Бір жолға Құдай қорғады.
Сары алтыннан салмақтым,
Патша ұлындай ардақтым,
Екі кісі бас қосса,
Бір кісідей ардақтым!
Құдіреті күшті Құдай-ай,
Жас басымнан зарлаттың.
Кәпірге берсін бұл күнін
Біздей де болған бейбақтың.
Бабалы деген құрғыр тау

141
Жын мен сайтан ұйасы,
Тауындай болды тозақтың!
Аршындай бойлы алғаным.
Марқа қозы сықылды
Құрбыластан бағланым.
Көтермеске ылаж жоқ
Алланың басқап салғанын.
Арғы атамыз би өткен,
Ел тентегін түзеткен.
Арыстандай ате-кем,
Ате-кем, сіздей кім өткен?
Бір қосым ел Амантай,
Бәріне үлгі көрсеткен.
Суық сөз келсе, тұрушы ең 
Дұшпанға қарай бір шеттен.
Дәулеті, табы аз ауыл
Ақылменен күнелткен.
Үйде де жатып өлмедің,
Тағдыр жетіп бір дерттен.
Біздің елдің жылқысы
Жау алдынан бұйырды.
Былтыр менен биыл-ды.
Жеті кісі қосшы алып,
Ате-кем қуды қиырды.
Мына жауың күшті деп,
Шошынып тізгін жыйар ма?
Қарусыз қор боп өлді ғой,
Кінә да қойма бұларға.
Жас бейбақ, о қалай деп
Досым келер жылауға.
Дұшпаным келер сынауға.
Адыра қалғыр қара тал
Жарамды бұрауға.

142
Сынаған дұшпан сынарсың,
Азаматы сонда құласын.
Сұрағаным жоқ еді,
Біздейде болып жыласын.
Ате-кем елдің туындай,
Тазалығы көңілінің
Шарапат кәусар суындай.
Жайдары жайсаң мінезі
Ұжмақта қор қызындай.
Қасында бірге баласы
Сары алтынның буындай,
Асынса белгі жарасқан
Асыл пышақ қынындай.
Бірі қағып, бірі ілген
Аждақаның тіліндей.
Қарысқан сөзге қайраттым,
Қандардың ескі ұлындай!
Қажымайтын, қарағым.
Бұрынғының бетіндей.
Айтып, айтпай немене
Өтіп те кетті көрінбей.
Ақ мақтадай майдағы,
Қызыл гүлдей жайнады.
Алдынан өтпес үлкеннің
Қарсы отырып зарладым.
Күпірлік сөзім бар ма, жұртым?
Риза болып тұрамыз,
Алланың басқа салғанын.
23
23 1880-нші жылы Ерторы бас болып, жау алған жылқысын қуып, сол жаудан сегіз кісі 
өлген. Айыр кездің Түндік өзенінің бойы. Бошан (Қаз дауысты Қазыбек) жері, Ерторы 
арғын  ішіндегі  аз  ауыл.  Бір-ақ  болыс  Айғыржал  елі.  Бура,  найман,  Ертіс  бойында 
Семиар – Кіпитан қаласына қарама-қарсы Ерторы елінің жайы. Жоқтаған Ерторының 
екі келіні.
Қ.б.

143
18. жОлДЫБАЙ
Әкекем менің арманда,
Жалғыз жылар жалғанда.
Бармас па едім басына,
Қалқың жиылып барғанда?!
Со жерім жалған болды
Тұйақсыз артың қалғанда.
Тұйақ та болар балаң жоқ.
Өтіп кетті дүние боқ.
Қыс қыстауың бос қалды,
Әкекем менің қона алмай.
Сегізім өлді бір жолда,
Аттанған жолың оңа алмай.
Жесір қатын, жетім қыз
Бір үйде жатыр қайғы жеп.
Арғын, Найман ішінде
Есітпедің мұндай кеп.
Жаумен соғыс салғанда,
Ел-жұртың болды арманда.
Кек алар деп ойладың
Амантайдың көп елі
Артында бай боп қалғанда,
Қырғынды қойдай көрмеді.
Жетім менен жесірге
Ақыл тауып бермеді.
Қойын бағып құлдықтан,
Жауетейдің жандары 
Кемеліне келмеді.
24
24
 Жолдыбай – Ерторының жолдасы. Амантай Жауетей екеуінің руласы. Әкесін жоқ- 
таған жалғыз қызы Гүл-жәмила.
Қ.б
.

144
19. ЕСМАҒАМБЕТ
(Қатынының жоқтағаны)
Бісміллә сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған
Дүние деген осы ма?!
Көңілден қайғы босатсам,
Келер ме көздің жасына?
Жыламай нағып шыдайын
Кешегі өткен асылға?
Асылым түсті қолымнан,
Қанаттым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым
Адастырды жолымнан.
Отыз төртке келгенде
Ұйадан ұшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.
Мезгілсіз келді кезегім,
Қызығыңа қанбадым.
Кәлам шарып қат оқып,
Ісләм жолын аңдадың.
Жан тәслім болғанша
Ақылыңнан таңбадың.
Сонда біліп, ойладың 
Құданың назар салғанын,
Амандаспақ сол күні
Көңілде болды арманың.
Амандастың жұртыңмен,
Бұйрығы деп Алланың.
Иманыңды құрметтеп,
Періште келсін қабарға.
Артыңда қалған бір нашар
Іздегенмен табар ма?
Кешегі сөнген шамшырақ
Орнына қайтіп жанар ма?
Дәуірлеп ұшқан бала құс
Тұғырға қайтіп қонар ма?
Дүние дәулет болса да 
Алғанымның тұсындай,
Енді дәурен болар ма?
25
25
 Қарпық ақын шығарған.

145
20. ЕРҒАзЫ
(Қатынының жоқтағаны)
Жылады деп қалайша,
Сөге көрме, жамағат.
Алты ай жүрген жолынан 
Келіп еді саламат.
Көрсетерін Құдайының
Білмеді ме ғаламат?
Сабыр тұтып отырып,
Таба алмады рақат,
Сапарланып аттанды
Ырғыз деген қалаға,
Барып пошта саларға,
Не жақсылық, жамандық,
Бір қабарын аларға.
Бастап шыққан жол ма екен
Тура келген ажалға?
Қайырылмастай күн бе екен,
Қатын менен балаға?
Қорғасындай дерт екен.
Көңілдегі санаға?
Жолықпаста мерт пе екен
Елдегі кіші, ағаға?
Отырған жақсы, қабар ал
Біз ғаріптің қалынан.
Өрттей қайнап жанамын
Іште дертім барынан.
Жесір қатын, жас бала
Адасты құба нарынан.
Ғаріпшілік күн болды,
Сұңқарлар ұшқан қолынан.
Ордалы құлан түйсініп,
Болды ма қабар тағынан?
Мен бишара зар еткен
Айырылып сәулет бағынан.
Қырық бір жаста қиылтып,
Оздырмай алды шағынан.
Тарқатайын шерімді,
Рұқсат болса қауымнан.
Сымбаты сұлу сәулеттім.
Кезегі жетті нәубеттің. 

146
Өлі менен тірінің
Арасында меңдеттің.
Адастырып ақылдан,
Жас баланы сеңделттің.
Тағдыр да жазса Құдайым,
Табылмаған дауасы.
Аты шықан үш бектің 
Тасын еді қанасы.
Дұшпаны сай тең болып,
Орыс, қазақ баласы,
Базынадан басталған
Нақақ еді жаласы.
Кемшілікке шыдамай,
Ұзады істің арасы.
Табылмады әкімнен
Әділдіктің сарасы.
Қоспады ма жақсы Алла,
Ашылмады істің ырасы.
Өткен күзден бер қарай 
Қисайып еді жағасы,
Үкіметпен бенде ғып,
Облыс Торғай қаласы.
Тасқа тиіп, мұқады
Арғымақтың тағасы.
Бұлы қымбат манатым,
Мілліондік бағасы.
Ұстаудан шығып келген соң,
Артықша болды қанасы.
Белін шешіп жатпады,
Жалғанның болмай опасы.
Решение жасалып,
Істің болды шатасы,
Есінен кетпей, аһ ұрды 
Туысқан, туған ағасы.
Құлағандай көрінді
Жел жағының панасы.
Жазуынан артылып,
Қайда барар бәндесі?
26
26
 Қарпық ақын шығарған. Ерғазы – Шошақтың баласы, Байтұрсынмен бір туысқан. 
Байтұрсын  Торғайдың  ойазын  сабап  ұсталып,  Сібірге  айдалған.  Сонда  Ерғазы  сол 
іспен жүріп қайтыс болған. Бұл шамамен, 1883-нші жылы болған. 
Қ.б.

147
21. ӘБДІРАҚМАН
Талаптың мініп тұлпарын,
Тасқыйаға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің,
Әр қиынға сермедің.
Көзіңді салдың тұрғыға,
Бейнетін қиын көрмедің.
Бірге оқыған құрбыға 
Бас бәйгені бермедің.
Бала болдың, жас болдың,
Жалғандыққа ермедің.
Төре болдың, бас болдың,
Көкірегіңді кермедің.
Ел ішіне сау келсең,
Тағылым айтпас ер ме едің.
Жол көрсетіп сонда өлсең,
Арманым бар дер ме едім.
Іздеп табар жалғаннан
Бала берген пәнде едім.
Пәнде өлмейді арманнан,
Мінеки, мен де өлмедім.
Кешегі өткен ер Әбіш
Елден бір асқан ерек-ті.
Жүрегі жылы, бой құрыш,
Туысы жаннан бөлек-ті.
Өнері оның жұрт асқан
Ғылымға көңілі зерек-ті.
Айамаған ғаріптан
Қолдан келген көмекті.
Кісіге міндет жүктетпей,
Еңбекпен тапқан қоректі.
Біреудің қылған қарызын
Айтқызбай артық төлепті.
Бойамасыз ақ көңіл,
Кірлетпей кетті жүректі.

148
Ойламаған өлімнен,
Жасқанамын демекті.
Тағдырға тәбділ бола ма?
Сабыр қылсақ керек-ті.
* * *
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай.
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жаужүрек жомарт құбылмай.
Жақсы өмірің бұзылмай,
Жас қуатың тұра алмай.
Жалын жүрек су алмай,
Жан біткеннен түңілмей.
Жағалай жайлау дәулетің
Жасыл шөбің қуырмай,
Жарқырап жатқан өзінің
Жайдақ тартып су алмай.
Жайдары жүзің жазылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай.
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өлмесін иапырм-ай!
27
27
  Әбдірақман  –  Түменде  екінші  басқыш  мектеп  бітіріп,  ескі  Петерборда  зеңбірек 
қолданатын әскер бастықтары оқитын мектеп бітіріп, әскер бастығы болып, Алматыда 
қызметте  жүргенде,  1895  жылы  27  жасында  өлген.  Ақын  Абай  баласы  Әбішті 
жоқтаған. 
Қ.б.

149
22. ОРМАНБЕТ
Бісміллә деп бастайын,
Медет тілеп Алладан.
Қабыл қақтан болғанда,
Мінәжат дұға бендеден.
Қазіретті қаққа айтамыз
Сансызбайыңды санадан. 
Салауат, төрт Жаппардың
Абзал туған пайғамбар
Екі дүние панадан.
Асыл әулет асқаққа,
Өлік-түлік мүскінге,
Қайыр дұға қылыңыз!
Жиылған көп қалайық,
Қалмасын мөр арадан.
Алпыс екі әдетпен
Артылып сөз сөйледің,
Қайғы асқан соң шарадан.
Бұйырмаңыз айыпқа,
Сөз тыңдаған жамағат,
Не насиқат шығады
Біз сықылды баладан?
Рұқсат қыл, әлеумет,
Аз сөйлейін назымды.
Қақары қатты қыс қалды,
Жасаған алла жазымды.
Көңілдің гүлін сындырып,
Лашын құсқа алдырып
Көлде үйрек, қазымды.
Қазан желі қатты үріп,
Мезгілсіз, қалқым, құратты
Көкорай шалғын сазымды.
Шариғаттан аспайын,
Біраз сөйлеп тастайын
Марқұм шайы базымды.

150
Қасымнан өтті дүниеден
Алдыңғы жылы сәуірде.
Бір сырбаз сондай болар-ақ,
Өкінсе бенде тәуірге.
Әкемізден айрылдық,
Қайғы-қасірет қосылды-ау
Басылмай жүрген әуірге.
Сегіз ұлдың кенжесі,
Бір Құдайдың бендесі,
Меруерт тастың сынығы.
Шақ шараптың тұнығы,
Мұсажаннан айрылып,
Үйде жұмыс тәуір ме?!
Бергеніне шүкірлік,
Алғанына сабырлық.
Тапсырдық істі тәңірге!
Он сегіз мың ғаламда 
Мақлұқ жоқ өлмейтін,
Өлшеулі өмір біткен соң,
Аманатын бермейтін!
Со нәубет бізге тап болып,
Еңбекті болдық еңірейтін.
Басты салдық базарға,
Бақшада қызыл гүл едік.
Басқа отырып төрлейтің,
Оның үшін сарғайтты
Әкесі мен қос мырза
Базарға кетіп келмейтін.
Үлкені аңның құлан-ды,
Көтермес о да екі оқты.
Арғымақтан айрылдық.
Іздеп жүріп бір жоқты.
Сөндірер енді кім қалды.
Ыршып түскен бу шоқты?
Оның үшін, әлеумет,
Үлкен үйде тұрмады.

151
Көрпелес кенже бір тоқты.
Қасым, Мұса әкеміз
Дертіне опа қылмаған.
Қайтеміз жинап бұл боқты?
Сөз бастайын атадан,
Бұйырмаңыз айыпқа.
Тіл сүрінсе қападан,
Ақыл озып, ой кейіп,
Көкіректе қайғы татадан.
Қаракесек ішінде
Аз тобықты жүріппіз,
Затымыз таза шатадан.
Ұлт намысын сөйлейтін,
Осы отырған әлеумет,
Тастамаңыз батадан.
Қарекем айтқан қалқына
Ықтимал деп Арқаны
Орыс келсе алуға.
Сонан соң көштің Шыңғыстан,
Жиделі Байсын баруға.
Құбылаға бас тарттық,
Ағайынға көп айттық,
Кісі қайда таңуға?
Қалың елден өте алмай,
Жауынгершілік жете алмай,
Себеп болды наданға
Мұнда тұрып қалуға.
Аз ауыл мұнда жүріпті,
Жеті момын бір ауыл
Қажет болып қамданды
Сөзді өзіне салуға – 
Қанжығалы, Тобықты
Қатар туған Момыннан,
Сары жетім, Шақшақ боп,
Бәсентиын соңынан.

152
Атығайда қарауыл.
Онан артық қай ауыл?
Жартылған оңынан
Жетім Момын бір ауыл.
Белгілі бекзат би шыққан
Әрбірінің соңынан.
Арғы атасы қалтарыс,
Ішінде көп бұлтарыс.
Момынан артық бірі жоқ,
Айтылмай егер қалмаса,
Жоқтаушының жоғынан?
Дүниенің сөзі бір бөлек,
Айтып-айтпай не керек,
Әлем асқан маңғаздар
Қалмады-ау қаза оғынан!
Шақшақтан шыққан Жәнібек
Қазақ ақылын ұлғайтқан.
Қараменді бабамыз
Үш жүзге өрнек үлгі айтқан.
Қанжығалы Бөгенбай,
Қанға бермек тізгінін,
Өз теңімен қол тартқан.
Атығайлы Зілғара,
Бәсентиын Қазанқап
Ақ патшаға сыр айтқан.
Тобықтыда Құнанбай,
Бәрінің туы болыпты!
Қатесі барма сөзімнің,
Әлеуметтер, бұл айтқан?
Қаракесек қадірлеп,
Ағайын қылды заманнан.
Ақсақ Қалдау Манас боп 
Таралады наданнан
Сармантай, Жантас, Байжомарт
Кем болмаған адамнан.
Елу жылда 
– 
ел жаңа,

153
Жүз жылда қалмас қазаннан.
Сен қасқадан айрылдық!
Суарарға кім қалды,
Қадалса тікен табаннан?!
Құнары қанша болады,
Топырыш түйе тобышақ
Қойғада жетпес шабаннан.
Қазық болған қалқына
Қалдау абыз – бабамыз.
Ақ табан шұбырынды болғанда,
Жиылмаған сабазым.
Немересі Қарекем – 
Қан Абылайдың жарғышы,
Билікке оны табамыз.
Бір белгілі Бегімбет,
Қожамқұл туды құрт болып,
Аш-арықты сақтауға
Әзірден келді шамамыз.
Дербісалы жайсаң атанған,
Арқатай оққа ұшқанда,
Алып шығып сүйегін,
Қан Абылайдан бата алмай,
О да біздің бабамыз.
Балтабай, Қармық, Белгібай
Қажырлы туған ерлік сай.
Жауға елін бермеген,
Адамнан қорлық көрмеген,
Олардың болсын жаны жай.
Ақсақ пенен Қалдауды
Ақылменен меңгерген,
Аз бенен көпті тең берген,
Құрама жиып, ел қылған,
Құрақ жиып күнелткен.
Менменсіген ерлерді
Алдына қойдай өңгерткен,
Байжомарт дем ел айтқан,
Қайран да үлкен әкем-ай!

154
Өз әкемнің тақырыбын
Аз сөйлейін, әлеумет.
Өлшеулі күн біткен соң,
Жан денеге аманат.
Қазақтың өріп марданы,
Үндемей қалса жаманат.
Қос бүйірімнен оқ тиіп,
Лаж таппай ыңырандым,
Қайғы батты қабағат.
Белде жатқан белгілі
Бес Бөкеннің баласы,
Ортадан орын алыпты
Майқы менен Танасы.
Тобықты, Керей, Төлеңгіт,
Көл Балқаштың жағасы,
Әр ауылда бар шығар
Жігіттердің ағасы.
Әкем өтті-ау дүниеден,
Ақылға диуан данасы!
Ала болған жұмысты
Ебін тауып бітірген.
Оның үшін, әлеумет,
Алдына келіп табысқан
Әр ауылдың аласы.
Қаракесек қадірлеп,
Қалдырмады қадірден,
Ақылдының сарасы.
Орыс, ноғай, сарт, қазақ
Орын берді төрінен
Қарқаралы қаласы.
Жанаттай жайын қылсын деп,
Қайыр дұға қылдыңыз,
Мұсылманның баласы!
Он екі ойаз бас қосып,
Бір жерде сиез болғанда
Топбасыға қосылған.
Жаннан асқан Шалменде

155
Жан дәулеті алдында 
Бір ауыз сөзбен тосылған.
Шоқайда сиез болғанда,
Қуандының бір құты 
Таңгелдіұлы Берменді
Алдырған соң ақылын,
Қайла таппай қысылған.
Шариғаттан аспайын,
Өтірік мақтан қоспайын.
Қайыр дұға қылыңыз,
Жиылған көп мұсылман!
Абзал туған әке-кем!
Екі болыс наданның 
Арасынан туыпты,
Ақсақ менен Қалдаудың
Ырысына туыпты.
Қараекем туын қатты ұстап,
Игіліктің жолын қуыпты.
Жат жұртқа жан қоймас,
Қалықтың қисық жұмысын
Мінезімен жуыпты.
Белгілі жау келгенде,
Күн бұрын алдын буыпты.
Ақыретін, Алла, оңғар,
Әкеме дұға қылмаған
Жалғаннан көңілім суыпты.
Қалқыма шолпан, құт болып,
Өмірінше бейкүнә
Ғаріп пенен қасерге
Қастық қылып тимеген.
Қара тастай жуанды
Қамыр қылып илеген.
Жан-жағына жау келсе,
Қайғы қабақ түймеген.
Қынабы жоқ қылыштай,
Екі жүзі құрыштай,
Қақарлы қарын көрсетіп,
Дұшпанына сөйлеген.
Ақылменен тәрбиелеп.

156
Ақымақты би қылған.
Қарасы жоқ қуларды
Қатардағы үй қылған.
Ауырсынбай мың бұтты,
Өрге қарай сүйреген.
Қаратал, Саға-екі өзен
Қайратпен алған қонысы.
Жауларға беріп бостандқ.
Тамамдалған соғысы.
Алдына қарсы шықпаған,
Жүзін көрсе, ықтаған,
Ақсақал деп сыйлаған
Тамам елдің болысы.
Құдайының берген шағында,
Басына қонған бағында,
Жұмысын қисық Демеген
Бір дуанның орысы.
Қажет емес дүниенің
Отасы мен толысы.
Қаңтардағы аяздай
Жауратпай еш қоймаған
Егер тисе дұшпанға
Ашуының долысы.
Қисығы мақұл болысын,
Қызыр бабам қолдаған.
Қырысынан сескеніп,
Бетіне шыбын қонбаған.
Қыран бүркіт секілді
Шарыққа шығып тоңбаған.
Өнеріне сенімді,
Өзінің көңілі болмаса,
Ойаз айтса болмаған.
Ит жүгіртіп, құс салған,
Аңға да қылған сайатты.
Лашын сұңқар ақ тұйғын
Қолынан жеп тойатты.
Киік, құлан, үйрек, қаз.
Жел жетпеген жүйріктің
Сауырын қанға бойатты.

157
Шыдай алмай ерлікпен,
Құмарланып берілікпен,
Сөйтіп көңіл жұбатты.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Кетпеді ат кермеден.
Тобыршаққа мінбеген.
Қысы жазы шаңқылдап,
Кетпеді қыран іргеден.
Берден келері мойнында,
Қылқымас қылыш жанында,
Құралсыз құры жүрмеген.
Құдайының берген шағында
Қиын түсер қылышты
Қырық қадамнан сермеген.
Ерлігінде есеп жоқ,
Жүз кісі жау келсе де,
Бір кісідей көрмеген.
Тәуекел деп тәңірге,
Ажалың тұр десе де,
Өрге қарай өрлеген.
Қалың топқа жол бастап,
Береке боп ел бастап,
Кісі артына ермеген
Ағайынды қадірлеп,
Алаштан бетер сыйлаған.
Бас-басына бек қойып!
Бәріне нөкер жинаған.
Паналады сайасын
Каріп-қасер, бұралқы
Ауыл жұртқа сыймаған.
Анадан артық мейірман,
Келін-кепшік, ұл-қызын
Сүйікті қылып, қимаған.
Үлкен аға, кіші іні
Көзінің жасын тыймаған.
Қысы-жазы жүйрікті
Кермеде байлап баптаған.
Сақып қыран мінезді,
Найзасын жауға саптаған.

158
Белгілі бидің тұқымы
Белгілігін сақтаған.
Ойазына сенімді,
Ойаз айтса, болмаған.
Не дегені қабыл боп,
Дүнеден көңіл қалмаған.
Балаларын бас қылып,
Ертерек бұрын тоқтаған.
Осылай шығар расы,
Шариғатқа сыйар ма
Өтірік мақтап жоқтаған?
Көңіл сүйген досына
Мінезі жұмсақ мақтадан.
Қақары келген дұшпанға
Қадалған тікен табаннан.
Алпыс беске келгенде,
Жалғаннан өтті тарыпай.
Дүниеден сапар шеккен соң,
Асусыз сары белім деп,
Ағайын жұрты қамықты-ай.
Серпіні бар құдам деп,
Серік қылып сыйласты
Тілешбай мен Жалықбай.
Ақсақ, қалдау 

 бір ауыл,
Дұшпан көрсе 
– 
бір бауыр.
Ендігі жұмыс болар ма
Дәл бұрынғы нарықтай?!
Есті туған жобалай
Еркелігін тастады,
Дұшпандыққа баспады.
Ағасынан айрылып,
Қолдағы елі тарықты-ай!
Ақсақалға ел қалды,
Шаруаларға жер қалды.
Билей алсақ қалықты-ай!
28
28
  Ормамбет  –  1901-нші  жылы  өлген.  Баласы  ақын  Нармамбет  жоқтаған.  Ол  1919-
ншы жылы дүниеден озған. Бұлардың елі Тобықты, Балқаш көлін қыстап, Тоқырауын 
өрлеп көшіп, Сарыарқаны жайлайды. Ормамбет бейіті Жалаңаштың басында. Бұл да 
Тоқырауынның бір тарауының басы.
Қ.б.

159

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет