О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет111/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

құттықтаймын!

1-үлгі. 
Ресми
Құттықтаухат!
Құрметті Мөлдір Мұхтарқызы!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сізді кандидаттық 
диссертация қорғауыңызбен шын жүректен құттықтайды.
Біз сізді білікті маман, тәжірибелі заңгер ретінде зор құрмет 
тұтамыз. Ұжымда істеген 15 жыл ішінде сіз заң кеңесшісі қызметінен 
бөлім бастығы қызметіне дейін көтерілдіңіз, жас мамандарды даярлауға 
үлес қостыңыз. Қазақстандағы қаржы және экономика мәселелері 
бойынша байыпты еңбектер жарияладыңыз.
Құрметті Мөлдір Мұхтарқызы, әріптестеріңіз сізді кандидаттық 
дәрежеге жеткен жетістігіңізбен құттықтайды. Сізге еңбекте табыс, 
отбасыңыздың амандығын тілейді.
Шынайы ниетпен: әріптестеріңіз.
Алматы қаласы,
11 қараша 2009 жыл


181
Орынғазы Әбутәліп

2-үлгі. 
Ресми
Құттықтаухат!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
сыйлықтың иегері, филология 
ғылымдарының докторы, профессор 
Қалиев Қайрат Қалиұлына
Қадірлі Қайрат Қалиұлы!
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем 
тілдері университеті ұжымы атынан сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен 
шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздің қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуына қосқан үлесіңіз ерекше. 
Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! 
Ғұмырыңыз ұзақ болсын!
Ізгі ниетпен, 
Қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы

3-үлгі. 
Бейресми
Құттықтаухат!
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Далақайнар ауылында тұратын 
біріміздің асқар таудай ағамыз, енді біріміздің ізетті ініміз, ұлағатты 
ұстаз, өнегелі отбасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет