О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет55/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   161
Құжаттың атауы
 
парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай 
үлкен әріптермен жазылады. 
Негізгі мәтінде
 
атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын 
қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет 
бабында жеткен жетістігі жазылады. Әріптестерімен карым-қатынас 
жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы жазылады. 
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу 
жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру 
қабілеті де кіргізіледі.
Кепілдеменің қорытынды бөлімінде: 
1

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысуға 
лайық тұлға, кәсіби біліктілігі жоғары маман деп санаймын.
2. Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы 
бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіремін
деген түйінді 
сөздер қолданылады.
Кепілдемеде талап етуші ұйымның ресми атауы толық көрсетіледі. 
Кепілдеме беруші туралы мәліметке кепілдеме берушінің аты-жөні, 
ресми қызметі, дәрежесі жазылады.
Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.
Кепілдеме ресми стильде, еркін түрде жазылады. 

1-үлгі
Кепілдеме
Оңғарбаева Әсем 1989 жылы, 16 наурызда Алматы қаласында туған. 
Білімі – жоғары. Ұлты – қазақ. ҚР азаматы.
2006 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы-
экономика факультетіне оқуға түсті. Қазір екінші курста оқиды. 
Оңғарбаева Әсемнің адамгершілік қасиеті, адамдармен тіл табысу 
қабілеті, жауапкершілігі өте жоғары. Әсем өзіне тапсырылған қандай 
жұмысты да шығармашылықпен атқарады. Өзінің таңдап алған 
мамандығын жақсы көреді. Қазақ тілі сабағында «Менің мамандығым 
Отаныма қандай пайда әкеледі?» деген тақырыпта «тұсаукесер» жасады. 
Осы жұмысты атқару барысында әлемдік экономиканың тарихына, бүгінгі 
күніне шолу жасап, өз еліміздің экономикасын дамыту үшін қандай іс-
шаралар жасауға болатынын, әр азаматтың оған қосар үлесін, кейін маман 
болып шыққанда нақты қандай жұмыстарды атқаратынын дәлелдер келтіру 
арқылы баяндады.


81
Орынғазы Әбутәліп
Әсем – өз Отанын жанымен сүйетін патриот. Өз елінің мемлекеттік 
рәміздерін, яғни Елтаңбасын, Туын және мемлекеттік тілін қадірлейді. 
Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдебиетін жақсы білуді азаматтық 
парызым деп санайды. Әсемнің ұлы жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» 
роман-эпопеясы бойынша жасаған «өздік жұмысы» топтастарының 
көңілінен шығып, үлкен баға алды. Осы шағын ғылыми жұмысын 
қорғау барысында Әсемнің азаматтық тұлғасы айқын көрінді. Әлеммен 
Қазақстанды теңестіретін күш – рухани мұра екенін, қазіргі жастардың 
ұлттық құндылықтардан алыстап бара жатқандығының аяғы үлкен 
қиындыққа апаратынын жан-тәнімен сезініп, жастарды ізгілікке шақырды. 
Әсем өз ойын қазақша, орысша, ағылшынша еркін жеткізе алады. Жұрттың 
алдына шығып сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өзін еркін ұстайды.
Қорыта айтқанда, Оңғарбаева Әсемді Қазақстан үшін жан-тәнімен 
еңбек ете алатын, тәуелсіз еліміз үшін, оның экономикалық, рухани 
дамуына үлес қосатын студент деп бағалаймыз.
Оңғарбаева Әсемнің келешекте Қазақстан экономикасын өркендетуге 
үлес қосатынына, ел сенімін ақтайтынына кепілдік беремін.
Кепілдеме беруші:
ҚБТУ, Қазақ және орыс 
тілдері кафедрасының 
ассоциативтік профессоры, п.ғ.д.
1 маусым, 2010 жыл _____________________________ 
К. Құрманбай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет