О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет85/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   161
6.
Келісім түрі:
Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жө- 
нінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себебі көрсетіледі. Мысалы:
«Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырған- 
дықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады».
7.
Келісім мерзімі:
Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. 
Даталар санмен де, жазбаша да, я болмаса 2 нұсқада да көрсетіледі. Мы-
салы:
«Келісім (2000 жылдың 20 мамырында) екі мыңыншы жылдың
жиырмасыншы мамырында күшіне енеді». «Келісім (2001 жылдың
20 мамырында) екі мың бірінші жылдың жиырмасыншы мамырында
өз күшін жояды».
8. Сынақ мерзімі:
Егер жұмысшы сынақ мерзімімен қабылданатын болса, онда оның 
мерзімі көрсетіледі. 
Сынақ мерзімі күнмен де, аптамен де көрсетіле береді. Мысалы: 
Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді. / Жұмысшы үш ай 
сынақ мерзімімен қабылданды.
9. Жұмысшының міндеттері:
Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері және оның қандай құжат 
(бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсеті- 
леді. 


137
Орынғазы Әбутәліп
Мысалы: 
– жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
– келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті 
сақтауға;
– техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
– мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
– ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті.
10. Жұмыс беруші міндеттері:
Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз 
ету, еңбекақы төлеу мерзімі; медициналық сақтандыру, зейнетақымен 
қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер ай-
тылады. Мысалы: 
Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне 
сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. 
Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы 
Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет