72
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
1-үлгі. Қызметтік түрі
Мінездеме
Әлиханов Қуаныш Өмірбекұлы 1981 жылы 5 қаңтарда Семей облысы,
Аягөз ауданы, Баршатас ауылында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
Қазақстан Республикасының азаматы.
1998 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы әл-Фараби
атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, оны 2003 жылы
үздік дипломмен бітірген. 2003 жылы Қазақстан-Британ техникалық
университетінің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып қабылданды.
Қ.Ө. Әлиханов – оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті маман. Сабақ-
тарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді. Қазіргі сабақ
жүргізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін практика жүзінде белсене қолданады.
Ол кафедраның тәрбиелік іс-шараларына үнемі қатысады, сонымен
қатар студенттермен жеке оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүйелі түрде
өткізіп тұрады. Алматы қаласында өткен «Абай тағылымы» атты ғылыми
конференцияға қатысты. Мақалалары бар.
Қ.Ө. Әлиханов – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Берілген тап-
сырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Мінезі ашық. Студенттер мен
әріптестерінің арасында беделді. Сынды дұрыс түсінеді. Ол қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі
мол.
Мінездеме оқытушылықтан аға оқытушылыққа өту үшін беріліп
отыр.
Мінездеме беруші:
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д., профессор
К. Құрманбай
25 мамыр, 2010 жыл
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: