О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет72/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   239
                                                                        (қолы)   
 
 


73
Орынғазы Әбутәліп

2-үлгі. Аттестациялық түрі
Мінездеме
Сыздықов Болат Бақытұлы 1967 жылы 15 ақпанда Шымкент облысы, 
Түркістан  қаласында  туған.  Ұлты  –  қазақ.  Білімі  –  жоғары.  Қазақстан 
Республикасының азаматы. 
Болат  Бақытұлы  1985  жылы  Түркістан  қаласындағы  Сейфуллин 
атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін 1985 жылы Алматы қаласындағы 
қазіргі  Ұлттық  техникалық  университетінің  компьютерлік  техника 
факультетіне оқуға түсіп, оны 1990 жылы бітірген. 
1990-1992  жылдар  аралығында  Ғылыми-жобалау  институтының 
аға  ғылыми  қызметкері.  Қазіргі  уақытта  Қазақ  ұлттық  техникалық 
университетінің  «Металлургия»  факультетінің  аға  оқытушысы  болып 
істейді. 
1993-1997  жылдар  аралығында  ҚазҰТУ-дың  өндірістен  қол  үзбей 
оқитын  аспирантурасында  оқып,  1998  жылы  кандидаттық  диссертация 
қорғады.
Б.Б.  Сыздықов  –  өз  ісін  жетік  білетін,  тәжірибелі  маман.  Ол  –  бір- 
неше  ғылыми  еңбектердің  авторы.  Б.Б.Сыздықовтың  «Металлургия 
өнеркәсібінің  терминдері»  деп  аталатын  еңбегі  Шоқан  Уәлиханов 
атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б. Сыздықов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютер 
бағдарламаларын жетік меңгерген. 
Б.Б. Сыздықов студенттер мен әріптестерінің арасында беделді. Мі- 
незі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Үйленген. Үлгілі отбасы иесі.
Б.Б. Сыздықов қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық.
Мінездеме  ҚазҰТУ-дың  Ғылыми-техникалық  орталығының  бас 
маманы қызметіне ұсыну үшін берілді.
Мінездеме беруші:
Металлургия факультетінің
деканы, т.ғ.д., профессор
А. Өмірбеков
8 сәуір, 2009 жыл                                ________________________
     (қолы)


74
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет