Ө ресі жетпей, Күндестік қы лған оңбайды



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата16.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 5343948633538566082

10 ақпан 1974 ж ил
Газеттерге ұсынғандардан әзірге хабар-ошар 
жоқ. Ж ары қ қа шығара ма, ж о к па, білмеймін.
Ж аным ауырып, күйзелу үстіндемін. «Зову 
я смерть, мне невтерпеж» (Ш експир), ¥ я т та, 
басқасы да шыдатпай барады. Не істеуім 
керек?!
27 қаңтар 1974 жыл
19


2 мамыр 1974 жыл
Білгендерін істеп бағуда. Не ж а за бар, бә- 
рін колдануда. Милицияға да бірнеше рет 
тапсырды. Енді қам атп ақ ойлары. Көлеңкемнен 
қорқатын халге жеткізді. Милиция қаш ан келіп, 
қаш ан алып кетер деген қауіптемін. Әнеу күні 
милицияда асылып өлмек те болдым, балала- 
рымды қимадым. Мойныма тұзақ салып сәл 
тұрдым да, ойландым... Бұл халге де жеткізді. 
Соншама не істеп қойдым бұларға?! Себепсіз 
адам өлмейді... О, не деген қиын уақытта 
өмірге келгеміз, бауырым...
25 мамыр 1974 жыл
Келесі жылдың ' осы күні қандай күйде 
болатыным м аған мүлдем белгісіз. Ж алпы, ме- 
нің бүкіл саналы өмірім, осы күдікті шыр 
айналумен келеді. Мен тіпті дәл ертең не бола- 
тынын да білмеймін. Әрдайым белгісіз бір 
күйде қалам.
Биыл 19 майда өмірімде бірінші рет, бәлки 
соңғы рет үлкен кісіге өтініш білдірдім. Оның 
атына орысша жазып, үлкен хат жібердім. 
Шынымды айтып, ашына бәрін мойындадым. 
Ешкімге шағым айтпадым. Бұл әрекетімнен не 
шығатыны, мені алдымда не күтіп тұрғаны — 
белгісіз. Хатым колына тие ме, білмеймін, ол 
өзі оқып танысар ма екен, әлде ж оқ па? Мені
20


тек бір нәрсе үміттендіреді; егер ол өзі танысса, 
сондай үлкен адам да қалайш а үлкен жүрек 
болмайды?! Оған өтініш білдіріп отырған көп- 
тің бірі емес, ақын ғой, нәзік жанды ақын... 
Әзірше күтудемін.
«Чили шуағым менің!» 27 акпанда (1974) 
«Социалистік Қ азақстанда» толы қ басылды... 
Ж ұртты ң бәрі бір адам дай ж ақсы қабылдады. 
Көргісі келмегендер көрмей-ак койсын.
Бір нәрсеге өзіме-өзім дән ырзамын. Ол 
өзімнің — акындык болжамым, ақындық инту- 
ициям, П абло туралы мекің поэмамнан кейін 
одақтык баспасөзде көп материалдар ж ария- 
ланды. Әрине, олардың бірімен де мен таныс 
болған емен. Солармен кейін таныса отырып, 
дәл басып, бұрын білмеген 
жайттарымды 
алды н-ала нақ айтқаныма м ақтанам. Неру- 
даның сүйегін қабірінен қазып, ұрлап әкетіпті, 
кітаптарын дртепті. Мен мұны білгем...
21


* * *
Сүйікті балалары м менің! Акылсыз бол- 
маңдар! Өмір тола кауіп, абай болыңдар! 
Өмірдің әрбір күбылысына байыппен, акылмен 
караңдар! Ж өні ж оқ мейірбан, ж ұм сак бол- 
маңдар. Өмір барда ж ауы зды қ та бар. Мейір- 
бандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты же- 
ңуге болмайды... Бір сөзбен айтқанда, сүйе 
де, ж ек көре де біліндер, бірақ әрқаіианда адам 
қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, 
әрдайым өздеріңді қорғай біліндер!
Балалары м менің! Балалары м менің! Егер 
сендер түсінсендер ғой мені...
* * *
Ерте-ертеде Нерон патш а өмір сүрген. Ж ұрт 
оны ақы м ақ деп атауға дағдыланып кеткен. 
Шынында да ол сондай болды ма, мен онысын 
білмеймін. Б ір ақ мен оны өз сөзі арқылы білемін 
және терең түсінемін. «Қандай ұлы актер өліп 
барады!»— оның бүкіл өмірінің дәні сол сөзінде. 
Ол — оның шын жүректен мойындауы. Біз бә- 
ріміз — артиспіз, тіпті ұсақ-түйекте де.
22


Тап келе қалған ж ағдайда дереу бейімделе 
кетіп, кез-келген лаж сы з ж ағдайдан амал 
тауып, кез-келген қауіпті айналып өте алатын, 
қарсыласпайтын, тек б ірақ жел ш айкаған көк 
шыбықша майысып кана қоятын адам дар ғана 
ақылды әрі табыстан табы сқа жеткіш, бақытты 
болып саналм ақ па? Ал ешкімге бас имейтін, 
кез-келген ж ауы зды к пен зорлықка әрдайым 
қарсы тұруға тырысатын және ж ауы зды қты а 
қорланған кұлы болғанш а түп-тамырымен қо- 
парылып 
қалғанды
арты қ санайтын 
карт 
еменше қара дауылға каскайып қарсы тұра- 
тындар неге бақытты деп есептелінбейді? Қ алай 
дегенмен де, бұл ғасырда біз алдықғыларды 
ақылды санаймыз. Ж әне оларға қызығамыз, ал 
соңғыларды неге ақы м ак санаймыз, не жолы 
болмағандар дейміз де, байғұсты кекесінмен 
менсінбей шығарып саламыз, ондайға жоғары- 
дан, ж ақты рмай қараймыз. М ыңдаған мысал 
келтіре алам, ол сіздің де қолыңыздан келеді...
Сүйікті менің балаларым, бұл жөнінде маған 
сендерге екінің бірін ұсыну қиын, өздерің қалап 
алыңдар. Сендердің тағдырларыңньщ қалай
болатыны маған белгісіз...
23


Менің үлкён кісім үнсіз, қаламдастарым 
да үнсіз. Менің тағдырым, ақын тағдыры қа- 
лайш а ешкімді селт еткізбеді? Білмеймін, мен 
өзімді-өзім әбден аямай айыптап біткенде, 
олар мені қалайш а тағы қайта ж азғы рм ақ? 
Мен, бәлкім, өзі де онды біткелі тұрғанда, өті- 
ніш айтпайтын ж а қ қ а өтініш айтып, шалыс 
қадам ж асап қойдым ба?! Кейде шын жү- 
ректен айтқан сырыңның бумерангқа айналып, 
өзіңе қайта оралып соғуы да , ғаж ап емес. 
Егер тағы қайтадан бас-көз ж оқ сөгу, даттау 
басталып кетсе қайтем?!
Ашығын айтқанда, өзімнің қандай адам 
екенімді де білмеймін. Көңілшек екенім рас. 
Алайда, жаным менің тым мейірбан, жүрегім 
менің өте ж ұм сақ. Сірә, сондықтан шығар 
Толстойдың «ж ауы зды ққа, зорлы ққа қарсы- 
ласпауын» менің де қолдайтыным? Солай ма?!
Адамдарды ж ауыз деп айта алмаймын, 
өйткені оларды аз білем. Мен зерттеуші емеспін, 
ақынмын. Адамзаттың қайғысы мен қуанышы 
мені жеке адамның өзінен арты қ қызықтырады. 
Адамдардың ж ам ан екенін, жақсы екенін ажы- 
ратушы мен емеспін, өйткені өзім де солардың 
бірімін. Мені жұрттың тағдыры, оларды қор- 
ш аған ортаның шындығы, олар өмір сүріп 
отырған уақыт, оларды басқарып отырған 
қоғам қызықтырады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет