Өазақстанда өндірілетін металдар мен бейметалдар


Марганец кендері Атасу темір марганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған. Хромит



бет2/5
Дата15.04.2023
өлшемі120,72 Kb.
#82847
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация по химии на тему "Қазақстанда өндірілетін металдар мен бейметалдар"

Марганец кендері Атасу темір марганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.
Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.
Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың көптүрлілігімен, байлығымен сипатталады.
Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Карағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өндеу барысында талқыланады.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісқанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саян, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет