Барлық мектепке дейінгі ұйымдар өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекiтiлген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алады
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру
Мектепке дейінгі ұйымның бағыныстылық нысанына, барлық типтері мен түрлеріне қарамастан педагогтары, мамандары мен қызметкерлері өзінің қызметтерін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және мектепке дейінгі білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымның барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін дұрыс және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін жеке жауапкершілікте болады.
Мектепке дейінгі ұйымда қосымша білім беру қызметтерін (хореография, жүзу, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық және т.б.) енгізу әрбір жас кезеңі үшін оқу жүктемесінің белгіленген нормасынан аспауы қажет
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру
Мониторинг жүргізу үшін индикаторлар жартыжылдық бойынша білім беру салаларынан күтілетін нәтижелер болып табылады.Мониторинг жүргізудің басты тәсілі баланың күнделікті өмірінде жүргізілетін бақылау тәсілі болып табылады.
Диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында:
- бастапқы – қыркүйекте;
- аралық – қаңтарда;
қорытынды – мамырда жүргізіледі.
Бастапқы бақылау алдыңғы жас тобындағы мәліметтер (ІІ жартыжылдықтың күтілетін нәтижелері) негізінде жүргізіледі.
І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аралық диагностика (қаңтарда) жүргізіледі.
Қорытынды диагностика ІІ жартыжылдықтың нәтижелері негізінде жүргізіледі.