Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата03.02.2017
өлшемі3,56 Mb.
#3346
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

 
 

Инструктивно
-
методическое письмоǀ 2016
-
2017 учебный год
 
 
146 
 
5 ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОБЩЕГО 
СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ  
 
ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»  
 
Қазақстандықтардың алдында тұрған аса маңызды міндет − «Mәңгілік Ел» 
жалпыұлттық  идеясының  іргетасы  мектепте  қалануы  тиіс.  Бұл  идеяны  жүзеге 
асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен 
қатар  оқыту  процесінің  тәрбиелік  мәнін  күшейту  қажет.  «Қазақ  тілі»  пәні 
оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін және 
азаматтық  жауапкершілігін  қалыптастыруға,  ұлттық  сана-сезім  мен 
толеранттылықты  дамытуға,  зайырлы  құндылықтарды  нығайтуға  және 
Қазақстанның  көпэтникалық  жағдайында  қарым-қатынас  жасай  білуіне 
бағытталуы тиіс. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы«Әлеуметтік-
экономикалық  жаңғырту–Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 
халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп 
қана  қоймай  алған  білімдерін  өмірдің  түрлі  жағдайларында  пайдалана  алуды 
үйретуі керек екендігін баса айтқан болатын.  
Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың 
әсерінен  қоғамның  адамға  қоятын  талаптарының  өзгеруі  нәтижесінде 
функционалдық сауаттылық ұғымы кең таралуда. Сауаттылық ұғымы оны білім 
берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі. 
Мектепте мемлекеттік тілді оқытудың түпкі нәтижесі ретінде қатысымдық, 
ақпараттық 
және 
проблемалардың 
шешімін 
табу 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға  қол  жеткізудің  басты  тетігі  –  оқушының  функционалдық 
сауаттылығын  қалыптастыру.  Өйткені  функционалдық  сауаттылық  оқушының 
белгілі  бір  мәдени  ортада  өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп  саналатын  және  оның 
әлеуметтік  қарым-қатынас  жасауына  пайдалы  білім,  білік,  дағдылардың 
бірлігінен құралады. 
Оқыту қазақ тілде емес мектептерде қазақ тілінің оқыту сапасын көтерудің 
басты 
шарты 
ретінде  оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыру  алынған  жағдайда  олар  әрекеттік  бағыт  ұстанымына, 
оқушылардың  коммуникативтік  құзыреттерінің  қалыптасуы  ұстанымына, 
аутентикалық  тұрғыдан  оқыту  ұстанымына,  интерактивтік  оқыту  ұстанымына 
негізделуі қажет. Сонда ғана функционалдық сауаттылық оқушының қазақ тілін 
әлеуметтік сұранымға сай қолдану мүмкіндіктерін арттырады. 
 
«Казахский  язык»  для  школ  с  русским/узбекским/уйгурским/ 
таджикским языком обучения  
«Қазақ  тілі»  пәнін  қазақ  тілді  емес  мектептерде  оқыту  негізгі  және  орта 
деңгейлер  бойынша  қазақ  тілін  қатысымдық  тұрғыдан  меңгерту,  оқушыны  өз 
ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара 
тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген. 

Инструктивно
-
методическое письмоǀ 2016
-
2017 учебный год
 
 
147 
 
Қазақ тілін үйретудің А

деңгейінің сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша 
қол жеткізілетін нәтижелер:  
Тыңдалым.Өзіне  қатысы  бар  (өзі  туралы,  отбасы,  сатып  алынған  заттар, 
тұратын жері, жұмысы туралы) жеке тіркестер мен шағын сөйлемдерді, сондай-
ақ  көлемі  жағынан  шағын,  анық  айтылған  жарнамалар  хабарландыруларда  не 
туралы баяндалғанын түсінеді.  
Оқылым.Көлемі  жағынан  шағын,  қарапайым  мәтіндерді  оқып,  негізгі 
мәліметтерді іріктей алады, түсінеді, оқыған ақпаратты жеткізе алады; өз ойын 
қысқаша айтады. Жарнама, мәзір, кесте сияқты күнделікті кездесетін сөз және 
сөйлемдерден  қажетті  ақпараттарды  таба  алады.  Жеке  тұлғаға  қатысты 
қарапайым хаттардың мағынасын түсінеді.  
Айтылым.Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша 
өз  ойын  түсінікті  етіп  жеткізе  отырып,  қарапайым  тіркестер  мен  сөйлемдер 
арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттай алады.  
Жазылым.Өзіне  қатысы  бар  немесе  ұнайтын  мәселелер  туралы  шағын 
хаттар  мен  хабарландыру,шағын  шығарма,  эссе  жазуға,  сурет,  кесте,  карта 
бойынша шағын мәтін құрастыруға мүмкіндігі бар. Жеке басы, отбасы туралы 
мәліметті қажет ететін сауалнамалардытолтыра алады.  
Тілдесім– сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. 
Ол  тілдік  қатынастың  ең  маңызды  көрсеткіші  бола  келіп,  оқылым,  жазылым, 
айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім 
арқылы  оқу,  жазу,  тыңдау,  сөйлеуге  үйрету  жүзеге  асады,  оларға  қатысты 
жұмыстар атқарылады. 
Тілдесім  –  айтылым  және  жазылымның  өзара  бірлігінен  құрала  келіп, 
қандай  болмасын  ақпарат  негізінде  адамдар  арасындағы  тілдік  қатынасты 
жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі.  
Адамдардың  бір-бірімен  қандай  мақсатпен,  қалай  сөйлесуіне  байланысты 
тілдесім  түрліше  болады.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  оларды  келесідегідей 
жіктеуге  болады:  ресми  тілдесім;  бейресми  тілдесім;  қалыптасқан  тілдесім; 
кәсіби /мамандыққа қарай/ тілдесім; әлеуметтік тілдесім; дербестік тілдесім.  
Ресми  тілдесім  –  тіл  үйренушілерге  ресми  қарым-қатынастың 
элементтерін  үйрету,  ондағы  сөз  қолданыстарды,  ситуацияларды,  ресми 
материалдарға қатысты меңгерту. 
Бейресми  тілдесім  –  оқушыларды  ресми  емес,  күнделікті  тұрмыс-
тіршілікте  кездесетін,  адаммен  қарапайым  қарым-қатынастың  элементтерін 
білуге  үйрету.  Бұл  –  өмірде  болатын  кез  келген  жағдайда  таныс  болсын, 
бейтаныс болсын ұшырасқан адаммен тілдесе білу, сөйлесе білу деген сөз. 
Қалыптасқан  тілдесім  –  әр  адамның  өмірдегі  өз  орнына  сай  бір-бірімен 
тілдесуі,  түсінісуі.  Адамдар  жастың  өсуіне  қарай  –  бала,  әке,  ана,  туыс  т.б. 
тәрізді табиғи кезеңдерден өтеді. Олардың әрқайсысының қалыптасқан өзіндік 
рөлі  бар.  Адамдардың  осындай  қарым-қатынасына  негізделген  сөйлесуді 
қалыптасқан тілдесім деп атауға болады.  
Кәсіби  тілдесім  –  тіл  үйренушілерге  белгілі  бір  мамандықтың  саласына 
байланысты  сөйлесудің  үлгілерін,  мамандыққа  қатысты  сөздерді,  тілдік 

Инструктивно
-
методическое письмоǀ 2016
-
2017 учебный год
 
 
148 
 
қолданыстарды,  терминдерді  үйрету.  Оқушылар  арасындағы  тілдік  қатынасты 
әр түрлі мамандық иелерімен қалай сөйлесіп, тіл табысуға болады, соған қарай 
құруға тура келеді. 
Адамның  қоғамдағы  орнын,  беделін,  қызметін  ескере  отырып  құрылатын 
тілдік қарым-қатынас – әлеуметтік тілдесім болып табылады. Мұнда сөйлеуші 
адамдар  бір-бірінің  қоғамдағы  әлеуметтік  рөліне,  атқарып  отырған  қызметіне, 
жасына, жолына т.б. қарап тілдеседі.  
Дербестік  тілдесім  –  адамның  қызметіне,  беделіне,  әлеуметтік  орнына 
қарамай,  жеке  басының  қасиеттеріне  қарай,  өзіне  тән  барлық  ерекшеліктерін 
ескере отырып, тілдесу, сөйлесу. Бұл – кісінің жеке адамшылығын, білгірлігін, 
ақылдылығын  танып,  оны  үйрене  білумен  қатар  жүреді.  Дербестік  тілдесім  – 
оқытушы  мен  оқушының  тең  дәрежеде,  бірін-бірі  құрметтей,  бірінің  кісілігін 
бірі  танып  тілдесуге  мүмкіндік  жасайды,  тілдік  қатынасты  арттырады, 
адамдардың  өзара  достасуына,  түсінісуіне  жол  ашады.  Сондықтан  мұндай 
тілдесімді  меңгерген  бүгінгі  шәкірт  ертең  жақсы  ұстаз  болатындығына  сенуге 
болады. 
«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары-оқу  орны»  жүйесіндегі  мемлекеттік 
тілді  деңгейлік  үздіксіз  оқыту  стандартына  (бұдан  әрі  -  Стандарт)  сай 
мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді (10-кесте): 
 
10-кесте–  ҚР  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  мемлекеттік  тілді  деңгейлік 
оқытудың сатылары 
Үздіксіз білім берудің сатысы  Сыныбы  Деңгейлер  Игерім атаулары 
Жоғары сынып 
10 
В
1+ 
ортадан 
жоғары  
деңгей 
 
В
1.2 
Тереңдетіле 
қалыптасқан 
толық игерім  
11 
В
1+ 
 
Тереңдетіле  қалыптасқан 
жетік игерім  
 
Стандартта  Еуропалық  деңгейлер  жүйесіне  сәйкес  қазақстандық 
әдістемеші-ғалымдар  қазақ  тілін  үйрету  үшін  алты  деңгейді  ұстанады.  Ол 
деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады 
(11-кесте). 
 
11-кесте –Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі  
Қарапайым деңгей 
А1 Бастапқы игерім 
Негізгі деңгей 
А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім 
Орта деңгей 
В1 Қалыптасқан игерім 
Ортадан жоғары деңгей 
В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім 
Жоғары деңгей 
В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім 
Жетік деңгей 
В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім,  
С1 Кәсіби игерім  
 
Стандартта  ҚР  жалпы  білім  беретін  қазақ  тілді  емес  мектептерде  «Қазақ 
тілі»  пәні  бойынша  оқушылардың  қазақ  тілін  білу  деңгейлері  мен  сөйлеу 
дағдыларына қойылатын өлшемдер де көрсетілген (12-кесте). 
 

Инструктивно
-
методическое письмоǀ 2016
-
2017 учебный год
 
 
149 
 
12-кесте – Қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын 
өлшемдер 
Аталымдар мен өлшемдер 
Тілді меңгеру деңгейлері 
Ортадан жоғары деңгей (В
1+ 
В
2

Тілдік деңгейлер бойынша игерім кодтары 
В
1.2
 
В
1+
 
Тілдік деңгейлер бойынша игерім атаулары 
Тереңдетіле  қалыптасқан 
толық игерім 
Тереңдетіле 
қалыптасқан 
жетік игерім 
Сыныптар 
10-сынып 
11-сынып 
Оқушы 
меңгеруі 
тиіс 
лексикалық минимум  
130-150 
130-150 
Барлығы: 
480-500  сөз  (1-11  сыныптарда  меңгерілетін  жалпы  сөз 
саны 1500-1550 сөз) 
Бір 
минутта 
оқуға 
тиісті 
сөздердің (шартты) мөлшері 
100-120 
100-120 
Тыңдаған/оқыған 
мәтінді 
мазмұндаудағы сөз саны 
60-70 
70-80 
Айтылымдағы сөз саны 
80-90 
90-100 
Диктанттағы сөз саны 
100-110 
110-120 
Жазбаша  мәтін  құраудағы  сөз 
саны 
100-120 
120-150 
Тілдесімдегі  үнқатым  (реплика) 
саны 
11-12 
12-13 
 
10-11-сыныптарда  оқу  процесі  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013 
жылғы  03  сәуірдегі  №  115  бұйрығымен  бекітілген  (ҚР  Білім  және  ғылым 
министрінің  2015  жылғы  18  маусымдағы  №  393  бұйрығымен  өзгерістермен 
толықтырулар енгізілген) : 
жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы  10-11-сыныптары  үшін  «Қазақ  тілі»  (оқыту  қазақ  тілінде  емес) 
пәнінен типтік оқу бағдарламасы; 
жалпы  орта  білім  беру  деңгейініңқоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  10-
11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен типтік оқу 
бағдарламасымен жүзеге асырылады. 
«Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің 
үлгілік  оқу  жоспарларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2013 жылғы 27  қарашадағы 
№471 бұйрығына сәйкес «Қазақ тілі» пәні оқу жүктемесінің көлемі: 
оқыту орыс тілді мектептерде:  
– қоғамдық-гуманитарлық бағытында:оқыту орыс тілді мектептерде:  
10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;  
11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;  
оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:  
10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;  
11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;  
–  жаратылыстану-математикалық  бағытында:  оқыту  орыс  тілді 

Инструктивно
-
методическое письмоǀ 2016
-
2017 учебный год
 
 
150 
 
мектептерде:  
10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;  
11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;  
оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:  
10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;  
11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.  
Әрбір  тоқсанда  алынатын  жазба  жұмысының  (тест,  эссе,  диктант, 
бақылау жұмысы, шығарма, мазмұндама)  саны сол сыныптағы апталық сағат 
санымен сәйкес келуі керек. 
Бүгінгі  таңда  қазақ  тілін  жаңаша  оқыту  –  өзекті  мәселе.  Білім  беруде 
инновациялық  технологияларды  ендіру  оқушыарға  әртүрлі  әдістерді 
жетілдіруге мүмкіндік береді, атап  айтқанда: сын тұрғысынан ойлау, тірек  – 
сызба  технологиясы,  дамыта  оқыту,  проблемалық  оқыту,  деңгейлеп-саралап 
оқыту  технологиясы,  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  және  т.  б. 
оқушылардың  сабақтағы  жауапкершілігін,  белсенділігін,  өзін-өзі  бағалауын 
қамтамасыз  етеді.  Білім  беру  процесінде  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
қолдану  мәселесі  өзекті  мәселелердің  қатарында.  Жаһанданған  интернет 
жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөйлесім әрекетінің бес түрінде 
де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы 
олардың  оқу,  жазу  іскерлігі  мен  дағдыларын  қалыптастыруға,  сөздік  қорын 
байытуға мүмкіндік туады. Оқушыларға  қазақ тілін үйренуге деген  ынтасын 
арттыру  олардың  төмендегі  шараларға  қатысуы  негізінде  жасалынады: 
пікірталастар, байқаулар, қашықтық олимпиадалар және т. б. 
Интернет  жүйесінің  келесі  ақпараттық  қоры  мен  ресурстарын  қазақ  тілі 
сабағында  пайдалану  барынша    тиімді  болмақ:  электрондық  пошта  (e-mail), 
телеконференция,  бейнеконференция;  жеке  ақпараттарды  жарыққа  шығару 
мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web серверге  жеке шығару; ақпараттық 
каталогтар  (Yahoo,  InfoSeek/  UltraSmart,  Galaxy)  іздеу  жүйесі  (Altta,  Vista, 
HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме қазақ тілі сабағында компьютермен 
жұмыс жасай отырып, оқушылар психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие 
болады.  Атап айтқанда, оқушылардың қатесін қайталаулар негізінде көрсете 
отырып,  яғни,  жұмыс  нәтижесін  мақұлдап  немесе  белгілі  бір  дәрежеде 
қоштамай,  өз  пікірін  білдіріп  отыратын  мұғалімнің  тікелей  қатыспауы, 
оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік туады. 
Әрбір  мұғалім  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  жазба  жұмыстарын 
үйретіп,  тіл  дамыту  сабақтарын  шығармашылықпен  жүргізіп,  дұрыс 
ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен 
білім  қорына  байланысты  жазба  жұмысын  үйретудің   міндеті  мен  көлемін 
анықтау  болып  табылады.  Мұғалім  сол   міндет  пен   көлемге   байланысты 
жазбаша  тіл  дамыту  жұмысының   түрін,  көлемін,  оның  әдіс-тәсілдерін 
белгілейді, анықтайды (13-кесте). 
13-кесте –Қазақ тілінен жазба жұмыстары саны 
Сынып 
Диктант(әр тоқсанда) 
Мазмұндама(әр тоқсанда) 
10 


11 



Инструктивно
-
методическое письмоǀ 2016
-
2017 учебный год
 
 
151 
 
Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері: 

 
диктант мәтіні мазмұнды, түсінікті, әдеби тіл нормаларына сай болуы; 

 
диктанттағы сөз мөлшерінің сыныптар бойынша талапқа сай болуы; 

 
сирек  қолданылатын  жазуда  қиындық  келтіретін  сөздердің  мейлінше 
аз болуы; 

 
диктант мәтінініңөтілген ережелер мен емлелерді қамтуы; 

 
мәтін мазмұнының тәрбиелік мәнді болуы. 
Мазмұндама  және  шығарма  жұмыстарының  көлемі  мен  бағалау 
өлшемдері 
Мазмұндама  -  оқушының  мемлекеттік  тілден  алған  білімін  тексерудің 
негізгі  нысандарының  бірі.  Мазмұндама  арқылы  оқушының  өз  ойын  жүйелі 
баяндай  алу  қабілеті  мен  байлығы,  сауаттылық  деңгейі  айқын  көрінеді(14-
кесте). 
 
14-кесте –  Қазақ тілі пәнінен мазмұндама мәтінінің көлемі. 
 
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар: 

 
тақырыпқа сай оқушыныңөз ойын және көзқарасын білдіруі;  

 
жазып  отырған  тақырыпты  нақты  ашуға,  жауабының  толығымен 
жүйелі құрылымын сақтауға талпынуы

 
стиль бірлігін сақтап, орынды, тиянақты қорытынды пікір жасай алуы; 

 
әдеби тіл нормаларын қолдана алуы.  
Диктант жұмыстарын бағалау нормалары: 

 
«5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен 
бір-бірден қате жіберсе;  

 
«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;  

 
«3»  деген  баға:  емле  мен  тыныс  белгілерінен  4-5-тен  қатесі  болса 
немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;  

 
«2»  деген  баға:  емле  мен  тыныс  белгілерініңәрқайсысына  6-дан  10-ға 
дейін. 
Ескерту:  бағалау  кезінде  қателердің  қайталануы  мен  біртектілігіне  назар 
аударылды.  Егер  бір  қате  бір  сөздің  құрамында  немесе  түбірлес  сөздердің 
түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті 
болып  есептеледі.Алғашқы  біртекті  үш  қате  біреуге  саналады  да,  келесі 
осындай қателер дербес есептеледі. 
 
15-кесте – Мазмұндама жұмыстарын бағалау нормалары 
Баға 
Өлшемшарттары 
«5» деген баға 
1
 
мәтін мазмұны өте жақсы ашылса; 
2
 
оқушы ойы жүйелі болса; 
3
 
мазмұндама тілі әдеби, жазба нормаларына сай болса; 
Мазмұндама  мәтініндегі сөз мөлшері 
Сынып 
Сөз  мөлшері 
10 
180-200 
11 
200-220 

Инструктивно
-
методическое письмоǀ 2016
-
2017 учебный год
 
 
152 
 
4
 
мазмұн мен стиль бірлігі сақталса; 
5
 
дәйек сөздер орынды қолданылса
6
 
қорытынды пікірді орынды жасай алса; 
7
 
мазмұндық, грамматикалық, тыныс белгілерінен 1-2 қате болса. 
«4» деген баға 
1
 
мәтін мазмұны ашылып, тақырыбына сай болса; 
2
 
мазмұндауда оқушының ой жүйесі бұзылса; 
3
 
мазмұндама тілі әдеби, жазба нормаларына сай болса; 
4
 
мазмұн мен стиль бірлігі сақталса; 
5
 
сөздер орынды қолданылса; 
6
 
қорытынды пікірі дұрыс болса; 
7
 
мазмұндық, грамматикалық, тыныс белгілерінен 2-4 қате болса. 
«3» деген баға 
1
 
мазмұндама мәтін тақырыбынан ауытқыса; 
2
 
ой  желісі аздап бұзылғандығы байқалып, стиль бірлігі сақталмаса
3
 
сөздер орнымен қолданылмаса; 
4
 
тіл байлығы жеткіліксіз болса; 
5
 
дұрыс қорытынды пікір жасай алмаса; 
6
 
мазмұндық, грамматикалық, тыныс белгілерінен 7-8 қате болса. 
«2» деген баға 
1)
 
мазмұндама мәтін тақырыбына сай келмесе; 
2)
 
мазмұндау жүйесі тақырыпқа сай келмей, стиль бірлігі сақталмаса; 
3)
 
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жиі бұзылса; 
4)
 
сөздік қоры жеткіліксіз болса; 
5)
 
қорытынды пікір жасай алмаса; 
6)
 
мазмұндық, грамматикалық, тыныс белгілерінен 9-10 қате болса. 
 
Мазмұндамаға екі баға қойылады:  
1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін;  
2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін. 
Мазмұндаманың екі бағасы бір пәнге қойылады. 
Мазмұндама мәтінін бағалауда шартты белгілер  қолданылады (15-кесте). 
 
15-кесте – Мазмұндама мәтінін бағалаудағы шартты белгілер.  
 
16-кесте –Шығарма жұмыстарын бағалау нормалары  
Баға 
Өлшемшарттары 
«5»  деген 
баға 

 
өз ойын және көзқарасын өте жақсы білдірсе; 

 
жауабының толығымен жүйелі құрылымы болса; 

 
стиль бірлігі сақталса; 
Шартты белгілер 
Белгілер 
Нені  білдіреді? 
[] 
артық, керексіз 

Кеңейту 

негізгі  ойды  білдірмейді 
~ ~ ~ 
жүйе  жоқ 

азат  жол 

азат  жолдың  керегі  жоқ 
Қ 
Қолдану 
Х 
орынсыз  қолданылған  сөз 
1,2,3 
сөз  тәртібі бұзылған 
С 
сөйлем дұрыс қолданылмаған 

Инструктивно
-
методическое письмоǀ 2016
-
2017 учебный год
 
 
153 
 

 
қорытынды пікірі орынды, тиянақты болса; 

 
әдеби тіл нормаларына сай болса; 

 
мазмұнында 1 орфографиялық, 1 грамматикалық, 1 тыныс белгісінен, 1-2 
тілдік қате жіберілсе. 
«4»  деген 
баға 

 
өз ойын және көзқарасын жақсы білдірсе; 

 
жауабында ой жүйесінен шамалы бұзылуы байқалса; 

 
стиль бірлігі сақталса; 

 
қажетті қорытындылар мен түйіндеулерін дұрыс жасай алса; 

 
әдеби тілмен жазылса; 

 
мазмұнында  1  орфографиялық,  2  грамматикалық,  3  тыныс  белгісінен 
байланысты, 3-4  тілдік қате жіберілсе. 
«3»  деген 
баға 

 
өз ойын және көзқарасын білдірсе; 

 
жауабында ой жүйесінен шамалы бұзылуы байқалса; 

 
стиль бірлігі сақталмаса; 

 
қажетті қорытындылар мен түйіндеулерін дұрыс жасай алса; 

 
сөздік қоры жеткіліксіз, бірыңғай синтаксистік құрылымдар қолданылса, 
сөз орынсыз пайдаланылса; 

 
мазмұнында  4  орфографиялық,  4  грамматикалық,  5  тыныс  белгісінен,  5 
тілдік қате жіберілсе. 
«2»  деген 
баға 

 
өз ойын және көзқарасын білдіре алмаса; 

 
ой жүйесі бұзылса, бір-бірімен байланысы болмаса

 
стиль бірлігі сақталмаса; 

 
қажетті қорытындылар мен түйіндеулерін дұрыс жасай алса; 

 
сөздік  қоры  жеткіліксіз,  бір  типті  сөйлемдер  қолданылса,  сөз  қолдануы 
дұрыс болмаса; 

 
мазмұнында  7-8  орфографиялық,  7-8  грамматикалық,  7-9  тыныс 
белгісінен, 8-9 тілдік қате жіберілсе. 
 
Шығармаға екі баға қойылады:  
1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін;  
2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін. 
 
 
 
 
 
Шартты  белгілер 
Белгілер 
Нені білдіреді? 

емле қатесі белгіленеді 

тыныс белгісінен кеткен қате 

абзац керек деген белгі 

артық қойылған абзац 

екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі 
?! 
пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік 

осы жерге ерекше көңіл аудар 
~ ~ 
ауыстыруды  керек  ететін,  бірнеше    қайталанған  сөздер  мен 
сөйлемдер 
... 
стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі 
... 
сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет