Тарихшы(Айгерім): Темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған,
оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге
қатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі
«Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда жер кӛрінеді» деп
айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді
ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлады. Осы жерде
жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум»
деген шӛптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге
кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді
екен. Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі
түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса
әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары
достастық белгісі ретінде «ӛмір түтігін, яғни темекіні шеккен».