Биолог (Аслан): Темекі алқатұқымдас класына жатады. Бұл
тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия
мен Полинезияда ӛседі. Қазақстанда темекінің үш түрі ӛседі. Ол бір
жылдық шӛп, гүлдері түтікше тәріздес насекомдар арқылы және
ӛздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп ӛседі. Дәні қауашақ
ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грамында 10 мың тұқым болады.
Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің
жабайы түрі ӛсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып,
қырылып қалады. Мәдени және дәрілік ӛсімдік ретінде тараған темекі
120 елде ӛсіріледі. Дүниежүзінің ӛндіріс орындары бір жылда 6 млн
тонна ӛнім шығарады. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі
ӛсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд
темекі басқа елден алынады.
Мұғалім: Оқушының берген осы ақпаратына биолог мамандардың алып-
қосары бар маекен? Қысқаша шолу жасап ӛтсеңіздер.
1-жүргізуші: Адам үнемі білуге құмарланып тұрады. Осыған
байланысты араларыңызда ӛмірінде бір рет болса да темекі тартып
кӛргендерге сұрақ қояйық. Бірінші рет тартқанда қандй күйде болдыңыз,
осыдан кейін тағы да тартқыңыз келеді ме, жаман әдетті неге тастап
кетпедіңіз? Темекі шегу әдетке айналады. Бұл сұраққа жауапты дәрігер
ретінде зерттеу жүргізген Мирасбектен алсақ.