Есірткінің алдында адам сонша дәрменсізбе? Неге тез беріледі? 2-оқушы Есірткінің қазір кӛп тарап отырғаны героин, яғни ақ ұнтақ. Одан
адам санасы тез уланады. Бірінші рет кӛргенде ләззат алады, сосын ағза
тәуелді болып іздеумен ӛтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын-буыны
сырқырыйды. Сӛйтіп, бара-бара тек ауырмау үшін іздейді.
1.
Есірткіні қалай пайдаланады? Іше ме, шеге ме? 3-оқушы Бұрын апиын, кӛкнәр деген болған. Оны қайнатып, тамырға енгізген.
Героиннің одан ерекшелігі-мұны иіскеуге де, шегуге де болмайды. Содан
тез тарайды. Жас ӛспірімдерді құрыққа түсіру үшін таратушылар түрлі
айла-шараларға барады. «Бір рет иіскеп кӛр, одан ештеңе болмайды»,
«Нашақор дегендер тамырға енгізеді, сен ӛйтпесең, бұл жай нәрсе, ұнаса
кӛресің, ұнамаса тастайсың» деп әбден бастарын айналдырады. Ал оның
апиыннан айырмашылығы-бұл синтетикалық жолмен алынады да, одан он
есе күшті болады. Адамды ә дегенде тәуелді етіп қояды.