101
қолданбалы курс бағдарламасы. Бағдарлама мазмұнында биология
эволюция курсының мақсаты мен мазмұны, органикалық тіршіліктің даму
заңдылықтары, эволюция нәтижелері, тірі табиғат құрылым деңгейінің
күрделенуі, түрлердің кӛптүрлілігі, эволюция себептері қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты-эволюция тірі ағзалардың қоршаған орта
жағдайларына
бейімделу
жолында
қарапайымдардан
жоғары
сатыдағыларға дейін біртіндеп күрделенуін, тірі табиғаттың эволюциясы
туралы
кӛзқарастардың
маңыздылығын
түсіндіру.
Бағдарламада
эволюцияның негізгі заңдылықтары, макроэволюция, микроэволюция,
эволюциялық процестің негізгі бағыттары, биологиялық прогресс және
биологиялық регресс, биологиялық прогреске жетудің жолдары,
эволюцияның негізгі заңдылықтары, тірі табиғат құрылым деңгейінің
күрделенуі, түрлердің кӛптүрлілігі, бейімділіктің салыстырмалы сипаты,
тарихи дамуда биологиялық эволюцияның алатын орны туралы
оқушылардың ғылыми кӛзқарастарын қалыптастыратын теориялық білім
беруге кӛңіл бӛлінген. Бағдарлама жаратылыстану – математика
бағытының биология - химия бағдары бойынша оқытылатын 11сыныпқа
арналған. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып, жалпы білім беру стандартына сай дайындалған. Барлығы
34 сағатқа (аптасына 1 рет) негізделіп жасалынған.
Бағдарламада оқу материалын қосымша әдебиеттерді пайдалану
арқылы оқыту, қазіргі кездегі ғылым жаңалықтарымен толықтыру
кӛзделеді. Оқу материалын кең түрде бере отырып, оқушылардың
шығармашылық ізденісін дамытуға, зертханалық жұмыстар жүргізу
арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге кӛңіл бӛлінген.
Бағдарламада оқулықта берілген материалдар тереңдетіліп, бӛлімдер мен
тақырыптар жүйелілігі сақталған. Берілген зертханалық жұмыстар
бағдарлама мазмұнындағы тақырыптармен бірге ӛткізіледі. Оқытудың
практикалық бағытын күшейту мақсатында зертханалық жұмыстарда
суреттерді, кестелерді, микропрепараттар, схемаларды пайдалана білуге
баулу мақсаты қарастырылады.
Антропологиялық, тарихи,
биологиялық
түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды бағдарламадан тыс қосымша
материалдар енгізу арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Оқу материалы
қазіргі кездегі ғылыми жаңалықтармен толықтырылған, сонымен қатар
жаңа ұғымдар мен түсініктер берілген. Бағдарламада қамтылған оқу
материалдары оқушылардың танымдық мүмкіндігіне және жас
ерекшелігіне сәйкес құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: