3сарамандық сабақ. Қазақстанның "Қызыл кітабымен" танысып,
білетін және жергілікті жерде кездесетін аң мен құстардың ӛкілдері туралы
мәлімет жинау. (мұғалімнің кӛмегімен)
4 сарамандық сабақ. Қазақстанның "Қызыл кітабын" пайдалана
отырып, білетін ӛсімдіктердің түрлері туралы мәлімет жинау.
V. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері (6 сағат) Қоршаған орта және адам. Адамның табиғатқа әсері. Адамның тікелей
іс-әрекетінен болатын ластанулар.
Адамның атмосфера ауасына әсері. Ластану жолдары.
Адамның су ресурстарына әсері. Ластану жолдары. Тұрмыстық
шайынды сулар.
Адамның топырақтың ластануына жол беруі. Ластану түрлері.
Қаладағы шу. Шудың адамға әсері және қорғану жолдары. Тұрмыстық
химиялық заттар. Олардың пайдасы мен зияны. Тұрмыстық, косметикалық
заттарды пайдалану және сақтану жолдары.
Азық-түлік сапасы. Азық-түліктегі зиянды химиялық заттар. Улану
түрлері. Сусындар сапасы. Түрлі түсті бояғыш заттар.