3. Экология (7 сынып), 34 сағат І. Биоэкологияға кіріспе (1 сағат) Биоэкология пәні. Оның мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысандары.
Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу әдістері.
ІІ. Тіршілік орталары (5 сағат) Ағзалардың тіршілік ортасы және бейімделуі. Тіршілік ортасының
құраушылары және олардың жалпы сипаты. Тіршілік ортасының табиғи-
тарихи даму жолы.
Құрлық-ауа-тіршілік ортасы, ерекшеліктері. Ағзалардың кӛптүрлілігі.
Ауыл шаруашылығындағы маңызы.
Топырақ-тіршілік ортасы, ерекшеліктері. Ағзалардың кӛптүрлілігі мен
топырақ түзудегі әрекеті. Топырақтың ластануына байланысты ағзалардың
тіршілігіндегі ӛзгерістер. Топырақ түзілуіндегі жауын құртының рӛлі.
Су-тіршілік ортасы, ерекшеліктері. Судағы ағзалардың экологиялық
топтары. Олардың кӛптүрлілігі мен су қабаттарының таралу ерекшеліктері.
Ащы және тұщы судағы ағзалардың тіршілігі. Су мен құрлық орталарының
байланысы. Су сапасының ағзаларға әсері.
Ағзалардың ӛзі-тіршілік ортасы, ерекшелігі. Паразиттік даму жолы.
Эктопаразиттер мен эндопаразиттер. Олардың кӛптүрлілігі және
бейімделуі. Паразиттердің табиғаттағы және адам ӛміріндегі рӛлі.