Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет291/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   302
Байланысты:
Биология факульт курсы

Олар: 1. Жергілікті тҧрғын 
           2. Жастар тарапынан 
           3. Бизнес (ӛндіріс саласы) 
           4. Қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша.  
Оқушы  пікірлерін  тыңдай  отырып  бағалайды.  Бағалау  нормалары 
тӛмендегідей.  
    Жасыл  тҥс-ӛте  жақсы  пікіріңізге  толық  келісемін.  Орындауға 
атсалысыңыз.  
    Кӛк  тҥс-жауап  нақты  емес  әлі  толықтыру  қажет.  Егер  толықтырылса 
қолдаймын.  
    Қызыл  тҥс-ең  негізгі  мәселелер  айтылмай  қалды,  жауап  мардымсыз. 
Бұл нұсқаны  қолдамаймын.  
Экология – 9 класс №11 сабақ барысы 
Тақырыбы: «Арал экологиясы»   
Мақсаты: 
Оқушылардың 
Арал 
экологиясы 
жайындағы 
пікірін, 
кӛзқарасымен  танысу  және  сӛйлеу  шеберлігін  байқап,  ораторлық 
қасиеттерін  анықтап,  жетілдіру.  Табиғат  байлығын  ұқыпты  жұмсап, 
қымбат қазынаны қадірлеуге, қорғауға  жанашырлық сезімдерін тереңдете 
түсу арқылы ой-ӛрісін дамыту. 
Экологиялық мәдениеттілікке, табиғатты сүюге, қастерлеуге, қорғауға 
баулу  
және экологиялық тәрбие беру.  
Кӛрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, буклет, Аралды жоқтау 
(видео касета)  
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес  
Сабақтың түрі: Дебат сабақ  
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бӛлімі  
   
Мұғалім  сӛзі:  Сәлеметсіздерме  оқушылар,  біз  ӛткен  сабағымызда 
«Арал  теңізінің  экологиясы»  тақырыбын  бастаған  болатынбыз.  Бүгінгі 
сабағымызда  тақырыпты  әрі  қарай  жалғастырамыз.  Арал  теңізі  қазіргі 


204 
 
таңда  бүкіл  әлемдік  проблемаға  айналып  отыр,  осы  ретте  біздер  ӛз  ой-
пікірімізді,  жанайқайымызды  жеткізетін  сәт  бүгін  түсіп  тұрғандай.  Олай 
болса  бүгінгі  дебат  сабағымызда  мынадай  мәселелерге  кӛңіл  бӛлеміз. 
Соңғы уақыттарда табиғатымыздың ӛңі ӛзгеріп, экологиялық дағдарыстар 
кӛбеюде.  
    
Бұл дебат сабағымызға қатысушыларды айтып ӛтетін болсам:  
Спикер-1 оқушы, Правительство (үкімет) – 3 оқушы, Опозиция (даттаушы) 
– 3 оқушы,  және қалған оқушылар парламент мүшелері. Сонымен қазір ӛз 
ойларын ортаға салғалы отырған 2 топтың мүшелері  дұрыс, жүйелі, нақты 
дәлелдер айтып оны жоққа шығара алуы тиіс. 
Сӛз кезегін спикерге беремін.  
    
Спикер  сӛзі:  Сәлеметсіздерме    Құрметті  парламент  мүшелері, 
қатысушы топтар  бүгінгі Арал теңізінің экологиясы тақырыбындағы дебат 
сабағымызға қош келдіңіздер.  
    
Дебаттың  шарты:  Ойынға  екі  топ  қатысады.  Топ  мынадай 
мүшелерден тұрады:  
1. Жақтаушы топ басшысы  - Тӛлегенова Назым сӛйлеу уақыты – 6 минут.  
2. 1-ші мүше Мусаралиева Райхан сӛйлеу уақыты – 5 минут.   
3. 2-ші мүше Жоламанова Айдана сӛйлеу уақыты – 4 минут. Даттаушы топ 
басшысы  –  Кусесова  Айгерім  сӛйлеу  уақыты  –  6  мин.  1-ші  мүше 
Ниетқалиева  Жадыра  сӛйлеу  уақыты  –  5  мин.  2-ші  мүше  Ермеков  Ербол 
сӛйлеу уақыты – 4 минут. Белгілі бір мәселені талқылаған кезде екі топтың 
бірі даттаса, бірі жақтауы тиіс. Әр топ ӛз кӛзқарасын дұрыс, жүйелі, нақты 
дәлелдеуі тиіс және дәлелді жоққа шығаруы керек.  
   Дебат сабағымызды бастаймыз.    1. 
 Негізгі  бӛлім.    
Бірінші  болып  ортаға  жақтаушы  топтың  басшысын  шақырамыз.  Сӛйлеу 
уақыты  6  –  минут,  1  минуты  қарсылас  топтың  сұрағына  арналады.  Сӛз 
ӛзіңізде уақыт басталды.  
    
Жақтаушы  сӛзі:  Сәлеметсіздерме  Тӛреші  ханым,  аппанентім, 
парламет  мүшелері.  Айғай  шығарып,  дүниеге  жайып  жатқан  Арал 
проблемасы  менің  ойымша  ондай  күрделі  проблема  емес.  Себебі  қазір 
Аралдың  суы  біртіндеп  қалпына  келе  жатыр.  Оны  құтқару  үшін  әр-түрлі 
шаралар  қолға  алынуда.  Мысалы:  Сырдария  мен  Амудария  ӛзендері 
айналасына  күріш,  мақта  егістіктерінің  кӛлемін  азайтып,  тәңізге  басқа 
каналдар  тартылып,  су  жіберілуде.  Сонымен  қатар  Арал  ӛз  тарихында  5 
рет тартылып, 5 рет қалпына келген. Біздің топтың ойынша бұл жағдайда 
ӛз қалпына келеді және бұл ойымыз орындалуда.  
   
Спикер  сӛзі:  Уақыт  аяқталды.  Рахмет.  Ортаға  келесі  қарсы  топ 
даттаушы  топтың  басшысы  шақырылады.  Сӛйлеу  уақыты    6  –  минут.  1 
минуты қарсы топтың сұрағына арналады. 
    
Даттаушы  сӛзі:  Сәлеметсіздерме  ,құрметті  менің  аппаненттерім, 
тӛреші  ханым.  Арал  теңізі  Қазақстандағы  48  мың  кӛлдің  ішінде 
территориясы  жӛнінде  екінші  орында.  Арал  теңізі  Қазақстанның 
оңтүстігіндегі  Тұран  ойпатының  тектоникалық  қазаншұңқырында 


205 
 
орналасқан.  Оның  ауданы  64,5  мың  км
2
  ең  ұзын  жері  428  км  мұхит 
деңгейінен  53  м  биіктікте  орналасқан.  Оның  айналасы  жазық,  құмды 
болып келеді. Ол туралы алғашқы деректер грек қолжазбаларында кӛптеп 
кездеседі. Кейін орыстың атақты академигі  
А  С  Берг  1908жылы  Арал  теңізі  жайлы  ӛз  еңбегін  жазды.  Судың 
тұздылығы  14  промилле,  теңіз  суының  азаюына  байланысты  тұздылығы 
артып келеді. Бұрын Аралдан жылына 200 мың т балық ауланып жүрген, 
ал қазір ше?  
    
Арал теңізі бұрын барша әлемге ӛзінің керемет балықтарымен әйгілі 
болған. Ал қазір оның экологиялық жағдайы ӛте мүшкіл. Ол жойылып кету 
қарсаңында  тұр.  Біз  Аралдың  бұрынғысын,  қазіргісін,  келешегін  кӛз 
алдымызға  елестетіп  кӛрсек.  Аралдың  бұрынғысы  29  ірі  кӛлдің  бірі,  суы 
мол,  балығы  кӛп,  айналасында  жануарлардың  бірнеше  түрі  мекендеген 
болатын.  Ал  қазір  су  деңгейі  74,2  м-ге  тӛмендеп,  ӛз  жағалауынан  100  км 
шегінді, жерінің бәрін сор басып, тұз ауаға тарап адамдар арасында әртүрлі 
қауіпті  аурулар  туғызуда.  57  түрлі  аң-құстан  тек  не  бары  13  түрі  қалды. 
Баршаға  ӛзінің  құландарымен  таныс  Барсакелмес  қорығы  басқа  жерге 
кӛшірілді де  құландары қызыл  кітапқа негізілді.  Аралдың айналасындағы 
800  мың  га  тоғай  құрып  кетті.  Арал  маңындағы  ауылда  балалар  ӛлімі, 
үлкен адамдар арасында тыныс мүшелері мен қан айналу жүйесі аурулары 
жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар, қатерлі ісік, туа біткен ауытқулар соңғы 
кезде кӛптеп кездесуде.  
    
Спикер:  Уақыт  аяқталды.  Рахмет.  Ортаға  жақтаушы  топтың  1-ші 
мүшесін  шақырамын.  Сӛйлеу  уақыты  5  –  минут  1  мин-ты  қарсы  топтың 
сұрағына арналады.  
     
1-ші мүше жақтаушы: Сәлеметсіздерме құрметті менің аппанеттерім 
және тӛреші ханым.  Мен, сӛзімді бастамас бұрын, аппанентім Айгерімнің 
бір  сӛзіне  тоқталып,  қарсы  пікір  айтсам  деймін.  Мана  сіз  бір  сӛзіңізде 
Барсакелмес  қорығы  басқа  жерге  кӛшіріліп,  құландары  «қызыл  кітапқа»  
енгізілді  дедіңіз.  Ал  мен  болсам  бұған  қарсы  пір  айтайын.  Құландардың 
санын  қалпына  келтіру  үшін  1953-1964  жылдар  аралығында 
Түркіменстанның  Бадхыз  қорығынан  19  бас  құлан  әкелініп,  Барсакелмес 
қорығына  жерсіндірілді.  Адам  баласының  қамқорлығына  алынған  түз 
тағылар 50жылдың ішінде кӛбейіп, ӛсе бастады. Қазір оның саны 500-ден 
асып,  байырғы  мекен  еткен  жерлеріне  жіберіле  бастады.  Ӛздерін  еркін 
сезіне бастаған құландар жыл санап ӛсе түсуде. Болашақта оларды Үстірт, 
Бетпақдала, Балқаштың оңтүстігі далаларына жіберу жоспарланып отыр.  
    
Ал Арал аймағына келетін болсақ 2001 жылғы 29 тамыздағы «Арал 
аймағына қолдау кӛрсету және дамыту шаралары туралы» №1121 қаулысы 
арқылы  бекітілген  іс-шаралар  жүзеге  асырылуда.  2002-2010  жылдарға 
арналған «Ауыз су» сапалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2007-
2009  жылдары  Арал  ӛңірінің  сумен  жабдықтау  жүйесін  жетілдіруге 
республикалық бюджеттен қаражат бӛлініп отыр.  
     
Осы  орайда  Арал  ӛңірінің  басты  міндеті  мұндағы  сабақты  иненің 
әзер  ілініп  тұрған  жібін  үзіп  алмау  болып  тұр.  Аты  аңызға  айналған 


206 
 
Аралдың  кешегісі  менбүгінгісі  жайлы  осындай  әңгіме  айтуға  болады. 
Сонымен бірге, оның ертеңінің бүгінгіден де нұрлы, бүгінгіден де кескінді 
бола  түсетініне  сенімімді  білдіргім  келеді.  Оған  жол  ашатын  тек 
сіздерсіздер ағай. Тыңдағандарыңызға  Рахмет.  
     
Спикер: Уақытыңыз аяқталды. Рахмет. Ортаға даттаушы топтың 1-ші 
мүшесін шақырамын. Сізгеде дәл солай 5 – минут беріледі 1 мин-ты қарсы 
топтың сұрағына арналады.   
     
1-ші  мүше  даттаушы:    Бір  кездері  шағаласы  шаңқылдап,  суы 
кемелерінен  аса  шапшып  жатқан  Арал  –  бүгінде  әбден  кеуіп,  құрғап,  ӛлі 
дүниеге  айналуда.  Аралдың  66  мың  км
2
  су  айдынынан  бүгін  18-20  мың 
км
2
-қа жуығы ғана қалған.  
     
1970-1980  жылдар  аралығында  Аралға  құйылатын  су  мӛлшері 
азайды.  Оның  ең  негізгі  себептері  –  антропогендік  факторлар.  Әмудария 
мен Сырдария ӛзендерінің бойында суды мол қажет ететін күріш пен мақта 
ӛсіру  ісі  қарқындап  дамуда.  Оның  үстіне  ауыл-шаруш-ның  басқа  да 
салалары  барынша  дамыды.  Ӛзен  бойлары  игеріліп,  суды  ысырапсыз 
пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдарда 44 мың м
3
 су 
құйылса, бұл кӛрсеткіш 1974-1978 жылдарда 13 мың м
3
, ал 1990 жылдары 
2  есеге  қысқарды.  Соның  салдарынан  Арал  теңізінің  деңгейі  23  м-ге 
тӛмендеді,  оның  су  айдыны  30-200  км-ге  дейін  қысқарды.  Судың 
тұздылығы  40  промилге  дейін  артты.  Тыңайтқыштар  мен  химиялық 
препараттарды 
қолдану 
бұрын 
болмаған 
кӛрсеткішке 
жетті. 
Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге жоғарлады.  
    Арал экологиясының апаттануына себеп болған факторлар:  
-  Жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу,  
-  Ауыл-шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау,  
-  Суды  ӛте  кӛп  қажет  ететін  күріш,  мақта  дақылдары  алқабының 
ауданын барынша кӛбейтіп жіберу,  
-  Жерді  игерудің  агротехникалық  шараларын  сақтамау  және  судың 
дұрыс пайдаланылмауы,  
-  Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оларды 
игерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.  
   
Спикер:  Уақытыңыз  аяқталды  Рахмет.  Ортаға  жақтаушы  топтың  2 
мүшесі шақырылады. Сӛйлеу уақытыңыз 4 минут. 1 мин-ты қарсы топтың 
сұрағына арналады.  
    
2-ші  мүше  жақтаушы:  Сәлеметсіздерме  құрметті  аппаненттерім, 
парламент мүшелері. Манағы менің аппанеттерім айтқан пікірлерге қосыла 
отырып, қорытындылайтын болсақ, Арал ӛңірінің проблемаларын кешенді 
шешу  жӛніндегі  2007-2009  жылдарға  арналған  бағдарламаны  іске  асыру 
жӛніндегі іс-шаралар жоспары мынадай:  
 -  Қызылорда  қаласында  улы  химикаттарды  сақтау  үшін,  арнайы  сақтау  
қоймасын салу, 
-  Сырдария ӛзенінің  арнасын  реттеу,  Арал теңізінің  солт-к  бӛлігін  сақтау  
жобасын аяқтау 2009 жыл 20 қаңтар. 


207 
 
-  Арал  ӛңіріндегі  экологиялық  қасірет  салдарынан  зардап  шеккен  
азаматтарды  әлеуметтік  қорғау  туралы,  әкімшілік  аудандардың   
экологиялық паспортын жасау
-  Арал-Сырдария бассейнінде бағалы балық түрлерін сақтау,  
-  Арал ӛңірінде туристік саланы дамыту жӛнінде ұсыныстар әзірлеу.  
    
Жалпы, біз айтып отырған, дүниежүзіне әйгілі болып отырған Арал 
проблемасы менің ойымша ондай күрделі емес. Ӛйткені, қазіргі кезде Арал 
теңізінің  жағдайы  жақсарып  келеді.  Арал  теңізі  ӛз  тарихында  5  рет 
тартылып,  5  рет  қалпына  келген.  Неге  ол  қайтадан  6-шы  рет  қалпына 
келмеске? Жалпы мен осы ойға сеніп, қайтадан дұрысталар деп ойлаймын.  
     
Спикер: Уақытыңыз аяқталды Рахмет. Ортаға даттаушы топтың 2-ші 
мүшесі  шақырылады.  Сӛйлеу  уақыты  4  минут,  1  мин-ты  қарсы  топтың 
сұрағына арналады.  
     
2-ші  мүше  даттаушы:  Сәлеметсіздерме  құрметті  аппанеттерім, 
тӛреші  ханым.  Міне,  бүгінгі  таңда,  бүкіл  әлемдік  проблемаға  айналып 
отырған «Арал теңізінің» жағдайы туралы түрлі пікірлер айтылуда.  
     
Мен,  болсам  құрметті  аппанеттерім  сіздің  пікірлеріңізге  мүлдем 
қарсымын.  Сіз  айтасыз  Арал  теңізінің  жағдайы  жақсы,  жақсару  үстінде. 
Арал теңізінің қазіргі таңдағы жағдайы мәз емес. Тұтастай алғанда Аралға 
кӛрсетіліп  жатқан  шараларға  қарамастан,  Арал  теңізінің  жағдайы  күрделі 
болып  қалып  отыр.  Арал  теңізіне  құйып  отырған  екі  ӛзен  Әмудария  мен 
Сырдарияны  адамдар  ӛздеріне  қарай  каналдар  арқылы  суын  бұрып  алып 
отыр. Соның салдарынан Арал теңізі тартылды. Оның атмосфераға тараған 
тұзы, тек ауаға ғана емес сонымен қатар топыраққада зиянын тигізуде. Бір 
айта  кететін  мәселе  бұл  «Возрождения»  аралы.  Бұл  арал  қалай  пайда 
болды  деген  сұраққа  жауап,  Арал  теңізінің  тартылуынан  пайда  болып 
отыр.  Осы  «Возрождения»  аралына  1988  жылы  Ресейден  2-контейнер 
бактерия  әкелініп  кӛмілген  болатын.  Оныңда  тигізіп  отырған  зияны  ӛте 
кӛп.  Айта  кетсек,  түрлі  аурулар  соның  ішінде  жұқпалы  сары  ауру, 
сәбилердің дүниеге мүгедек болып келуі, осының бәрі осы адамзаттың ісі 
деп  айтуға  болады.  Сіздерден  сұрайтыным  жаңа  бір  сӛздеріңізде  Арал 
теңізінің  жағдайын  жақсарту  үшін  Сырдария  мен  Әмудария  ӛзендерінің 
суын  реттеу  жӛнінде  ешқандай  қимыл  кӛріп  отырған  жоқпын.  Әлде  бұл 
бос  сӛз  болды ма. Каспиден канал  жүргіземіз дедіңіз,  олда  осылай  қалып 
отыр.  Еш  қимыл  қозғалыс  кӛрінбейді.  Біз  пайдаланатынды  пайдаландық, 
ендігі  жерде  келешек  ұрпаққа  нені  қалдырамыз.  Осыған  кӛңіл  бӛліп, 
ойланайықшы замандастар.  
    
Спикер:  Уақытыңыз  аяқталды  Рахмет.  Осымен  негізгі  бӛлім 
аяқталды.  Келесі  бӛлім  парламент  мүшелері  сіздерге  арналады.  Осы 
айтылған пікірлерге ӛз ойларыңызды білдіріп, дәлелдеп сол жақты қолдай 
алу мүмкіндігіңіз бар. Сӛйлеу уақыты 7 минут.  
    
Гүлдана  – даттаушы  топтың  пікірін  қолдаймын,  себебі  бір  бүлінген 
зат дәл сондай бұрынғы қалыпқа келеді деп ойламаймын.  
   
Динара  –  менде  даттаушы  топтың  пікірін  қолдаймын,  себебі  сол 
жерде  тұратын  халықтың  денсаулығы,  әсіресе  балалардың  денсаулығын 


208 
 
қайтадан  қалпына  келтіру  мүмкін  емес  нәрсе.  Сондықтан  халықтың 
денсаулығын қайтару, мүлдем орындалмайтын істің бірі.  
   
Алмасхан - әрқашан болашаққа сеніммен қарау керек. Ӛз тарихында 
5  рет  қалпына  келген  Арал      6-шы  ретте  қалпына  келуі  мүмкін  деп 
жақтаушы топтың пікірін қолдаймын.  
  Жалпы бекіту сұрақтары:  
-  Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министірі кім?  
-  Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні?  
-  Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі қашан қабылданды? 
-  Батыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы кім? 
                  Ей замандас, ең алдымен досыңды ұқ,  
                  Досың жер, су, мӛлдір ауа, ӛсімдік.  
                  Ала жүріп осылардаң сыйлаған,  
                  Осыларды қорлау деген не сұмдық. 
                  Жер ешкімге жазбайды, деп арызды 
                  Барын сарқып алу парыз ба?  
                  Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер,  
                  Не берсе де беретіні қарызға. 
Үйге  тапсырма:  «Балқаш  кӛлінің»  экологиясы.  Қосымша  мәлімет 
дайындау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет