62
температурада жақсы жұмыс істейді. Ағза дененің тұрақты ішкі
жағдайдайларын сақтап отыру үшін, осы үдерістерді үздіксіз бақылап және
реттеп отырады. Бұл күй гомеостаз деп аталады.
Ағзаның дене температурасын максималды тӛзу шектерінде
температураны сақтау қабілеті жылу реттеу деп аталады. Кейбір
жануарлар, оның ішінде, кӛптеген сүтқоректілер мен құстар эндотермдер
болып табылады. Олар дене температурасын іштей реттейді. Олар үйде
қажетті
температураны
сақтап
отыратын
термостат
сияқты.
Эндотермдердің биологиялық термостаты дене температурасын қалыпты
деңгейде сақтап отырады. Дене температурасы ӛзгерген кезде,
рецепторлар ӛзгерістерді қабылдайды да, реттеуді бастайды. Дененің
дұрыс температурасын сақтау үшін, сүтқоректілер неғұрлым тӛмен
температурада жылуды шығару және сақтай алуы керек. Сондай-ақ, олар
неғұрлым жоғары температурада дененің артық жылуын тӛмендетуі керек.
Сүтқоректілерде жылу шығару механизмдері бар: дірілдеу,
жасушалық метаболизм және қан айналымы. Бұлшық еттердің тез
жиырылуы мен дірілдеуі кезінде жылу бӛлінеді. Жасушалық метаболизм
жылу шығарады және денені жасушадағы химиялық сияқты бейімделуі,
жылуды жануарлардың жылу алмасу элементінен арнайы қан суық аяқ-қол
ұштарына барады. Бұл, мысалы, аяқтың немесе қолдың температурасын
сақтап тұрады.
1.Тым суық немесе тым ыстық температура кезінде сіздің денеңіздегі
бірнеше физиологиялық ӛзгерістерді сипаттаңыз.
2. Неліктен осындай ӛзгерістер болады?
3. Қандай жағдайда тері тепмературасы кӛбірек ӛзгереді: ауа лебі есіп
тұрған қолдың температурасы ма, әлде суық суға салынған қолдың
температурасы ма?
4. Суық суда тұрған қолдың температурасы қаншалықты ӛзгереді? Қолды
судан алғаннан кейінгі бірінші минутта ӛзгеріс қаншалықты болады?
Орнату
1. Мәліметтер жинау жүйесінде жаңа экспериментті бастаңыз.
2. Температура датчигін мәліметтер жинау жұйесіне қосыңыз.
3. Екінші датчикті екінші портқа қосыңыз.
4. Кестеде
у осінде х осіндегі уақытпен салыстырғандағы
температураны кӛрсетіңіз.
5. Үлкен табақты немесе соған ұқсас контейнерді алыңыз. Ол кейінірек
мұзға қажет болады.
6. Датчиктің ұшын алақанның сыртқы жағына бекіту үшін жабысқақ
лентаны қолданыңыз.
7. Басқа температуралық датчикті екінші алақанның сыртқы жағына
бекітіңіз.
Ескерту: Бір қолдың мәліметтері ғана жазылады. Екі қолдың
жағдайы бірдей болады.
Достарыңызбен бөлісу: