Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного


Дҧрыс  жауапты  таңдаңыз  немесе  толық  емес  сӛйлемдерді



Pdf көрінісі
бет88/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   302
Байланысты:
Биология факульт курсы

Дҧрыс  жауапты  таңдаңыз  немесе  толық  емес  сӛйлемдерді 
толтырыңыз. 
1. Дененің тұрақты температурасын сақтайтын жануарлар. 
А. Пойкилотермикалы 
B. Эндотермикалы 
C. Суыққанды 
D. Экзотермикалы 
2. Дене жылуды қалай шығарады? 
А. Метаболизм 
Б. Жасушалардың бӛлінуі 
В. Метаморфоз 
С. Кондукция 
3. Булану кезінде дене жылуын қалай жоғалтады? 
А. Кондукция 
Б. Сәулелену 
В. Конвекция 
Г. Метаболизм 
4. Дене температурасын қалай реттеуге болады? 
А. Булану 
Б. Дірілдеу 
В. Ыстық 
Д. Жоғарыда кӛрсетілгеннің барлығы. 
 
 
Қорытынды 
Жаңа   білім   алу  үрдісі  оқытушы  мен  оқушыны  шығармашылықпен 
жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді ӛздігінен іздену арқылы 


65 
 
алу  керек  болса,  мұғалім  оқушының  білім   алуына  себептер,  жағдайлар 
тудыру керек.  
Ұсынылған  факультативтік  курсты  8  сыныпта  биология  пәнімен  қатар 
сәйкестендіре  жүргізу,  сабақ  барысында  қарастырылған  тақырыптарды 
тереңірек  меңгеруге  мүмкіндік  береді.  Мектеп  курсында  жүргізілетін 
сабақтарда  PASKO  қҧрылғысын  қолданып  зерттеулер  жүргізуге 
сағаттар  бӛлінбеген,  сондықтан  факультативтік  курс  барысында  SPARK 
құрылғысын  қолдана  отырып  эксперименттерді  жүргізіп,  олардың 
нәтижелерін  талдап,  әрі  қарай  оқушылардың  адам  физиологиясы  туралы 
толығырақ  ақпарат  алуына  жағдай  туады.  Ӛз  ағзасында  жүретін 
физиологиялық  үдерістерге  әсер  ететін  факторлар  туралы  мәліметтер 
алып, олардың әсерін бақылай және болжай алады. Сарамандық жұмыстар 
кезінде  оқушыларға  осы  жасалатын  эксперимент  туралы  қосымша 
мәліметтер  қысқаша  ақпарат  түрінде  беріледі  және  әр  жұмысты 
орындағаннан  кейін  жұмысты  талдау  үшін  әр  түрлі  деңгейдегі  сұрақтар 
қарастырылған.  Оқушының  сыни  ойлауын  дамытатын  сұрақтардан  басқа 
алған  білімін  тексеру  үшін    тест  сұрақтары  да  ұсынылады.Сарамандық 
жұмыстармен  қатар  теориялық  сабақтарда  да  мектеп  бағдарламасына 
қосымша  мәліметтер  беруге  болады.  Сабақ  барысында  жүргізілген 
зерттеулерді  одан  әрі  жалғастырып,  оқушылардың  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  жүргізуге  қолдануға  болады.  Сонымен  қатар,  теориялық 
сабақтарды  тек  дәріс  түрінде  ӛткізбей  түрлендіріп  ӛткізсе,  балалардың 
факультативтік сабақтарға қызығушылығы артары анық.  
Жоғары  технологиялар  заманында  адамға  жан-жақтан  түрлі  ақпарат 
келіп  түседі,  сондықтан  казіргі  заман  адамы  ақпараттармен  жұмыс  жасай 
біліп,  қажетін  алып,  қолдана  алу  бейімділігін  қажет  етеді.Осы  орайда 
сабақтарда  АКТ  мүмкіндіктерін  молынан  пайдаланып,  балалардың 
ӛздеріне  зерттеуге  мүмкіндік  беріп  отыру  арқылы  қажетті  құрылғыларды 
ақпарат алуында қолдана алу дағдысын қалыптастыру, балалардың сапалы 
білім  алуына,  болашақта  іскер  әрі  шығармашылығы  мол,  ақпараттық 
қаруланған тұлға болып қалыптасуына септігін тигізері сӛзсіз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет