Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет125/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   302
Байланысты:
Биология факульт курсы

Социолог  (Жасұлан):  Зерттеулер  бойынша  шылымқорлар  темекіні 
тастағысы  келсе  де,  олардың  80  пайызы  ӛздігінен  қоя  алмайды  екен. 
«Ағзамыз  темекіге  үйреніп  қалған,  денсаулығымызға  зияны  жоқ, 
керісінше  тыныштандыруға  кӛмектеседі,  стресс  жағдайынан  арылуға 
себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, 
тбірақ 
темекі 
шегуді 
неге 
тоқатпайсыз?» 
деген 
сұраққа 
«Шаршағанымызды  басады,  күш  беретін  сияқты,  шекпесем  ӛзімді 
жайсыз  сезінемін»  деп  жауап  береді.  Осы  ақпарат  туралы  мектеп 
психологының пікірін білсек.  
1-жүргізуші:  Біздің  ағзамызға  темекі  шегу  қауіпті  ме?  Осы  сұраққа 
жауап  беру  үшін  химик  ретінде  зерттеу  жүргізген  Раушангүлге  сӛз 
береміз. 
Химик  (Шынар): Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-90
0
 – 
қа  жетеді.  Осы  кезде  құрғақ  айдау  үдерісі  арқылы  60-қа  жуық  зиян 
түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, 
жылдам  тартқанда  40  пайыз  никотин  болады.  Никотин  ағзаға  21-23 
секунд  ішінде  сіңеді.  Адамдар  үшін  никотиннің  2-3  тамшысы  ӛлімге 
әкеп  соғады.  Темекі  тартқан  адам  30  жыл  ішінде  1  кг  дейін  никотин 
тартады.  Темекі  түтінінде  никотиннен  басқа  да  улы  заттар  бар.  Олар: 
аммиак,  иіс  газы,  синиль  қышқылы,  мышьяк,  висмут,  20  жыл  ішінде 
ӛкпеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ған фильтрде тұрады. 
Мұғалім:  Оқушының  осы  ақпаратына  Жаналық  Жолдауқызы  сіздің 
қосар пікіріңіз бар ма? 
2-жүргізуші:  Енді  біз  әйелдер  арасындағы  темекі  шегушілік  туралы 
әңгіме  қозғасақ.  Бұған  дейін  біздің  қазақ  қыздары,  әйелдері  темекі 
шекпеген  ғой.  Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі  қыздар шылым шегуге 
неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы сынып 
дәрігерінен сұрасақ. 
Дәрігер (Айсана): Әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда кӛп зиян 
әкеледі.  Егер  әйел  жүкті  кезде  шылым  шексе  жатырдағы  балаға  әсер 
етеді, бала ӛлі тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің 42 пайызы бала сүю 
бақытынан  айырылады.  Олардың  балалары  аурушаң,  әлсіз  болады. 
Шылымқор  әйелдердің  30  пайызы  инфаркт  ауруымен  ауырады. 
Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді. 
1-жүргізуші: Темекі шегуді қалай қоюға болатынын дәрігерден сұрайық. 
Дәрігер  (Айымгул):  Темекіні  қоюдың  әр  түрлі  әдістері  бар.  Темекіні 
бірден  қойып  кетуге  немесе  бірте-бірте  күнделікті  тартатын  темекі 
санын  азайта  отырып  қоюға  болады.  Сол  сияқты  дәрігерлер 
психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл 
әдеттен арылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты. 
2-жүргізуші:  Жасӛспірімдер  біреу-міреу  байқап  қалмау  үшін  темекіні 
жасырынып,  асығыс  терең  тартады.  Темекінің  зардабын ӛкпеден  артық 
тартатын  ешбір  мүше  жоқ.  Темекі  шегетіндер  демікпе,  қатерлі  ісік, 
бронхит,  туберкулез  сияқты  тыныс  жолдарының  ауыр  науқастарына 
шалдығуы мүмкін. 


90 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет