94
кӛпірмей, бастың кірі ашылмайды. Суды жұмсарту үшін бір литр суға бір
шай қасықтан асырмай борлы қышқыл натрийді араластырады. Мұнымен
жуып болған соң, басты бір литр суға бір ас қасық сіркесуын қосып шаяды.
Қазір шаш жуу үшін әдеттегі сабыннан гӛрі сұйық сабын жиі қолданылып
жүр. Сусабынды шаштың қасиетіне қарай таңдап пайдаланған жӛн. Олар
қатты сабынға қарағанда әлдеқайда жұмсақтау. Шашты жуып болғаннан
кейін жылы сумен әбден шайған дұрыс.
* Жуылған шашты бӛлме жылуында кептіру керек. Ал күннің кезінде,
жанып тұрған отқа тақап немесе электрлі кептіргіштермен кептіру қатты
құрғатып жібереді.
* Кейбір шаш қатты құрғақ болғандықтан, ұшы қақиып тұрады. Мұндай
шаштарды он күнде немесе екі аптада бір рет жууға тырысқан жӛн.
Жумастан бұрын айына бір рет басқа соя немесе зәйтүн майынан компресс
жасап тұру керек. Оны былай дайындауға болады: кішкене ыдысқа
аталмыш майды шамалап құяды да оны ӛзге табаққа құйылған ыстық суға
салып қояды. Жылыған майға бір шай қасық лимонның сӛлін қосып,
араластырып, шашқа және бас терісіне жағады. Сонан кейін целофан
қалпақ киіп, сыртынан қалың орамал немесе сүлгі орап тартады. 10-12
сағат ӛткен соң, сусабынға немесе сабынға жұмыртқаны араластырып
басты жуып алады.
Достарыңызбен бөлісу: