91
2) Ортаға талқыға түсіп отырған мәселелер тӛңірегінде ӛз ойын ортаға
салу үшін сӛз ішкі істер бӛлімінің жасӛспірімдер ісі жӛніндегі
қызметкері Оралхан ағайға береміз.
1-жүргізуші: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде
ғасыр індетіне
айналған жат қылықтарды жасӛспірімдер бойынан алшақтату әр
адамның ӛз еркіне, біліміне байланысты.
2-жүргізуші: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі,
таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-
жолдастарына байланысты.
1-жүргізуші: 29 қазан дүниежүзілік алкогольден бас тарту күні. Биылғы
29 қазанда баспасӛз беттерінде жарияланған деректерде былай делінген:
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жанындағы
нашақорлық, психиатерапияның республикалық ғылыми тәжірибелік
орталығының мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде еліміздегі нашақорлықты
емдеу ұйымдарының диспансерлік және кеңестік есебінде 245 716 адам
тіркеуде тұр. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының
кӛрсеткіштері спиртті ішімдік тәуелділігінен әлемде жыл сайын 2,3
миллион адам кӛз жұматынын кӛрсетіп отыр», - деп жазылыпты.
2-жүргізуші: Елбасы ӛзінің халыққа жолдауы «Қазақстан 2030»
бағдарламасында «Салауатты ӛмір салты» туралы нақты айқындап
кӛрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі,
шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза кӛк желекті
дамыған елде тұруы керек.
1-жүргізуші: Бүгінгі конференциямыздың қорытынды сӛз кезегін
мектебіміздің мектеп директорының тәрбие ісі жӛніндегі орынбасары:
Абдрахманова Розаға сӛз кезегі беріледі.
2-жүргізуші: Адам!
Адам!
Бӛлісіп уайымды
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе
болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе
болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан ӛрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды, - дей отырып, бүгінгі
конференциямызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: