93
минуттай ұстаңыз. Шашыңызды ұзын етіп ӛсіргіңіз келсе, ұштарын
әрдайым түзеп отыруды ұмытпаған жӛн.Шаштарыңыз мүлде жатпай, жан-
жаққа ұшып, икемге келмейтін уақыттарда мынадай тәсіл қолданып
кӛріңіз: аса майлы емес қолға арналған кремді алып, кішкене ғана түйірін
алақаныңызға ысқылап, шашыңызды сипап ӛтіңіз. Бұдан еш зиян
болмайды, майланып, кір болып тұрғандай да әсер қалдырмайды. Әдемі
шаштар оларды дұрыс күтудің нәтижесінде ғана болмайды. Жеп-ішетін
тағамдағы дәрумендер мен минералдар да шаштың мықтылығына іштен
әсер береді. А, С, Е дәрумендері шашқа күш пен кӛлем береді.
Шаштарыңыз тез майланып, әлсізденіп, кӛлемін кетірмесін десеңіз,
мынадай масканы жасап кӛріңіз: бір шәй қасық бал алып, оны ¼ стақан
жылы суда араластырыңыз да, кішкене ғана миуалы (фруктовый)
сіркесуын қосыңыз. Бұл дәрілік масканы шаштың түбіне және біразын
шаштың ӛзіне жағыңыз. Кепкенше 15 минуттай ұстап, жуып тастаңыз. Бұл
маскадан кейін шаштарыңыз қатайып, түспейтін болады. Оларды жатқызу
да оңайға түсіп, шаш үлгісі де кӛп уақытқа дейін ұсталады. Сабынның
орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады.
Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен
байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа
сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мӛлшерде суы бар ыдысқа құйып
араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды.
Шашты жуып болған соң, оны жұмсақ сүлгімен сүрте отырып, кептірген
дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында
бірнеше сағат бұрын кез келген ӛсімдік майымен майлайды.
Достарыңызбен бөлісу: