118
біртұтас жүйесіне ӛзгеріс енгізеді. Осыған орай мутациялардың басым
кӛпшілігі алғашында зиянды болады, ӛте сирек жағының ӛзі түр үшін
бірдей пайдалы болып кетуі мүмкін. Организм генотиптің орта жағдайына
неғұрылым бейімделгіштігін қамтамасыз етуі арқалы сақталу процесін
сұрыптау деп атайды. Сұрыптаудың негізгі үш түрі бар. Тұрақтандырғыш
немесе қалыптастырушы сұрыптау ауытқуларды жойып мутация
популяцияны бір қалыпта ұстайды. Қозғаушы сұрыптау, керісінше, бұған
дейінгі қалыптасқан организдерді жоя отырып популяция тепе-теңдігін
бұзады. Ақырында дизруптивті сұрыптау популяцияда фенотиптердің
шеткі вариантарын сақтап (үзіліс басталғанша) аралық формаларды жойып
отырады. Организимнің тірі қалуы және ұрпақ беру мүмкіндігі оның
ортаға бейімделу дәрежесіне байланысты боллады. Организмдердің
бейімделу қабілеті неғұрлым кең болған сайын, олардың сақталу және
популяциядағы мүмкіндігі молая түседі. Генотиптері тіршілік ету
жағдайларына бейімделуі неғұрлым жақсы қамтамасыз ететін организмдер
бейімделуді шамалаларға қарағанда кӛбірек ұрпақ береді, ал осыған
байланысты белгілі бір геннің популяциядағы шоғырлануы да табиғи
сұрыптаумен анықталады. Қолдан қолдан сұрыптағанда басты маңыз ӛнім
беретін белгілерге беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: