Облыс џстаздарыныѓ газетi математика пәнінен облыстық олимпиада жаѓалыћтар. Хабарлар



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата06.03.2017
өлшемі5,95 Mb.
#8426
1   2   3   4   5   6

Зәуре НАҚИПОВА,

№114 орта мектептің

мектепалды даярлық топ

тәрбиешісі.

КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДА

- ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРТУ

Әлем дамыған сайын ғылыми-

техникалық үрдістің даму қарқыны

білім беру жүйесінің алдына үлкен

міндеттер жүктейтіні заңды құбылыс.

Ең бастысы - өз жұмыс орнына (қай

жерде болмасын) және бүкіл тех-

никалық тізбекте технологияның

үздіксіз өзгерістеріне тез бейімделе

алатын орындаушының (қазіргі

маманның) тұлғасын қалыптастыру

міндетінің сапалы, толыққанды

орындалуы. Біліміне, біліктілігіне,

парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі

таңда жастарға білім беру жүйесінде

болып жатқан оң өзгерістерге

дүрлікпей, асықпай қарап, оның заман

талабына сай мән-маңызын түсінеді.

Жер бетіндегі озық, бәсекеге қабілетті

мемлекеттер тобына еніп, сол елдермен

тең дәрежеде тұру міндеті еліміздің

ертеңгі азаматтарының қолында деген

"ысырып салды" әңгіменің қазіргі

заманда дәйексіздігі дәлелді қажет

етпейді. Әлемдік тәжірибе көрсет-

кендей, кез-келген мемлекеттің

экономикалық жетістігі сол елдің білім

жүйесі мен азаматтарының білім

дәрежесіне байланысты. Халық саны аз

мемлекеттер қатарынан табылатын

қазақ халқы үшін жаңалық пен жаңа

үрдісті қабылдауды жас ерекшелігіне

қарай таңдау - күнделікті жаңаруды

мамандығы талап ететін оқытушылар

қауымы үшін орынсыз екендігін

түсінуге керек.

Осы орайда үстіміздегі жылдың 14

сәуірінде Елбасымыз Н.Ә.Назар-

баевтың "100 нақты қадам" Ұлт

Жоспарының 79-қадамында аталған

"Білім беру жүйесіндегі даярланатын

кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін

арттыру және білім беру секторының

әлеуетін көтеру" нақты жоспары

аясында Қызылорда облыстық оқу

орталығының (әдістемелік кабинет)

ұйымдастыруымен Абылай хан

атындағы колледж базасында "Кәсіби

құзіретті маман даярлауда - үш тілді

меңгерту" тақырыбындағы Қызыл-

орда облысы бойынша техникалық

және кәсіптік білім беру мекемелерінің

ағылшын тілі пәні оқытушыларына

арналған семинар-тренинг өткізілді.

Аталған іс-шараға қатысуға арнайы пән

оқытушыларының өтініш бергенінен

еңбек нарығындағы ағылшын тілін

меңгерген оқытушылардың сұра-

нысқа ие болуынан алдағы уақытта

көптілді мамандардың қатарының

өздігінен көбейетінін аңғаруға болады.

Білім беру жүйесінде үш тілді қатар

алу саясатының қоғамда түрлі талас

тудырып жатқандығы аян. Бұл

толқулы ойлардың тұшымды жауабын

беру, сауатты орындау, әрине ол оқы-

тушылар қауымымен жүзеге асы-

рылады. Іс-шараның мақсаты сол -

ағылшын тілі пәні оқытушыларының

өзге пән оқытушылары қатарында

ағылшын тілін меңгерген оқытушы-

лармен жұмыс жасау, қатарын

молайту, оны ыждағаттылықпен

ұтымды жүзеге асыратын әдіс-

тәсілдерімен, жоспарларымен, өзге

әріптестерімен ынтымақтастықта

жұмыс жасау, тәжірибе бөлісу.

Осындай үлкен мақсатқа негіз-

делген семинар-тренингті сапалы,

нәтижелі өткізу  колледжіміздегі

ағылшын тілі пәні оқытушыларына

міндеттелді. Атап айтқанда, Абылай хан

атындағы колледж жанынан ашылған

"Біліктілік арттыру орталығының"

оқытушылар құрамы өткізді. Олар -

Амангелдіұлы Аманғали, Өтемісова

Сара және TESOL халықаралық

сертификатының иегері, ағылшын

тілінен білікті колледж оқытушысы

Августин Нвака.

Тіркеу нәтижесінде облысы-

мыздағы барлық техникалық және

кәсіптік білім беру мекемелерінен

келген ағылшын тілі, ішінара арнайы

пән оқытушыларымен 2016 жылдың 14

сәуірінде жоспарланған семинар-

тренингті Қызылорда облыстық оқу

орталығының (әдістемелік кабинет)

бөлім басшысы Б.Дүрманов ашып ол

өз сөзінде Елбасымыздың "100 нақты

қадам" Ұлт Жоспарында "Білім беру

жүйесіндегі даярланатын кадрлардың

бәсекеге қабілеттілігін арттыру және

білім беру секторының әлеуетін

көтеру" деп нақты көрсеткендігін

айтты. Онан әрі колледж дирек-

торының орынбасары Н.А.Ізбасқанов

іс-шараға қатысқан тыңдаушыларға

сәттілік тіледі.

Семинар-тренингте"Multilingua-

lism: A New Echo Of An Education

(Көптілділік - білім берудің жаңа

сатысы)" - Ізбасқанов Нұртуған

Айтуғанұлының баяндамасы тың-

далып, Classroom managements

(оқушылармен жүргізілетін жалпы іс-

әрекеттер туралы, сыныптағы

басқару: ұйымдастыру, оқушыларды

сабаққа дайындау - психологиялық,

т.с.с. жасалатын жұмыстар туралы) -

Августин Нвака Ониси, Сара

Өтемісова сынды колледж оқытушы-

лары қатысушылармен жұмыс

жүргізді. "1401000-Ғимараттар мен

құрылымдарды салу және пайдалану"

(ҒСН-24 оқу тобымен) мамандығының

білімгерлерімен кәсіби шет тілі

пәнінен Аманғали Амангелдіұлы

қатысушыларға панорамалық  сабақ

үлгісін көрсетті.

Соңында "Біліктілік арттыру

орталығының" төрағасы Н.А.Ізбас-

қанов және Қызылорда облыстық оқу

орталығының (әдістемелік кабинет)

бөлім басшысы Б.Дүрманов қатысу-

шыларға екі жақты арнайы үлгідегі

сертификаттарды салтанатты түрде

табыс етті.



Н.ІЗБАСҚАНОВ,

Абылай хан атындағы

колледж директорының оқу-

әдістемелік жұмыс жөніндегі

орынбасары.

5

       1 маусым  2016 жыл

"Қаражат жинақтайтын кез келді!"

"Қаражат жинақтайтын кез келді!"

"Қаражат жинақтайтын кез келді!"

"Қаражат жинақтайтын кез келді!"

"Қаражат жинақтайтын кез келді!"



Қазақстандықтар үшін мемлекеттен пайыздық

бонустар ала отырып, балаларының оқуына

ақша жинақтаудың жаңа тетігі жұмыс істейді

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

"

Мемлекет сыйлықақысына табыс түрі ретінде салық



салынбайды;

"

Білім беру жинақтау салымдары 10 млн. теңгеге



дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының

нысаны болып табылады;

"

Минималды бастапқы жарна - 3АЕК (2016 ж. 6 363



теңге);

"

Жинақтау мерзімі - 20 жылға дейін;



"

Мемлекеттің атынан ҚР БҒМ "Қаржы орталығы"

АҚ-ның 100% кепілдігімен банктен білім беру кредитін алу

мүмкіндігі бар.

Білім беру гранты тағайындалған салымшының құқығы:

"

жинақты мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;



"

ақшаны басқа баланың атына аудару;

"

білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды



жалғастыру.

Мемлекеттік сыйлықақы мен банктің сыйақысы

капиталға айналып, білім беру жинақтау салымдары

бойынша табыстылық 19,5 % құрайды, нәтижесінде

салымшы білім беру қызметтерін сатып алу шығыстарынан

30-40% дейін үнемдейді.



Білім беру жинақтау салымының

артықшылықтары:

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін

қажетті қадамдар:

1-қадам - МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.

2-қадам-  Білім беру жинақтау салымын ашу.

3-қадам - Бастапқы жарнаны енгізу.

Құжаттар:

-  ата-ананың бірінің жеке куәлігі;

Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім

беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ) қызметін

бастады.

Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің

атына немесе баланың атына білім беру жинақтау салымын

ашып, оны болашақта Қазақстанның және шет елдердің

колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін

жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы "Қаржы

орталығы" АҚ болып табылады.

Бүгінгі таңда 14 000 жуық білім беру жинақтау салымы

ашылды.

Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы



банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын

мемлекеттен 5% немесе 7% (жеңілдікті санаттағылар үшін)

сыйлықақы есептеледі:

- баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.



Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ,

"Қаржы орталығы" АҚ  президенті.

Астана қаласы.

Жаңа бағдарлама - жарқын

Жаңа бағдарлама - жарқын

Жаңа бағдарлама - жарқын

Жаңа бағдарлама - жарқын

Жаңа бағдарлама - жарқын

болашақ кепілі

болашақ кепілі

болашақ кепілі

болашақ кепілі

болашақ кепілі

Мен 40 жылдан астам білім

саласында қызмет жасаған тәжірибелі

ұстаз ретінде білім саласында болып

жатқан  оң өзгерістерді құптаймын.

ХХІ ғасыр жаһандану және инте-

грация ғасыры. Қоғамдық экономи-

калық және саяси өмірдегі өзгерістер

динамизмі, қоғамның әлеуметтік

құрлымының әртүрлілігі мен қиын-

дықтары  білім беру саясатының жедел

жақсаруын талап етіп отыр.  Сон-

дықтан  "2016-2019 жылдарға арналған

білім мен ғылымды дамытудың

мемлекеттік бағдарламасы" қабыл-

данды.

1. Бұл реформа бойынша мектеп



бітірушілеріне үш тілді меңгеру

мүмкіндігі  беріліп отыр:қазақ тілі -

мемлекеттік тіл,  орыс тілі - ұлтаралық

қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі-

әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу

тілі.


Оқушы барлық жағдайда үш тілде

коммуникативтік - әрекеттік опера-

цияларды жүргізе алады. Әлемде күнде

жаңалық ашылып жатыр, оны тез

арада аударып үлгірмейді және

ғылымның   80% Еуропада, ағылшын

тілінде мағлұматтар көп, оны тілді білсе

ғана пайдалана алады. Кезінде әлем

классиктерінің шығармаларын қазақ,

орыс тілінде оқыдық, қазір ағылшын

тілінде оқу мүмкіндігі бар және айта

кетерлік жәй 1-11 сыныптарда

бұрынғыдай сабақтар  қазақ мектебінде

қазақша, орыс мектебінде орыс тілінде

жүргізіле береді, тек 5 сыныптан

бастап дүние жүзі тарихы орыс тілінде,

11-12 сыныптарда 4 пән ғана ағылшын

тілінде оқытылады. Әл- Фараби

бабамыз 70 тілді білген дейді, енді Әл-

Қазалилер шықса бөтен болмас еді.

2. Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті

пәндері еліміздің барлық оқу

орындарында қазақ тілінде оқытылмақ,

ал жалпы тарих  қазақ мектептерінде

орыс тілінде өткізіледі.

3. Мектептер үш тілді білім беруге

толығымен  2019-2020 оқу жылында

көшеді, оған дейін дайындық

жұмыстары жүргізіледі.

4.  Жоғары сыныптарда кіріктірілу

арқылы  пәндер қысқаруы мүмкін. Бұл

да дұрыс.  Жоғары сыныптарда таңдау

пәніне байланысты оқушыларды

гуманитарлық және политехникалық

бағытта  топтастырамыз. Ал ҰБТ-ны

бірдей тапсырамыз! Таңдаған маман-

дығына байланысты қажетті пәндер

ғана  оқытылса  және ҰБТ-да соған орай

ұйымдастырылса  балаларға біраз

жеңілдік  болар еді.

5. Төрт жылда мектептер

жаңартылған білім беру мазмұнына

көшіп болады. . яғни білім мазмұны

толығымен өзгереді.

6. Елімізде білім  деңгейін теңестіру

үшін әрбір пән бойынша бірыңғай  (бір

базалық) оқулық енгізіледі.

Оқулықтың  әртүрлі болғанын ҰБТ-ге

бала дайындаған әрбір ұстаз жақсы

біледі. Аппеляция  кезінде қиындық

туғызады, талай бітірушінің 1 балы

жетпей үздік аттестатын, Алтын

белгісін  қорғай алмай, шекті деңгейге

жете алмай өкінгені  бар.

7. 2017 жылдан бастап ҰБТ

мектептік және ЖОО-на арналған

болып екіге бөлінеді.

8. Мектеп бітіру емтихандары

қайтадан өмірге енеді. Бұл да біздің

арманымыз болатын.

9. Келешек ҰБТ-ны (SIT) жаңа

бағдарлама бойынша мектеп түлектері

түгел (емтиханды) тапсыратын

болады.(Олимпиада жеңімпаздары

да,НИШ бітіруші түлектері де.)Мақсат

бітірушінің интеллектуалдық әлуетін

көтеру, яғни кешенді ойлау дағдыларын

меңгерту.

10. Оқушылар сабақтың мазмұнын

түсінуге дайын болған  жағдайда

жоғары 10-11  сыныптарда химия,

биология, физика, информатика

пәндері тіл мен пәнді ықпалдастыру

әдісімен билингвалды оқыту негізі

бойынша ағылшын тілінде жүргізілетін

болады. Неге  бұл пәндер? Бұл пән-

дердің терминологиясы латын тілінде

қалыптасқан,сондықтан оқыту жеңіл

болады.

11. 2016-2017 оқу жылынан бастап



мектептерде оқушылардың функцио-

налдық сауаттылығына негізделген

білім берудің жаңа моделі  (PISA) 1

сыныптарға енгізіледі. Осыған орай

білім берудің мемлекеттік стандарты

бекіген.


12. Ал 5 күндік оқу жүйесіне

тоқталсақ: отбасылық құндылық-

тардың өркендеуі анық көрінеді.

Отбасылық тәрбие, баланы қосымша

дамыту уақыты екі есе ұлғайтылып

жатыр. Спортпен, өнермен  айналысуға

мүмкіндік көбейді.  Сенбі есебінен 34

күн қосымша демалыс алады. Әзірше 1

сынып оқушылары ғана 5 күндік оқу

аптасымен оқитын болады. Келешекте

бастауыш сынып оқушылары 1

маусымға, негізгі және орта мектеп

оқушылары 5 маусымға дейін оқиды.

13. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен

бастап елімізде Назарбаев зияткерлік

мектебінің оқу бағдарламасын  енгізу

жоспарлануда.

14. Келешек жан басына қар-

жыландыру да өмірге келмек.  Оқушы,

ата-ана мектепті, мұғалімді өзі

таңдайды. Бұл дегеніміз мұғалімнің

зияткерлік, шығармашылық, кәсіби

тұрғыдан жетілуін, оқу орындарының

сапалы білім беруін  қамтамасыз етеді.

Мұғалімдер  арасында да, мектептер

арасында да  бәсеке болмақ.

15. 2019-2020 оқу жылы мектеп-

тердің барлығы 12 жылдық білім беру

жүйесіне толық көшеді. Қалай? 2016-

17 оқу жылында 1-ші сынып, 2017-18

оқу жылында 2,5,7-ші сынып

оқушылары, 2018-19 оқу жылында

3,6,8,10 сынып оқушылары, 2019-20 оқу

жылында толық 12 жылдық білім

жүйесіне көшеміз, яғни  МАД 1

сынып, 1 сынып 2 сынып ... болып

қайта номірленеді, қазіргі 11 сынып 12

сынып   (17 жасында) болып бітіреді

16. Заман талабына сай жаңа

типтегі оқу орындарында робота-

техника пәні енгізіледі.

17. Енді педагогикалық оқу

орындарына тек  қана терең білімді,

табиғи бейімділігі бар жандар ғана

қабылданатын болады. Олар қосымша

шығармашылық емтихан тапсырады.

18. Биыл ҰБТ-да шекті ұпайды

жинай алмаған бітіруші, екінші рет

ақылы тапсырады, тиісті ұпайды

жинаса тек қана ақылы ЖОО-ға түсе

алады.

19. Мектеп оқушыларына бұрын-



ғыдай бірдей форма кигізу де

ойластырылуда. Киімі арқылы

олардың оқушы екені көрініп тұрады.

Бұл мақұлдайтын іс, әрі тәртіп.

Алаламай бірыңғай талап қойылған

жерде нәтиже де бөтен болмайды.

20. Қазақ тілін меңгеруге ерекше

көңіл бөлінеді, ол үшін:

1) Оқытудың жаңа тиімді тех-

нологиясы енгізіледі.

2)Қазақ тілінде әлемдік деңгейдегі

әдіскерлер дайындалады.

Тоқсан ауыз сөздің түйіні, жалпы

білім саласының жетістіктері де,

кемшіліктері де тек қана мұғалімдерге

қатысты емес, ол  үшін ата-аналар,

жұмыс беруші мекемелер, саясат-

керлер,  қоғам да жауапты. Әркім  өз

ролін дұрыс атқарса бағдарлама да

орындалады, ұрпағымыз білімді,

тәрбиелі болып өседі.

Күләш МЕРГЕНБАЙ,

ардагер ұстаз.

Эстафеталық жарыс

Эстафеталық жарыс

Эстафеталық жарыс

Эстафеталық жарыс

Эстафеталық жарыс

№114 орта мектеп мұғалімдері мен

техникалық қызметкерлері арасында

алаш қайраткері Әлихан Бөкей-

хановтың 150 жылдығына арналған

эстафеталық жарыс өткізілді.

"Бірінші байлық - денсаулық" деп

қазақ бекер айтпаса керек. Жиған

малы мен дүниесінен бұрын жан

саулығын бірінші кезекке қоятын

дана халқымыз қазіргі таңда

салауатты ұрпақ қалыптастыру

жолында ауқымды шараларды қолға

алуда. Осыны негізге ала отырып,

мектеп директорының ғылыми

жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ұлжан Әбенова мен дене шынықтыру

пәнінің мұғалімі Сәбит Дүйсенбектің

ұйымдастыруымен эстафеталық

жарыс болып өтті.

Қатысушыларға мектеп дирек-

торы Мира Жүсіпова сәттілік тіледі.

6 бөлімнен тұратын шарттарды

қатысушылар қызықты да тартысты

орындады. Жеңген командалар Ал-

ғыс хаттармен марапатталды.

Г.ІЗЕНОВА

№114 орта мектеп тәлімгері.

Жалағаш ауданы.

Ерте ме, кеш пе әрбір адам өзінің

немесе балаларының болашағына

алаңдай бастайды. Қалайда тұрмыс

жағдайын көтеріп, өздерін қамсыз

қарттық шақпен қамтамасыз етуді

және балаларына білім алып берудің

амалын ойластырады.

Бұл жолда жоспарлаған соманы

тез жинақтау мүмкін бола бермейтіні

белгілі. Ақша жинақтауды кез келген

жаста бастауға болады және неғұр-

лым ертерек бастасаң, соғұрлым

жақсы. Өйткені, ақша жинақтауда

уақыт ең жақсы көмекші.

Қазіргі кезде қаражатты қор

ретінде сақтап қана қоймай оны үсті-

үстіне көбейтіп, болашаққа сақтан-

дыратын "құтқару салын" дайындап

қойған дұрыс.

Ендігі туындайтын сұрақ -

қаражатты қайда салу керек?

Қазақстанның қаржы нарығын-

дағы тұрақсыздықты ескерер болсақ,

қазір бар жинақты сақтап, оны

көбейтуге нағыз оңтайлы кез келді.

Соның ішінде оны дұрыс арнаға салу,

яғни өз балаларыңның, өзіңнің

болашақта білім алуына бағыттау ең

маңызды іс, өйткені интеллектуалды

ақпараттық 21 ғасырда өзін - өзі

жетілдірмеген, барынша

кемелденбеген, жалпы, білімі жоқ

адамға қоғамда өз орнын табу өте

қиын.


Мемлекеттік білім беру жинақтау

жүйесі осы - ақша жинақтау, жинақты

көбейту және нәтижесінде білім алу

мақсатында жасалған. Бағдарламаның

операторы Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

"Қаржы орталығы" АҚ болып

табылады.

Мемлекеттік білім беру жинақтау

жүйесінің негізгі артықшылық-

тарының бірі - білім беру жинақтау

депозитіне серіктес банктен жылдық

14 % мөлшерінде төленетін сыйақыдан

бөлек, жыл сайын жылдық 5% бастап

мемлекеттен сыйлықақы есептеледі.

Нәтижесінде, білім беру жинақтау

депозиттері білім алуға шығыстарды

шамамен 30-40%-ға азайтуға мүмкіндік

береді.

Бір айта кетер жайт, білім беру



жинақтау депозиті банкте азаматтың

өз атына ашылады және ҚР заңна-

масына сәйкес оны иесінен басқа

ешкім пайдалана алмайды.

Әлбетте, жинақтау валютасы да,

яғни жинақтың қандай валютада

жасалып, сақталатындығы өте өзекті

мәселе.


Мемлекеттік білім беру жинақтау

жүйесі туралы заңда білім беру

жинақтау депозиттері ұлттық валюта

- теңгеде ғана ашылады деп көзделген.

Бұған бірқатар себептер бар:

-

Қазақстан азаматтары жалақы-



ны теңгеде алады;

-

Қазақстанның ЖОО-ларында



оқу ақысы ұлттық валютада төленеді.

Сондай-ақ, тағы бір ескерер жайт,

соңғы 5 жылда оқудың орташа құны

бір деңгейде сақталып отыр;

-

теңгелік депозиттермен салыс-



тырғанда валюталық депозиттер

бойынша мөлшерлеме бірнеше есеге

төмен. Қазір ол барлығы жылдық 2 %

құрайды. Ал білім беру жинақтау

депозиттері бойынша сыйлықақымен

бірге есептегендегі табыстылық

кемінде 19%-ды құрайды, яғни

айырмашылық жер мен көктей.

Сондай-ақ Қазақстандық депозит-

терді кепілдендіру қоры ұлттық

валютадағы депозиттер бойынша

кепілдікті өтеу сомасын 5 миллион

теңгеден 10 миллион теңгеге дейін

көбейткендігін айта кету керек.

Білім беру жинақтау депозитінің

ерекшеліктері:

-

білім беру жинақтау депозит-



тері жүйеге қатысушы банктерде

ашылады;


-

салым бойынша минималды

бастапқы жарна 3 АЕК (2016 жылы 6

363 теңге);

-

жинақтау мерзімі 20 жылға



дейін;

-

мемлекеттің атынан Қаржы



орталығының 100% кепіл болуымен

білім беру кредитін алуға болады.

Ел экономикасы ұлттық валютаның

бағамы "еркін жүзуге" жіберілген

жағдайда болғанына қарамастан күн

сайын жүйеге қатысушы банктерде 10-

нан астам білім беру жинақтау

депозиттері ашылады. Егер 2013 жылы

бар-жоғы 700 білім беру жинақтау

депозиті болса, бүгінгі таңда салым-

шылар саны 15 000 адамға жуықтайды.

Бір қуанарлығы, бағдарламаға

меценаттар, қайырымдылық корлар,

сондай-ақ отандық кәсіпорындар мен

ұйымдар қосылуда.

Жобамызды бірінші болып қолда-

ғандардың ішінде "Бөбек" қоры

Қазақстанның білім беру ұйымда-

рында тәрбие алып жатқан жетім

балалардың барлығына дерлік білім

беру жинақтау депозиттерін ашу үшін

шамамен 5,1 млрд. теңге бөлді.

Осы ретте, "Нұр Отан" партиясы,

Балалардың құқықтарын қорғау

комитеті, Отбасылық тәрбие инсти-

туты және Қазақстанның басқа да

кәсіпорындары мен ұйымдары

әлеуметтік санаттағы тұрғындарға

Мемлекеттік білім беру жинақтау

жүйесі арқылы білім алу бойынша

қолдау көрсетуде.

Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ,

"Қаржы орталығы" АҚ

президенті.

Астана қаласы.

Тәжірибе. Әдістеме.

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Қаржы орталығында

Жемқорлық - жегі құрт

Жемқорлық - жегі құрт

Жемқорлық - жегі құрт

Жемқорлық - жегі құрт

Жемқорлық - жегі құрт

Ұлт Жоспары - Бес Институцио-

налдық Реформаны жүзеге асыру

жөніндегі 100 нақты қадамның 93

қадамында  аудит жұмыстарын

бағалаудың жаңа жүйесін енгізу

көрсетілген. Осыған сәйкес Қазақс-

тан Республикасының 2015 жылғы 12

қарашадағы № 392-V "Мемлекеттік

аудит және қаржылық бақылау

туралы" Заңына сәйкес 2016 жылдан

бастап елімізде мемлекеттік аудит пен

қаржылық бақылаудың жаңа жүйесі

қолданысқа енгізілді.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты,

бюджет қаражатын, мемлекет пен

квазимемлекеттік сектор субъекті-

лерінің активтерін басқарудың және

пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасындағы

мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау саласындағы мемлекеттік

реттеуді Қазақстан Республика-

сының Президенті, Қазақстан

Республикасының Үкіметі, Есеп

комитеті және ішкі мемлекеттік аудит

жөніндегі уәкілетті орган жүзеге

асырады. Мемлекеттік аудитор білік-

тілігін иеленуге үміткер адамдардың

кәсіби, іскерлік қасиеттері мен

ықтимал мүмкіндіктерінің жан-жақты

және объективті сипаттамасын алу

мақсатында оларды сертификаттау

жүргізіледі. Осы мақсатта инспекция

қызметкерлерін сертификаттаудан

өткізуге іс-шаралар жасалып, тиісті

жұмыстар  жүргізілуде.

Мемлекеттік аудитке ауысу

барысындағы өтпелі кезеңде сыбайлас

жемқорлық сипатындағы құқық

бұзушылықтарды болдырмауға

бұрынғыдан да тереңірек мән беріледі.

Бекітілген шараларға сәйкес инспекция

тарапынан бюджет және мемлекеттік

сатып алу заңнамаларының тұрақты

сақталуына орай инспекция қызмет-

керлеріне техникалық оқулар, ал

бағдарлама әкімшілері, бюджеттік

мекемелер мен кәсіпорындардың есеп

қызметіне жауапты тұлғалармен түрлі

семинарлар, дөңгелек үстелдер,

кездесулер ұйымдастырылып өткі-

зілуде.


Сонымен қатар инспекция қызмет-

керлері тарапынан сыбайлас жем-

қорлық сипатындағы құқық бұзушы-

лықтардың нышандары байқалған

жағдайда инспекцияның 23-38-09 сенім

телефоны арқылы хабарласуға

болатындығы жөнінде хабарламалар

үнемі бұқаралық-ақпарат құралдары

арқылы жарияланып отыратынын еске

аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет