Педагогикалық еңбек ардагерлері
Қарасай Тұрашұлы Тұрашев және
Мәрия Мамайқызы Абдошеваға Ба-
тыс Қазақстан облысының педагог
қауымы атынан жалғыз ұлдары Дамир
Тұрашевтың дүниеден озуына байла-
нысты қайғыларына ортақтасып, көңіл
айтамыз.
«Тал бесіктен – жер бесікке»
дейінгі өмір-сапарында сүйкімді ба-
ла, сүйікті ұл, дарынды шәкірт, білімді
адам, ардақты әке, аяулы жар, асыл ата
болған Дамир Қарасайұлы алпыстың
асқарына көтерілген абыройлы шағында
бес күндік жалған дүниемен қош айты-
сты.
Білімді бүкіл
өмірінің серігі етіп,
ағылшын тілінің білгірі ретінде жа-
стайынан Мәскеу төріндегі Жұлдызды
қалашықтағы ғарышкерлерге тіл
үйреткен Дамир бауырымыздың
өнегесімен артынан ерген қарындасы
Аида да әрі тарихшы, әрі ита-
льян тілінің маманы ретінде Санкт-
Петербург жұртшылығын мойындатты.
«Аттың ізін тай басар» демекші,
Дамир Қарасайұлының ұлы Асқар
Тұрашев Менделеев атындағы Мәскеу
технологиялық университетін үздік
бітірген, космос орталығының білікті
ғылыми қызметкері, ғалым.
«Қазақ қандай болады?» десе, өзге
ұлттарға ұялмай көрсетуге тұратындай
білімді де зиялы, көркем мінезді азамат
Дамир Қарасайұлының қазасына көңіл
айта келген қалың елдің қабырғасы
қайысты.
Азаматтың қырқына ас берген ата-
анасы Қарасай Тұрашұлы мен Мәрия
Мамайқызына көңіл айтқан адамдардың
бәрі де орны толмас қазаға, қайғыға
арты қайырлы болсын айта отырып,
қос ардагерге немереден шөбере
сүйіп отырғандықтан, шүкіршілік,
ұрпақтарының амандығын тілесті.
Сексеннің сеңгіріне шыққан
ел ардақтылары, ардагер ұстаздар –
Қарасай аға мен Мәрия апа ұл қазасын
естірткен суыт хабардан есеңгіреп, аһ
ұрып аңыраған сәттерде жандарынан
табылып, иықтарынан сүйеген облыс
әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа оның
орынбасарлары Бақтияр Мәкенге, Ал-
маз Бадашев пен Арман Кәрімұлына,
«Нұр Отан» партиясы облыстық фи-
лиалы төрағасының орынбасары
Серік Сүлейменге, көптеген алыс-
жақындағы шәкірттеріне, тума-туыс,
дос-жарандарына қамқор көңілдері
үшін алғыстарын білдіріп, халықтың
демеуіне, жұбатуына риза болды.
Өздері еңбек еткен ұжымдар: Махам-
бет атындағы БҚМУ, С.Сейфуллин
атындағы №11 облыстық дарынды
балаларға арналған мектеп-интернат
кешені, т.б. тілеулес ағайындардың
қиналған шақтағы қолдау, қамқорлығы
дәтке қуат болғандай.
Мәрия апамыз 80-ші жылдары біздің
институтымызды басқарған; майдангер-
ұстаз Қарасай Тұрашұлы аға екеуі
біздің газетіміздің елге мақтан етіп
таныстырарлық кейіпкері, институттағы
іс-шаралардың тұрақты қонағы. Қай
кезде де біз, Сіздерді танитын барша
педагогтар, өздеріңмен біргеміз!
«Жайық ұстазы» газетінің мыңдаған
оқырмандары атынан қос ардагердің
ұрпақтарына, өздеріне амандық, ұзақ
ғұмыр тілейміз!
Институт және редакция ұжымы
«Қарттарын қадірлеген
ел - ардақты»
8
Жайық ұстазы
13 қараша, 2014 ж.
«Жайық ұстазы» - педагогтың төл газеті
МЕНШІК ИЕСІ:
«Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы» акционерлік
қоғамының филиалы Батыс
Қазақстан облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Бас редактор:
АҚМАРЖАн ТАуБАевА
Жауапты хатшы:
Руфия Афлетонова
Тілші: Рысты Исмағұлова
Компьютерлік
жұмыстар:
Галина Бижанова
* Газет айына екі рет шығады
* Редакция оқырман хаттарына
жауап бермейді, хаттар мен қолжазба
қайтарылмайды
* Автор мақалалары редакция көзқарасын
білдірмейді
* Деректердің дәлдігі үшін автор
жауапты
Газет Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат
және мұрағат министрлігінде 10.06.2013 ж. тіркеліп,
№13667- Г тіркеу куәлігі берілген.
Мекен жайымыз: 090001 Орал қаласы, Евразия даңғылы,
238 үй.
Тел: 23-75-27. Zkoipk.kz, Zh-Ustazy@rambler.ru
Жалпы тираж 4500
Газет “Полиграфсервис“ ЖШС баспаханасында
басылады. Мекен-жайы: Л.Толстой көшесі, 27/3.
Тел: 50-51-46
Ақжайық өңірінің ұлағатты ұстазы, айтыскер ақын,
Жаңылай Рамазанқызы Меңдіғалиева, егер арамызда
жүрсе, 1 қараша күні 55 жасқа толар еді.
Ұстаз едің, жүректерге гүл еккен,
Ақын едің, Жайығыңа жыр төккен.
Әріптестер, шәкірттерің бүгінде
Еске алады сағынышты жүрекпен.
Еске алушылар:
№32 ЖББОМ ұжымы және сіңлісі
Меңдіғалиева Жансая Манасқызы
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Бөкей орда-
сы ауданының психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетінің
бұрынғы меңгерушісі
Бибігүл Мүтиғоллақызы Хасанғалиеваның
өмірден озуына байланысты жанұясының қайғысына ортақтасып,
көңіл айтады.
Барша педагогтар
қайғыларыңызға ортақ!
Қазан айының алғашқы күндерінде елімізде
қариялар мерекесі кеңінен аталып өтіледі.
1-қазан Қазақстан Республикасы бойынша
қариялар және ұрпақтар ынтымақтастығы
мейрамы қарсаңында Ж.Досмұхамедов
атындағы Орал педагогикалық колледжі
жанындағы жатақханаға облыстық «Ару
аналар» ансамблінің мүшелерін қонаққа
шақырып, жатақхана тұрғындарымен кезде-
су өткізілді.
Студенттерді «Ару аналар»тобымен
кездестіру себебіміз: тұрғындардың бойы-
на халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,
үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай
есте сақтау үшін және салт-дәстүрлерден
нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен
жаманды ажырата білуге, аталы сөзден
ғибрат алуға тәрбиелеу. Студенттердің ала-
тын мамандықтары мұғалім болғандықтан,
жүрек түбіндегі нәзіктігі мен мейірімділігі,
сабырлылығы жан дүниесімен ұштасып,
бастауыш сынып оқушыларының бойы-
на сондай түсінікті, жақсы қасиеттерді
сіңіруге жұмыстану керектігіне тоқталып,
кешке шақырылған әжелерімізге арнаған
«Қарттарын қадірлеген ел - ардақты» кезде-
су кеші ашық деп жарияланды.
Ақылдың кенін арқалаған ақ жаулықты
аналарымыз бен асыл әжелерімізді қариялар
мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық,
отбасыларына
бере-
ке, бірлік, қуаныш тілеп,
«балаларыңызды жақыннан
көріп, немерелеріңіздің
маңдайынан сипап жүре
беріңіздер» деп, шын ниет-
пен құттықтай келіп, еліміз
мақтан тұтар аталар мен
әжелеріміз - мақтанышымыз
сіздерсіздер деп, бүгінгі
кешіміздің құрметті де,
сыйлы қадірлі қонақтары,
қаламыздың «Ару анала-
ры» атанған әжелерімізбен
таныстық.
Кездесу кешіне кел-
ген Саржанова Клара
Бақтығалиқызы - ару аналар
тобының жетекшісі, зейнеткер. Ермұханова
Мәншүк Жолдығалиқызы - көп ұлтты, көп ба-
лалы, Алтын алқалы ару ана, зейнеткер.
Шоңраева Зиба әже - көп ұлтты, көп бала-
лы, Алтын алқалы ару ана, зейнеткер. Тен-
чурина Галя әже - көп ұлтты, көп балалы,
Алтын алқалы ару ана, зейнеткер.
Студенттер өз өнерлерін ортаға са-
лып, әжелеріміз шырқаған әсем әндерін
тыңдап, әңгіме-дүкен құрысты. Студент-
тер сұрақтарын койып, керекті жауапта-
рын алып отырды. Әжелеріміздің жүздерін
шимайлаған терең әжімдерге, ақ шалған
шаштарына қарап, олардың бір ай емес,
мәңгілік құрметке лайық екенін аңғардық.
Мерекелік шара өз мәресіне жетті.Кеш
соңында жатақхана меңгерушісі Оразғалиева
Ардақ Қанатқызы игі тілегін жеткізіп, сый-
сияпат таратты.
Осындай тәрбиелік мәні бар кездесу
кештері жатақхананың студенттері арасын-
да жиі өткізіліп тұрады. Кешіміздің көңілді
өтуі - студенттерді достық, сыйластық,
ұйымшылдыққа тәрбиелеудің ең тиімді жо-
лы.
«Тәрбие мен оқу - егіз» деген осы.
Ақбота НҰҒМАНОВА,
Ж.Досмұхамедов атындағы
педагогикалық колледж
жанындағы жатақхана тәрбиешісі
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойын-
ша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институ-
ты» жанындағы 42 орындық жатақхана жыл бойына білім жетілдіру
курсынан өтетін мұғалімдер мен тәрбиешілерге, т.б. білім саласы
қызметкерлеріне өз қызметін ұсынады.
Сонымен қатар бұл жатақхана облыс көлеміндегі мекемелер мен
ұйымдардан да ұжымдық өтініштер қабылдайды.
Жатақхана институттың 4- қабатында орналасқан, жылы, салқын
суы, душы бар, холда теледидар қойылған.
Біздің мекен-жайымыз: Орал қаласы, Евразия даңғылы, 238-үй, №8
мектеп аялдамасы.
Байланыс телефондары:
8 (7112) 54-38-84.
Х а б а р л а н д ы р у
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ фи-
лиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы осы
институттың директоры Измуханбетова Софья Салахиденқызына
жездесі
Таңатов Болат Оңайұлының
қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
Биылғы 15 қазаннан бастап облыс педагогтарының төл газеті
«Жайық ұстазына» жазылу жүріп жатыр.
«Қазпошта» АҚ және «Евразия-Пресс» ЖШС бөлімшелері арқылы
және Педагог қызметкерлер біліктілігін арттыру институтының бух-
галтериясына келіп, газетке жазылуға болады.
«Қазпошта» арқылы 12 айға жазылу:
қала бойынша - 1536 тг. 92 тн.
ауыл бойынша - 1607 тг. 48 тн.
Институт бухгалтериясы арқылы 12 айға жазылу бағасы - 1200
теңге.
2 0 1 5 ж ы л д ы ң І ж а р т ы ж ы л д ы ғ ы н а « Ж а й ы қ ұ с т а з ы »
г а з е т і н е ж а з ы л у ғ а а с ы ғ а й ы қ !