Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ  ЕРЕКШЕ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет169/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ  ЕРЕКШЕ ОҚЫТУ 
 
Нургалиева Жулдыз Камалладиновна, 
Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебінің шағын орталық топ тәрбиешісі 
 
Еліміз алғашқы қадам жасай отырып, Мемлекеттік білім беруді дамытудың 2010-2020 
жылдарға  арналған  бағдарламасына  бірінші  рет  ерекше  білім  беруді  дамытуды  қосқан 
болатын.  Бірақ  біздің  елімізде  жұмыс  істеп  тұрған  арнайы  мектептердің  жүйесі  сақталады. 
Себебі,  қаншама  айтсақ  та,  барлық  мүгедек  балаларды  бірден  партаға  отырғызып,  оқытып 
алып кету мүмкін емес. Сондықтан, бұл жүйені мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім 
беру кабинеттерін ашудан бастап, біртіндеп кеңейте түсу қолға алынуда. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  07.12.2010  жылғы  №1118  Жарлығымен 
бекітілген білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы 
ерекше білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады. Осы бағдарлама төңірегінде 2015 жылға 
инклюзивті білім беруге қатысты мына міндеттерді шешу көзделген: 
  мүмкіндіктері 
шектеулі 
балаларды 
біріктіріп 
оқытудың 
модульдік 
бағдарламалары жасалады;   
  мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту 
ережесі әзірленеді;   
  түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады
  мүгедек  балаларға  қашықтықтан  білім  беруді  ұйымдастыру  қағидалары 
әзірленеді [1]. 
Ерекше білім беруді дамытуға бағытталған құқықтық құжат Республикада арнайы білім 
беру  үшін  басты  және  тарихи  маңызды  болып  2002  ж.  “Ерекше  балаларға  әлеуметтік 
дәрігерлік-педагогикалық  және  түзету  көмегін  көрсету  туралы”  заңын  қабылдауы  болып 
табылады.  Бұл  заң  актісінің  қабылдануы  мемлекет  пен  қоғамның  дамуында  бұзылысы  бар 
балаларға оң көзімен қарай бастағанын көрсетеді. Ерекше білім берудің негізгі принциптері 
Ерекше  білім  беру  -   жалпы  орта  мектептерде   мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  дені  сау 
балалармен бірге оқыту Ерекше білім беру негізінде – Барлық адамдарға  тең қарым- қатынас 
Балалар  арасында  дискриминацияны  болдырмау,  Арнайы  білім  беруді  қажет  ететін 
балаларға     арнайы жағдай жасау.  
Ерекше білім беру – ерекше балаға білім беру саясатының негізгі құралы. Ерекше білім 
беру – жалпы білім беру мектептерінде немесе арнайы құрастырылған топтарда, сыныптарда 
сау балалармен бірге дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту. Ерекше оқытудың 
басты  мақсаты  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім беретін  ортаға  кіріктіру  ғана 
емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді. Ерекше оқыту мүмкіндігі шектеулі 


252 
 
баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту үдерісінде 
баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады. 
Қазіргі  уақытта  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ерекше  білім  беруді  дамытудағы  нақты 
факторлар объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді. 
Субъективті қиындықтар: 
  стандарттық процедуралардың әзірленбеуі; 
  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  оқу  дәрежесін  үнемі  қадағалау  мақсатында 
білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы; 
  қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдардың аздығы; 
  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыруда  тәрбиеші  педагогтардың  арнайы 
білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы
  мектепке дейінгі ұйымға келетін ерекше балаларға арнайы көліктің болмауы. 
  ерекше  балалардың  жеке  проблемаларының  болуы,  яғни  олардың  ауырып 
қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы. 
Объективті қиындықтар: 
  материалдық-техникалық базаның төмен болуы; 
  ерекше балаларды оқыту үдерісінде жеке дара тіл табудың қиындығы; 
  мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі; 
  ерекше  балалармен  жұмыс  істейтін  тәрбиешілерге  біліктілігін  арттыру 
курстарының ұдайы жүргізілмеуі. 
Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда 
арнайы  мекемелер  үшін  тифлопедагогтар  мен  сурдопедагогтар,  логопедтер  санының 
жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады 
Ерекше балалардың дамуының қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл 
білім  беру  қызметтерінің  сапасын  арттыру  және  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  үшін 
жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген мәселелерге арнайы тоқталу арқылы мектепке дейінгі 
ұйымдарда  ерекше  білім  берудің  қазіргі  жағдайына  шолу  жасалынды.  Қысқаша  талдау 
негізінде  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  ерекше  білім  беру  жағдайындағы  оқыту  мен 
тәрбиелеуге  дайындығының  төмен  екендігіне  көзімізді  жеткіздік.  Аталған  бағыттар  жүзеге 
асырылса,  мектепке  дейінгі  ұйымдар  мен  ерекше  білім  беру  жағдайындағы  жалпы  білім 
беретін  мектептердің  арасындағы  сабақтастық  ертеңгі  күнгі  болашақ  саналы 
азаматтарымызды тәрбиелеуге мол үлесін қосатынына кәміл сенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет