246
және тәуелділікті анықтауға тырысады.Айналадағы өмір құбылыстарын,ерекшеліктерін
байқай отырып,тапсырмаларды өзінше зерттеп орындау, өзінше шешім жасау, өз
ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана,бала еркін ойлы, өзіне сенімді,
ерік-жәгерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан,болашаққа
қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Ойлау қабілетін дамытуға
арналған ойын түрлерінің оқу, жазу, тіл дамыту сабақтарында қосатын үлесі зор. Ерекше
балаларды психикалық қасиеттерінің қалыптасуы бір шама кешеуілдеп жатады және оның
дамуы бір қалыпты болмайды. Баяу қабылдау, қабылдау көлемінің аздығы, есте сақтау
әрекетінің жеткіліксіздігі баланың оқу бағдарламасын меңгеруіне ғана емес, сыртқы әлеммен
танысуына да көп кедергісін келтіреді. Баланы айналаны толыққанды қабылдауға үйрету
үшін арнаулы түзеу мектептерінде танымдылық қызметін түзету сабақтары жүргізіледі. Бұл
сабақ балалардың танымдылық ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінін, сөйлеу үрдістерін, ұсақ
моторикасын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен ойын ойнау тек мектепте ғана емес, үй
жағдайында ата-аналардың өздеріне де ұйымдастыруға болады. Ерекше білім беруді қажет
ететін балаларға біз жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет. Мектеп ата-ана бірігіп жұмыс
жасау керек.
Ерекше балалар – белгілі бір қамқорлықты қажет ететін балалар. Қазіргі кезде
мектептерде ерекше балаларды қамқорлыққа алып,олардың қалыптасуына және айығуына
мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беріп отыру керек. Бұл балалардың
танымдық қабілеттерін ашу,дамыту ойындарының маңызы ерекше. Балаларға «қазір
ойнаймыз» дегеннің өзінде олардың сабаққа қызығушылығы арта түсері анық.Ойын
терапиясы балалардың көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып,ұсынатын білімді
меңгеруіне қажетті дайындыққа көмектеседі. Бала қарым-қатынастың
вербалді құралдармен
толық меңгермейінше, ойын және ойын материалы ересек адаммен эмоциялық қарым-
қатынасты орнатуға, оқу дағдыларын дамытуға қажетті тәжірибені алуға көмектеседі. Ойын
терапиясы жағдайында оқушылардың дара сапасының байқалуын, интелектуалды қабілетін
пайдалануын, өз бетімен әс-әрекет жасауын белсендіретін және т б олардың шығармашылық
ізденісін жоғарыға бағытталған мазмұнды қызмет түрі дамиды,яғни мектепке дайындық
үдерісінде негізгі білімді меңгеруіне арналған жағдай туындайды. Ерекше балаларды
оқыту кезінде мұғалім ата анамен бірлесіп жұмыстану керек. Көп ұлтты Қазақстанның
бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық
дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар
тәрбиелеу. Ата-аналардың мақсаты педагогтармен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-
кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат
салысу.
Мамандар
ата-аналармен
тығыз
қатынаста
жұмыс
істеуі
керек.
Маманның ұсыныстары ата-анаға өз баласын жақсы түсінуге көмектеседі, онымен өз қарым-
қатынасын құруды үйретеді және оған қоршаған өмірде толық бейімделуіне көмектеседі.
Көптеген ата-аналар педагог уақыттарын үнемі «ерекше» балаларға жұмсайтындықтан,
денсаулығы бар балаларға жеткіліксіз назар аударады деп уайымдайды. Алайда кәдімгі
топтарға ерекше қажеттіліктері бар 3-4 баладан артық қосылмайды және педагог денсаулығы
бар балаларға қанша уақыт бөлсе, оларға да сондай уақытын бөледі. Мамандар ата-аналарды
өз баласымен ынтымақтастықтың психологиялық — педагогикалық технологияларына, оны
түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді, сондай-ақ оларға
психологиялық қолдау көрсетеді.
Дидактикалық ойындарды ұйыдастыру мен өткізу педагог үшін айтарлықтай күрделі
жұмыс. Ұйымдастырылған дидактикалық ойын мүмкіншілігі шектеулі балалардың
психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып жасалынуы тиіс. Ерекше балалар
тапсырманы өз бетінше орындай алуы өте сирек. Оларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
мен тиімділігін анықтау, ұстаздың шеберлігінде, дер кезінде көмектесіп баламен
ынтымақтастық қарым-қатынасын нығайтуда.Тек ұстаз ғана оқып отырғанын түсінуіне
саралай білуіне, онымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруіне көмектеседі,таныс еместі
247
таныспен жаңаны белгілімен байланыстырып, сол арқылы білімнің неғұрлым биік сатысын
құрайды. Бала әрине сапалы түрде емес, оқу арқылы ұстаздың көмегіне арқа сүйейді, өз
мұмкіндіктерін дамытуға талпынады. Бала ұстаздың көмегіне,ақыл кеңестеріне, нұсқаулары,
қимыл әрекетіне мақтау, ескерту сөздеріне керісінше ынталанып отырады.
Ерекше балаларды оқытқан кезде мұғалім және басқа да мамандардың басты мақсаты
баланың қоршаған ортамен қарым –қатынас дағдысын және өзін-өзі ортад ұстауын үйрету
болып табылады.Баланы еңбек әрекетіне үйрету мысалы сурет салу,киім тігу, жөндеу,
ағашпен жұмыс жасау.Белгілі бір затты шығару емес,баланы кәсіби шеберлікке
ынталандыру, жеке еңбек жоспарланып құруын, құрал-жабдықтарын жөндеп пайдалануға
үйретеді. Қоршаған орта арқылы түзету-дамыту мәселелері арқылы ата-ана, әлеуметтік
қызметкерлер, түзету кабинеті арасында ,яғни балалардың жағдайы жақсы болу үшін
педагогикалық талаптардың орындалуы,дамыту сабақтарының кестесі кезеңдерінің жүйелі
дұрыс
ұйымдастырылуы, тамақтану сапасының
дұрыс болуы,денсаулығын сақтау
құқығын
қорғауда тығыз сабақтастық қажет. Осы бағыттағы дамыту жұмыстары сабақтаса
жүргізілген жағдайда ғана нәтижелі болады. Ерекше балаларды оқытқан кезде әр-түрлі ойын
түрлерін қолдануға болады мысалы: Суретші ойыны мақсаты: зейінін, бейнелі ойлау және
есте сақтауды дамыту. Екі қатарға бірнеше заттың атауы жазылады.Жанында сол заттың
суретін салу үшін орын қалдырылады. Оқушы сөздерді оқи отырып,жанындағы тордың ішіне
тез суретін салып отырады. Сиқырлы таяқша жаттығуы.бұл жаттығуда алдын-ала маскалар
дайындалады. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Жүргізуші сиқырлы таяқпен бір оқушыға
барып тигізеді, ол оқушы бір жануардың маскасын киіп шығады.Сонымен қатар көптеген
ойын түрлері бар: Мейірімді жіп жаттығуы, Көршінің қолы қандай жаттығуы, Аппликация
жаттығуы, Мен сияқты жаса жаттығуы т.б. Қазіргі кезде ерекше балалар саны көбеюде. Бұл
оқушылармен жұмыс жасау барысында, алдымен олардың ерекшелігін анықтау қажет. Әр
ерекше оқушының өзіне қойылған дәрігерлік диагнозы болады. Сол диагнозының
қорытындысы бойынша оқитын бағдарламасы анықталады. Ерекше балалармен психолог
әлеуметтік педагог мамандар жұмыс жасайды. Психолог маман күнделікті баланың көңіл
күйін бақылайды, тест жұмыстарын алады, белгілі бір тақырыпқа сурет салу тапсырмаларын
береді. Әлеуметтік педагог маманның мақсаты: баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас
дағдысын және өзін-өзіт ортада ұстауын үйрету болып табылада. Баланы еңбек әрекетіне
үйрету мысалы,сурет салу.Белгілі бір затты жасап шығару емес, баланы кәсіби шеберлікке
ынталандару,жеке еңбек жоспарланып құруын, құрал-жабдықтарын жөндеп пайдалануға
үйретеді. Сонымен қатар, ерекше балалардың еңбек процесіне жеке ерекшеліктеріне көрсете
алу мүмкіндіктері қаралады. Ол үшін баланы сурет салуға,ермек сазбен жұмыс істеуге
қызығушылықтарын ояту жатады. Балалардың жұмыс нәтижесін көрме арқылы көрсету,
мерекелерге қатыстыру ,шығармашылық жұмыстар, кітапханаға бару,баланың дамуында
маңызы зор. Ерекше балалардың диагнозына ата-аналары мен қоршаған ортаның теріс әсері
баланың жағдайын ушықтыра түседі. Ата-ананың міндеті баланы тыныштандырып,
қобалжуын жеңілдету және жанұяда қалыпты жағдай жасау талап етіледі. Осындай жанұяда
әлеуметтік мұғалімнің көмегі зор. Ерекше балалармен сөйлесу барысында сабырлы, мейірімді
және де кішкентай жетістіктерге мақтау керек екенін ұмытпау керек. Дастархан басында
асхана құралдарын қолдануды, дұрыс киінуді, тарануды, жуыну дағдыларын үйренуін
қадағалауы тиіс. Ерекше балалармен жұмысының бағыттарын бөліп көрсетсек. Олар:этикалық
әңгімелер өткізу, бала өзіндңк қадағалауын ұйымдастыру, баланың міндетті түрде еңбекке
қатысуы,топтасып ойнау, өнермен шұғылдануға көмек беру,демалыс ұйымдастыру.Енді
оқыту әдістерінің түрлеріне тоқтала кетейік.Бұлардың ішінде кең тараған әдіс әңгіме болып
табылады. Бұл әдіс бойынша баланың білімі тексеріледі, бекітіледі. Баланың практикалық іс-
әрекеті сюжеттік, рөлдік, іскерлік, дидактикалық ойындар болып табылады. Баланы сурет
салуға, ертеңгіліктерге қатысуға, ән айтуға дайындау баланың қызығушылығын, икемділігін
қалыптаса отырып, болашақ өмірге деген мақсат пайда болуына жол ашады. Қоршаған орта
арқылы түзету-дамыту мәселелері арқылы ата-ана, әлеуметтік қызметкерлер, түзету
кабинеті арасында ,яғни балалардың жағдайы жақсы болу үшін педагогикалық талаптардың