Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды



Pdf көрінісі
бет177/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды  қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни 
адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру 
жүйесі  болып  табылады.  Инклюзивті  білім  беру  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытып-
үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және 
даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы 
және  арнаулы  жүйелерді  бір-біріне  жақындастырады.  Жалпы  білім  беретін  мектепте 
мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  бірлесіп  (интеграциялы  түрде)  оқуын  ұйымдастыру   боп 
табылады. 
Қазақстан  Республикасының  11.07.2002  жылғы  «Кемтар  балаларға  әлеуметтік-
медициналық-педагогикалық-психологиялық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы»  №  343  заңы 
бойынша  ПМПК  сыныптары  үйден  оқыту,  үйден  әлеуметтік  көмек  көрсету,  көмекші 
бағдарлама,  арнайы  (ПДТ)  бағдарлама  бойынша  5  түрлі  куәлік  беру  ережелерін  және 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қорғау,  қамқорлау,  диагнозын  анықтау,  емдеу,  оңалту, 
тәрбиелеу,  оқыту,  қатарға  қосу  мәселелері  бойынша  жаңадан  шыққан  заң,  қаулы,  ереже 
тәртіптерінде  қаралған.  Инклюзивті  білім  беру  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балаларды 
жалпы  білім  беретін   мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады.   Инклюзивті 
оқыту-даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қалыпты  дамыған  балалармен  бірге 
әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту 
жүйесі. 
Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды 
және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің жарты 
бөлігі  арнайы  топтарда,  ал  екінші  бөлігі)   қарапайым  топтарда  өткізіледі.  Уақытша  арнайы 
топтардағы бала бірлескен серуендерді,  мерекелерді,  сайыстарды, жеке істерді,  өткізу үшін 
біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің 
қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар 
көрсетеді.   
Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  дүниетанымын  кеңейтуді,  олардың  сезіне  білу 
тәжірибесін  байыта  түсуді,  балалардың  сөйлеу  және  ақыл  –  ойының  дамуын,  танып  білу 
әрекетіне  дайын  болуын  қамтамасыз  етеді.  Оларды  қоғамдық  пайдалы  өмірге  бейімдеу, 
азаматтық  қасиеттерін  қалыптастыру.  Бұлардың  бәрі  дефектіге  сәйкес  деңгейде,  соған  тән 
әдістемелермен жүргізіледі. Тәрбиенің бұл түрі тек педагогтармен ғана емес, арнайы логопед, 
психолог, дәрігер, әлеуметтік педагог, мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың 
қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне көптен-көп септігін тигізетін пәндердің бірі – бейнелеу, 
қол  еңбегі.  Бұл  пәндердің  әр  сыныпқа  арнайы  жеңілдетіп  жасақталған  бағдарламасымен 


264 
 
жүргізіледі.  Мұндағы  негізгі  мақсатымыз  даму  деңгейі  шектеулі  балалардың  ой-өрісін, 
түсінігін, ұғымын, сөйлеу тілін дамытады. 
Ал бейнелеу өнері сабағында бала көрсетілген тақырыпқа байланысты сызбаны немесе 
сұлбаны сала білуге, оны сызықтан шықпай бояу, түстерін дұрыс таңдай отырып өзбетімен 
бояуға көмек көрсету. Бұл олардың қандай істі болса да атқара алатындықтарына сенімдерін 
арттырып,  еңбекке  деген  ынтасын  дамытады.  Төменгі  сыныптарда  мүсіндеу  сабағынан 
саңырау  құлақтың  үлгісін  мүсіндеу  де  оның  икемге  келуіне,  еңбекке  баулу  сабағында 
қайшыны дұрыс ұстап, түрлі-түсті қағаздан әртүрлі геометриялық пішіндерді үлкен, орташа, 
кішірек  деген  ұғымдармен  танысып,  оларды  ретімен  орналастырып  жапсыруды  үйренеді. 
Даму  деңгей  ішектеулі  балалардың  ойлау,  сөйлеу,  таным,  физиологиялық  дамуына 
математика,  қазақ  тілі,  ана  тілі,  дүниетану  және  дене  шынықтыру  сабақтарында  күнделікті 
сабақ кестесімен өткізілуі маңызды орына лады. 
Айтак  ететін  болсақ  математика  сабағында  төменгі  сыныптарда  (2,3,4)  100-ге  дейінгі 
сандар  арасын  қосу,  азайту  амалдарына  есептер  шығарту,  сандарды  салыстыру,  теңестіру 
тақырыптары  бойынша  тапсырмаларды  түсіндіру  жұмыстары  жүргізіледі.  Ал  жоғарғы 
сыныптарда  (5,6,7,8)  математикадан  кестелік  көбейту,  қосындыны  санға  көбейту,  бөлу 
амалдарын орындау, көп бұрыштардың, шаршының қабырғаларын өлшеу, периметрін есептеу 
оны шығару. 
Ана тілі сабағында ертегілер, әңгімелер, мақал-мәтелдер, ал қазақ тілі сабағында дыбыс, 
әріп,  буын,  сөз,  сөйлем,  дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды  ажыратуды  үйрету.  Жоғарғы 
сыныптарда дара және күрделі сөздер, сөйлем мүшелері, етістіктер, зат есімнің септелуі, тағы 
сол сияқты. Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада көрсетілген тақырыптарды меңгерту. 
Дүниетану  сабағында  да  қоршаған  орта  туралы  бағдарламадағы  барлық  тақырыптар: 
техникалық құрлыс оймен еңбек, мәдени тарихи мұралармен таныстыру. 
Дене  шынықтыру  сабағының  бала  денсаулығындағы  ақаулықтарға  тигізетін  пайдасы 
мол.  Жеңіл  дене  жаттығулары  секіру,  тізбек  құру,  гимнастикалық  жаттығулар,  бір  қатарда 
қойылған  заттар  арасымен  жүру,  қимылды  ойындар.  Күнделікті  сабақ  арасында  баланың 
ойлауын  дамыту  үшін,  дидактикалық  ойындарда  өткізіледі.  “Орны  ауыстырылып  берілген 
сөздерден сөйлем құрау”, “Жоқ сандарды тап”, “Не қалай дыбыстайды?”, “Сөз ойла, тез ойла”, 
“Кім тапқыр ?”, “Ұйқасынтап”. 
Дамуы шектеулі балалардың тәрбиесіне де баса назар аударылады. 
Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға 
немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның 
ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім 
беретін  мектептер,  балалабақашалар  ПМПК-ның  қорытындысы  бойынша  көрсетілген 
баланың  деңгейіне  қарай  жеңіл  бағдарламамен  білім  беруге  тәрбиешілермен  мұғалімдер 
инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай 
да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасын 
қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай 
қалыптастырудың идеологиясы жатыр. 
Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып 
жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. 
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір  сүру 
мүмкншілігін  қалыптастырады.  Инклюзивті  оқыту-  барлық  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу 
орындарында  мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті 
оқыту-оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға  мүмкіндік 
береді.  Адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді. 
Инклюзивті  оқыту-барлық  балалардың  мұқтаждығын  ескеретін  ерекше  қажеттілігі  бар 
балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім 
беру балалардың оқу үрдісіндегі  қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің 
жаңа бағытын өңдеуге талпынады. 


265 
 
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, 
онда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  жағдйын  да  өзгереді.  Инклюзивті  білім  беруді 
ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. 
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік 
бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға 
ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға  балалардың  түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік 
қажеттіліктерін  арнайы  қолдау,  қоршаған  ортаның   балаларды  жас  ерекшеліктеріне 
бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. 
Инклюзивтік  білім  беру  –  барлық  балаларды  жалпы  білім  процестеріне  толық  енгізу 
және  әлеуметтік  бейімделуге,  жасына,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  экономикалық 
статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбастарын белсенді қатыстыру, 
баланың  түзетім-педагогикалық  және  әлеуметтік  қажеттіліктерін  арнайы  қолдау,  баланың 
емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, 
жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік  саясат.  Ол 
проблеманы  баладан  емес,  жүйеден  көреді.  Барлық  балалар  оқытуға  жатады  және 
мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдайды. Бұл оқыту түрі оқу жоспарын және білім беру 
жүйесінің методологиясын икемді болуға, әр баланың қажеттілігін ескеруді айтады. 
Бүгінгі  таңда  шет  елдерін  денсаулық  және  тұрмыстық  жақтарынан  мүмкіндіктері 
шектеулі  оқушыларды  интеграциялық  оқыту  тәжірибесі  болғанына қарамастан,  инклюзивті 
оқыту тек теория түрінде ғана жасалған. Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл 
процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, маманмен қамтамасыз етуі қарастырылмаған. 
Дегенмен,  жалпы  білім  беру  жүйесінде  интеграция  проблемасы  бар.  Бұл  академик 
В.И.Лубовскийдің сөзімен айтқанда «қажеттіліктен» туындаған интеграция. Оның себептері 
арнаулы  мекемелердің  болмауы  немесе  ол  мекеменің  бала  мен  отбасынан  қашық  жерде 
орналасуы,  сонымен  қатар  ата-аналардың  балаларын  арнаулы  мекемелерде  оқытқылары 
келмеулері болып табылады. 
Инклюзивтік  оқытудың  базалық  құқықтың  құжаты  дамуында  жетіспеушілік  бар 
балаларға  нәтижелі  көмек  құруға,  оларды  оқыту,  тәрбиелеу,  еңбекке  және  мамандыққа 
даярлау,  бала  мүгедектігін  сауықтыруға  бағытталған  Қазақстан  Республикасының 
мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді 
қолдау» заңы болып отыр. 
Қазіргі  уақытта  Ақтөбе  облыстық  білім  Департаменті  ауылдық  жалпы  білім  беретін 
мекемелерде  инклюзивтік  оқыту  шеңберінде  шешілетін  оның  жаңалықтары,  әлеуметтік 
маңыздылығын, проблеманың қиындығы мен жинақтылығын ескере қолдануға және арнаулы 
мектептері  жоқ  жерлерде  келесі  ұйымдастыру  формаларын:  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі  сыныптарда  оқыту,  яғни  толық  интеграцияны  қолдануға  кеңес  беретін 
мектептердегі сыныптарда оқыту, яғни толық интеграцияны қолдануға кеңес береді. 
Инклюзивтік оқыту сыныптары мектеп директорының бұйрығымен әр балаға оқытудың 
сай түрлерінің қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерімен 
ашылды. Ақыл және дене дамуының кемшілігінің байқалу дәрежесіне байланысты әр балаға 
өз  екпінінде  даму  құқығы  берілуі  керек.  Ерекше  қажеттіліктегі  балалар  жалпы  білім 
мектептерінің бағдарламасын толық немесе толық емес ауқымды алулары керек. Жалпы білім 
беретін мектептер мүмкіндіктері шектелген балалар үшін «өмірлік орнын толтырудың» тәрбие 
институты  болуы керек.  Оны  оқуға,  жазуға,  есепке,  еңбектенуге  оқыта  отырып,  бірлестік 
қарым-қатынасын,  мәдени  тәртіп  ережелерін  үйренуін,  әртүрлі  әрекетте  икемдерін 
қалыптастыру маңызды болып табылады. 
Баламен  және  оның  ата-аналарымен  бірлестік,  білім  алу  орталарын  ұйымдастыруда 
психологиялық  жайлылыққа  жағдай  жасау  инклюзивтік  оқытудың  ең  басты  шарты. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  үшін  білім  мазмұны  дидактикалық  талаптардан  белгілі 
бостандық  алулары,  яғни,  оқыту  дифференциональды,  балаға  түсінікті,  психологиялық-
педагогикалық құралдар қолданылған және баланың жеке дамуының әлеуметтік-мәдениетін 
ере дамытатын болуы керек. Теориялық білім мен негізгі пәндер бойынша оқу жоспарының 


266 
 
міндетті  компоненті  олардың  практикалық  дағдылары  мен  икемдері,  сонымен  қатар 
осылардың  білім  стандарттарымен  және  оқушылардыңң  шынайы  мүмкіндіктерімен  сай 
келулерін, Қазақстан Республикасына білім және ғылым министрлігінің 02.3.04 №166 «Білім 
алушыларды  аттестаттау  әдістемесінің  ережелеріне»  сай  іске  асыруға  кеңес  беріледі. 
Инклюзивті  оқыту  жалпы  мектептің  педагогынан  басқаша  дайындықты,  жоғары 
мамандандырылуды,  шығармашылықты  және  тәжірибені  талап  етеді.  өйткені  баланың 
психикалық даму мәселесіне сауатсыздықпен қарау оның жеке басына қосымша кемістіктер 
пайда  болуына  себепкер  болуы  мүмкін.  Сондықтан  инклюзивтік  оқыту  тек  жалпы 
мектептердегі  педагог  мамандардың  арнайы  дайындықтары  мен  қайта  даярлықтары  бар 
болған  жағдайда  ғана  нәтижелі  болмақ.  Мұндай  дайындықтардың  мақсаты  жалпы  мектеп, 
балабақша  педагогының  дене  және  ақыл-есінің  дамуында  кемшілігі  бар  балаларды  толық 
біліммен қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің негізгі әдістерін игеруі болып табылады. 
Инклюзивтік  оқыту  жағдайындағы  арнайы  түзетім  көмектерін  беретін  педагог-
дефектологтар  жалпы  білім  беретін  мектептердің  тәрбиешілері  мен  мұғалімдеріне 
нұсқаушылар  болулары  керек.  Мүгедек  және  дамуларында  шектеушілік  бар  балаларды 
инклюзивтік  оқыту  практикаға  мамандандырылған  мамандарды  даярлау,  оларды  жалпы 
түрдегі  мекемелерде оқыту үшін жағдайлар  жасау  және қоғамның мүгедек балаларға деген 
көзқарастарын  өзгертумен  бірте-бірте  енгізілуі  керек.  Қазіргі  кезде  мектептерде  кемтар 
балаларды  қамқорлыққа  алып,  олардың  қалыптасуына  және  айығуына  мүмкіндік  жасап,  өз 
бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың 
білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын тәртібін қалыптастыруға байланысты 
түрлі  шаралар  жасалуда.  Бұл  балаларды  оқытатын  мұғалімдердің  алдына  үш  түрлі  міндет 
қойылады: 
1.      Баланың мектепке дайындығын анықтау 
2.      Тәрбиесіндегі кемістігін жою. 
3.      Сабақты жүйелі жоспарлау. 
Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын 
олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындық байқау керек. Белгілі 
психологтар  Д.В.Эльконин,  В.В.Давыдов,  Р.С.Немов  зерттеулері  бойынша  баланы  жүйелі 
оқыту  үшін  психологиялық  дайындығына  ерекше  назар  аудару  керек  дегенді  атап  айтады. 
Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция дегеннің өзі «түзету» 
деген  мағына  береді.  Бұның  басты  мақсаты  –  бала  бойындағы,  тәртібіндегі  кемшіліктерді 
түзету.  Ол  баланың  өзіне 1)  сенім;  2)  көз  жеткізу;  3)  кеңес  беру;  4)  психоанализ;  5) 
логотерапия; 6) аутотренинг сияқты методикаларды қабылдау арқылы жүзеге асырады. Үйден 
оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер 
арқылы ойынның, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек 
қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру әдісі», «Есту әдісі» тәрізді тесттерді қолданып, баланың 
шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының 
қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет. 
Осы  бағытта  қазақтың  халық  педагогикасының  алатын  орны  ерекше.  Қазақ  халқы 
санамақ, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасын ашып, қабілетін 
арттырып отырған. Баланың байланыстырып сөйлеуіне жануарлар, олардың төлдері туралы 
өлең, тақпақ ертегілерді көп қолданған. 
Мүмкіндігі шектеулі  балалардың ата-анасы көмекші  не арнайы мектептер мен мектеп 
интернаттарға,  психологиялық-педагогикалық  түзу  кабинеттері  мен  сыныптарға  балаларын 
бергісі  келмесе,  жалпы  балалар  оқитын  мектептерге  ПМПК-ң  ұсынысы  бойынша 
жеңілдетілген  бағдарламамен  оқытуға  толық  құқылары  бар.  Ол  үшін  жалпы  мектептер 
ПМПК-ң қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген 
бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде 
арнайы мұғалімдер болмаған жағдайда мұғалімдерді мүмкіндігі шектелген, кемтар, мүгедек 
балаларды инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін 
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. 


267 
 
Инклюзивті  оқыту  –  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін,  ерекше 
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. 
Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен 
сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. 
Жоғарыда айтылған ойларымды қорыта келе, инклюзивті білім беру жүйесін қолдаймын. 
Себебі,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларда  дене  кемсітігіне  немесе  ақыл-ойының  баяу  дамуына 
қарамастан,оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық, бейімділік болатыны заңды 
құбылыс.  Сондықтан  да  инклюзивті  оқыту  арқылы  бала  бойындағы  қабілетті  дер  кезінде 
байқауға,  ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке 
қол жеткізе білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет