Ойын терапиясы (Воскобович, Ибука әдістемелері) Воскобович әдістемесінің негізгі принциптер. Воскобович ойындары кішкентай балалар
мен одан жасы үлкен балаларға да арналған. Себебі ол ойындарды ауыстырып баланың
ыңғайына келтіріп алуға болады. Бұл ойындар тек дамытпайды, сонымен қатар оқытады және
үйретеді. Осы ойыншықтардың көмегімен бала көптеген жаңа сөздерді, сандар мен әріптерді
үйренеді, олардың логикалық ойлау қабілеттері және ұсақ қол моторикасы дамиды. Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырған бірі
шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы
әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары, жаңашыл, ізденімпаз
ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені
мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім
ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады интерактивті
модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық
белсенділіктерін, білім сапасын жоғарлатуға көмектеседі. Биік жетістіктерге жету үшін,
мұғалім баланың мінез-құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің(түйсігі,
қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі
дамытып отыру керек.