281
Ерекше көмекті қажет ететін балалардың қалыпты балалармен өзара әрекет процесінде
жоғарғы психикалық қызметті қалыптастыру және түзету.
Балабақшада инклюзивті оқыту дамуында кемшілігі бар балаларға қалыпты балалармен
өзара қарым-қатынас жасуға, олардың тәртібін бақылау мен еліктеуге мүмкіндік береді. Ал,
қалыпты балалар мейірімділікке, өзара жәрдемдесуге үйренеді. Олар бұл балалардың өз
кемшіліктеріне қарамастан жетістікке қол жеткізіп жатқандарына куә. Дамуында кемшілігі
бар баланы тәрбиелеп отырған отбасы өздерін қоғамнан оқшау сезінеді, дамуы қалыпты
баланы тәрбиелейтін отбасыларымен достық қатынасты тірек етеді.Отбасы – баланың
өміріндегі бірінші әлеуметтік институт. Оның адамзат құндылықтары туралы алғашқы
түсініктері, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас сипаты отбасынан бастау алады,
адамгершілік сапалары қалыптасады. Алайда, отбасы баланың бұл қажеттіліктерін әрдайым
қанағаттандыра бермейді. Бұл отбасында мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келген жағдайда
туындайды.
Дамуында кемшілігі бар баланың дүниеге келуі, отбасын күйзелтетін жағдайға әкеледі.
«Ерекше» баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселесі жиі барлық отбасы үшін терең және ұзаққа
созылған әлеуметтік дезадаптация салдарына әкеліп соқтырады. Ата-аналар қиын халде
болады: олардың жандары ауырады, қайғыға салынады, осындай баланың дүниеге келуіне
өздерін кінәлі сезінеді. Отбасы жиі достарынан, таныстары мен туыстарынан алыстай
бастайды. Мұндай жағдайда отбасының көпшілігі ыдырайды (70%) анасы жалғыз өзі
баласының тәрбиесін өз мойнына артады.
Психологтар отбасында дамуында кемшілігі бар баланың дүниеге келу кезіндегі ата-
аналардың психологиялық жағдайының төрт фазасын көрсетеді.
1-ші фаза – есеңгіреу,
дәрменсіздік, үрей;
2-ші фаза – баланың кемшілігіне байланысты қойылған «диагнозды» мойындамау;
3-ші фаза – баланың кемшілігін жарым-жартылай ұғыну, баланың қажеттілігіне ата-
аналардың әрдайым тәуелділігі, баланың дамуында жағымды өзгерістердің болмауы
салдарынан туындайтын отбасының күйзелістік жағдайы;
4-ші фаза – баланың кемшілігін түсіністікпен қабылдау, арнайы мамандармен қарым-
қатынас орнату және олардың ұсыныстарын алумен сипатталатын барлық отбасы
мүшелерінде әлеуметтік-психологиялық адаптацияның бастамасы.
«Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасы қорқыныш сезімін бастан кешіреді, ұзақ уақыт
бойы баланың келешегіне сенімсіздікпен, күмәндана қарайды. Бұл жағдайдан шығу үшін
мұндай отбасына арнайы
мамандардың көмегі, туыстары мен жақындарының қолдауы қажет.
Отбасын әлеуметтік байланысқа қосу – негізгі тұрақтандыратын фактор. Егер бала мектепте
білім алса, отбасы мұғалімдермен, әлеуметтік қызметкерлермен, психологтармен, балалар
ұжымымен араласады. Ал, егер бала мектепте білім алмаса бұл оның өзара қарым-қатынас
ортасын орнатуын қиындатады. Біздің қоғамда мүгедек адамға әлеуметке ену қиын, ал
әлеуметке мүгедек адамды қабылдау қиын. Мүгедек балалар дені сау балалар сияқты қарым-
қатынасты қажет етеді. Мұндай балалардың ата-аналары көп жағдайда қалыпты балалармен
тіл табысып кете алмауынан, оны ренжітіп алуынан қауіптенеді де, баланың қарым-қатынас
ортасын сақтандыруға тырысады. Бұл балалардың келешегіне кері әсерін тигізеді, яғни
айналадағы адамдар оларды түсінбейтіндіктен, көп жағдайда олардан қашатындықтан бала
күйзелістік жағдайда болады, балалармен достық қарым-қатынасты қалай орнататынын
білмейді.
Достарыңызбен бөлісу: