278
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау,
яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті (франц.
inclusif – өзіне енгізетін, лат.
include – ішіне аламын, енгіземін)
немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар
балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің
негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-
қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше
жағдай жасайтын идеология жатады.
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар
балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін
жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті білім беру құқығын тану барлық педагогтар, оқушылар мен олардың ата-
аналары ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың жалпы білім беретін мектептерде
оқуға құқығыбар екенін түсінулеріне және ол үшін қосымша ресурстар қажет екеніне
негізделген. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар
оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жеке бағытталған жүйе бола тұра, осы
санаттағы оқушыларды дамытуға және олардың құқтарын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
мыналарды көздейді:
жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу аясында
оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды
ұйымдастыру, мүмкіндіктері
шектеулі балаларды
кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқу-
әдістемелік әзірлеу;
ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін ұйымдастыру
жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту
пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар) оқу бағдарламаларын,
оқу жоспарларын бейімдеу;
инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың
критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту
нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу,
үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына жоғары және
кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік
оқу жоспарларын бейімдеу.
Арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі қағидаларға
негізделеді:
Баланың мүдделерін сақтау. Қағида баланың мәселесін барынша және оның
қызығушылығымен табысты шешуге шақыртылған маманның ұстанымын
айқындайды.
Жүйелілік. Қағида диагностиканың, түзету мен дамытудың бірлігін қамтамасыз етеді,
яғни арнайы қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері мен түзетулерге талдау
жасауда жүйелілік тұрғыда келу, сондай-ақ түрлі сала мамандарының жан-жақты
көпдеңгейлі ықылас-ықпалдары, баланың мәселесін шешуде олардың өзара
әрекеттестігі мен келісімдері; аталған шараға білім беру үдерісінің барлық
қатысушыларының қатынасуы.
Үздіксіздік. Қағида балаға және оның ата-аналарына (заңды өкілдеріне) проблеманың
толық шешілуіне немесе оны шешудіңтәсілдерін айқындауға көрсетілетін үздіксіз
көмекке кепілдік береді.
Вариативтілік. Қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар
балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады.
279
Көмекті көрсетудің ұсынымдық сипаты. Қағида арнайы қажеттіліктері бар балалардың
алатын білімін, білім беру ұйымын таңдауда, балалардың заңдық құқықтары мен
мүдделерін қорғауға, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) арнайы қажеттіліктері бар
балаларды арнайы білім беру ұйымдарына (сыныптарға, топтарға) жолдамамен
бағыттау (ауыстыру) туралы мәселелерді шешу бойынша міндетті келісімдерін
қосқанда, заңнамада кепілдендірілген ата-аналық (заңды өкілдерінің) құқықтардың
сақталуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар:
бақылаушылық – мұғалімге оқу материалын сәйкесінше жоспарлауға және баяндауға
мүмкіндік береді, оқушының жаңа материалды игеруге дайындығын, әрбір оқушының
жетістіктері даңгейін анықтайды;
оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, біліктері мен
дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.
диагностикалық-түзетушілік – оқушыда оқыту процесінде туындайтын қиндықтардың
себептерін
анықтайды;
игерілгеннің
кемшіліктерін
анықтаса
оларды
жоюғабағытталған түзетулерді
енгізеді;
ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады;
тәрбиелеушілік – жауапкершілікпен және жұмыла жұмыс істей білуді қалыптастыруға,
бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін, оқу рефлексиясын қолдануға ықпал етеді.
Қазіргі бағалау жүйесінің кемшіліктері де бар:
оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға түсінікті болатындай оқытудың
жоспарланған нәтижелері жетістіктерін бағалаудың нақты
критерийлері жоқ;
педагог бірыңғай критерийлерге әрбір оқушының жетістігімен емес, тұтастай
алғандағы сыныптың орташа білім деңгейіне сүйене отырып баға қояды;
оқушыларға қойылған бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері бойынша білім,
білік, дағдыларының нақты элементтерін меңгергендігі туралы түсінік бермейді, бұл
әрбір оқушының жеке оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді;
оқыту процесінде оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, бұл оқушыларды
оқуға барынша ынталандыруға мүмкіндік бермейді;
түзету-дамытушылық жұмысты және балаларды қоғамдағы дербес, тәуелсіз өмірге
дайындау сапасын қоса алғандағы оқушыларды оқыту сапасы туралы пайымдай
алмайды;
жұмысшы мамандықтары түрлерінің бірі бойынша мамандық алу үшін арнайы
мектептің түлегі өз білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы әділ пайымдай алмайды;
бір бөлігінің мүгедектігі бар балалардың өмір сапасын, оқу үдерісі сапасын жетілдіруге
мүмкіндік бермейді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
мақсаты:
қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәт ижелеріне
оқушылардың қол
жеткізулерін талдау;
оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау
үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату;-оқу үдерісін
ұйымдастыруға түзету енгізу;
жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті
білім беруді әзірлеу және енгізу.
Осы мақсаттардан барып келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:
оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға оқушыларды ынталандыру;
оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқушының жеке
ілгерілеушілігін бақылау және дамуының өзіне тән траекториясын түзету;
оқу үдерісінің әрбір кезеңіндегі әрбір
оқушының дайындық деңгейін ;
әртүрлі атқарған қызметтері үшін алған бағаларының маңыздылығын саралау;
280
оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету;
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға кедергісіз орта жасау және
оқушыларды теңгерме құралдармен қамтамасыз ету;
бастау мүмкіндіктері әртүрлі балаларға бірыңғай білім беру ортасын құру;-мәселе
бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу;
іс-әрекеттің диагностика-консультациялық, емдеу-сақтандырушылық, әлеуметтік-
еңбекшіл бағыттары арқылы инклюзивті сыныптарда балалардың дамуына
психологиялық-педагогикалық бағыттау жүйесін ұйымдастыру;
ата-аналармен және қауыммен өзара әрекеттесу, балалардың қауымда табысты
әлеуметтену моделін әзірлеу;-инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың
кәсіби біліктіліктерін арттырудықамтамасыз ету;
сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі
бағалау қабілеттерін дамыту
Достарыңызбен бөлісу: