311
– Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Елбасының қолдауымен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға мемлекет
анағұрлым көп көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларын үйден оқытқаннан гөрі
түзеу мекемелеріне әкелуге ұмтылуда. Көпшілік ортаға келгеннен кейін олардың өмірге деген
ынтасының артуы мүмкін. Сондықтан, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың
тәрбиесі тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару, жанына жылылық, жүрегіне
шуақ, келешегіне қанат бітіру – адамзаттың парызы. Осыған орай еліміздің әр аумақтарында
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылып, талай ата-ананың көңіліне демеу,
қамкөңіл баланың болашағына шуақ шашары мәлім.
Күннен күнге халқының саны өскен Астана үшін балаларға арналған түзету кабинеттері
жетіспейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі барбалаларды қоғамға бейімдейтін, әртүрлі
дағдыларды оқытуға және оларды сауықтыруға қажетті құрал-жабдықтары бар кабинеттерді
ашу өзекті болып тұр. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 бірлікті
құрайды. Жыл сайын арнайы психологиялық-педагогикалық түзету қызметіне жүгінетін бала-
лардың қатары артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: