Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-



Pdf көрінісі
бет220/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ 
 
Тоқмұратова Гүлжанар Серікқызы, 
Қарауылкелді орта мектебі 
 
Мемлекет  басшысының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында 
«мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы 
тиіс.Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай,олардың өзегіне 
айналады.Табысты  болудың  ең  іргелі,басты  факторы  білім  екенін  әркім  терең  түсінуі 
керек.Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім екенін әркім терең түсінуі 
керек.Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында 
тұруы  шарт.Себебі,құндылықтар  жүйесінде  білмді  бәрінен  биік  қоятын  ұлт  қана  табысқа 


314 
 
жетеді»  деп  атап  өтілген.  Белгіленген  бағыт-бағдарға  сәйкес  Қазақстан  Республикасының 
білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясатының  негізгі  принциптерінің  бірі  инклюзивтілік 
болып табылады.           
 «Білім  туралы»  ҚР  Заңының  баптарында  білім  алушылардың  білім  беру 
бағдарламаларына 
тең 
қолжетімділікті,түзету-педагогикалық 
және 
әлеуметтік 
қолдауды,мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  барлық  деңгейідегі  білімге  қолжетімділігін 
қарастыратын  мемлекеттің  білім  беру  саласындағы  саясатының  мәні  мен  принциптері 
айқындалған.Мысалы, «Білім туралы» ҚР Заңының 3-бабында «... 1)баршаның сапалы білім 
алуға құқықтарының теңдіг; 2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 3) әрбәр адамның 
зияткерлік  дамуы,психикалық-физиологиялық  және  жеке  ерекшеліктері  ескеріле  отырып, 
халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі...» деген принциптері белгіленген. Ерекше 
білім  беруге  қажеттілігі  бар  білім  алушыларды  оқыту  үшін  жағдай  жасауда  оқушыларды 
психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл ойнайды. Псижологиялық-педагогикалық 
қолдау оқушыға әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес нәтижелі оқу мен 
дамыту  үшін  әлеуметтік  психологиялық  және  педагогикалық  жасалатын  мамандардың 
тұтас,ұйымдасқан  әрекеттер  жүйесін  білдіретін  білім  беру  процесінде  көмектің  (немесе 
қолдаудың) ерекше түрі ретінде қарастырылады.            
Ерекше балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл – баламен кеңесе отырып 
оның жеке қызығушылықтарын анықтау,оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен 
мүмкіндіктеріне қолдау көрсету,оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып 
дамуына,оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне,өзін-өзі тәрбиеленуіне, көпшілікпен 
араласуына,өмір салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу 
болып табылады.                                             
 
Ерекше  балаларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  еркше  шығармашылық 
ортаны  құруды  және  балаларға  таңдау  жағдайын  беруді  қарастырады.Бұндай  жағдайлар 
баладан тек білім,білікті қолдануды ғана емес,сондай-ақ рефлексиялау тәжірибесін,өздігінен 
шешім  қабылдау,  ерік  пен  мінездің  көрінісін  талап  етеді.ДМШ  оқушыны  психологиялық-
педагогикалық 
қолдау 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультация 
қорытындысы мен ұсыныстарының негізінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымындағы 
штаттық  мамандармен  (арнайы педагог,психолог,мұғалім-логопед,әлеуметтік педагог, ЕДШ 
маманы  және  басқа)немесе  білім  беру  ұйымынан  тыс  келісім-шарт  негізінде  оңалту 
орталығы,түзеу және инклюзивті білім беру кабинеті мамандарымен,сондай-ақ арнайы білім 
беру  ұйымдарының  педагогтарымен  жүзеге  асырылуы  мүмкін.Жалпы  білім  беретін  мектеп 
білім  алушыға  оның  қажеттіліктеріне  сәйкес  қолдау  түрін  ұсынуы  қажет.Ол  қысқа 
мерзімді,орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді қолдау болуы мүмкін. 
Қысқа  мерзімді  қолдау  оқуда  шамалы  және  уақытша  қиындықтары  бар,  логопедпен, 
психологпен түзету сабақтарының қысқа мерзімді кезеңін қажет етеін оқушыларға көрсетіледі 
(жарты жылға дейін). 
Орташа мерзімді қолдау арнайы дайындалған педагогтар мен мамандардың қарқынды 
қолдауын  қажет  ететін  және  дамуындағы  ерекшеліктерге  байланысты  оқуда  тұрақты 
қиындықтарға кездесетін оқушылар үшін ұйымдастырылады. 
Оқушылардың  даму  мәселелерін  бастапқы  сатыда  жеңу  мүмкін  болса,онда  олардың 
оқуын оқытудың келесі сатыларында да арнайы сынып жағдайында жалғастыруға болады.Бұл 
жағдайда оқушыларды ұзақ мерзімді қолдау жүзеге асырылады.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет