Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА



Pdf көрінісі
бет225/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   284
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА, 
ТӘРБИЕЛЕУДЕ, ДАМЫТУДА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУДЕ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ҚОЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Трумова Дина Сагатовна
№10 «Алма» сөйлеу тілі  бұзылған балалар үшін арнаулы (коррекциялық)    
мектепке дейінгі ұйымы 
 
 
Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі балалардың 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  білім  алу  құқықтарын  жүзеге  асыруын 
қамтамасыз ету болып табылады. 
Білім  беру  саласындағы  халықаралық  құжаттар  негізінде  құралған  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасына  сәйкес  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  білім  алудағы  тең 
құқықтар қағидалары қарастырылады. 
Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  білім  алу  құқықығына  кепілдіктер  Қазақстан 
Республикасының Ата Заңы–Конституцияда,“Қазақстан Республикасында бала құқықтары”, 
“Білім”,“Қазақстан  Республикасында  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау”,“Арнайы  әлеуметтік 
қызметтер”,  “Мүмкіндіктері  шектеулі  балалардыәлеуметтік-медициналық-педагогикалық 
және  психологиялық  түзете  қолдау  туралы”  Қазақстан  Республикасының    заңдарында 
бекітілген. 
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты 
ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы 
үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған. 
Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары ауыр 
жағдайдағы  отбасылар  санының  өсуіне  байланысты  педагогикамен  психологияда  «өмірлік 
қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік 
қиын жағдайда жүргенбалаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті 
мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі 
өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар,балалар мен жасөспірімдердің дамуы 
үшін  аса  маңызды  отбасы,  білім  беру,  демалу  уақытын  ұйымдастыру,  денсаулықты  сақтау 
секілді  салаларға  әсер  еткенсоңғы  онжылдықтағы  әлеуметтік-экономикалық  дағдарыстың 
зардаптары даболуы мүмкін. 
Өмірлік  қиын  жағдайда  жүрген  балалар  ұғымының  мағынасы  қөптеген  мәселелерді 
қамтитын  күрделі  мазмұн  болып  табылады.Өмірлік  қиын  жағдайға  душар  болған  балалар 
қатарына элеуметтік азқорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының 
қамқорлығынан  айрылған,  мүгедектігі  бар  және  дамуында  бұзылыстары  бар,  оқыс 
жағдайларға  тап  болған,  зорлық-зомбылық  көрген  және  де  бұлқалыптасқанмән-жайлардың 
салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осымәнжайларды өз бетінше немесе отбасының 
көмегімен еңсере алмайтынбалалар жатады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына 
толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің 
маңызы бар. 
Бала  –  бұл  әрбір  жас  кезеңіне  тән  өзіндік  морфологиялық,  физиологиялықжәне 
психологиялық  ерекшеліктері  бар,  үнемі  өсу  және  даму  үстіндегі  организм.Әрбір  бала,  өз 
өмірінің  әртүрлі  кезеңдерінде,  әлеуметтік  жағдайына  дақарамастан,  өзінің  де  қалауынсыз 
түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлідеңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж 
болуы  мүмкін.И.  Г.  Кузина  «өмірлік  қиын  жағдай»  ұғымын,  «адамның  өзінің 
айналасындағылармен  әлеуметтік  қарым-қатынасы  мен  қалыпты  өмір  сүрудағдыларын 
объективті  түрде  бұзатын  және  субъективті  тұрғыдан  «күрделі»  деп  танылатын,  ақырында 
адамды  өз  мәселелерін  шешу  үшін  арнайы  әлеуметтік  қорғау  қызметтерінің  көмегі  мен 
қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін   жағдайлар» деп қарастырады. 


325 
 
Н.  Г.  Осухова  болса,  бұл  ұғымды  «сыртқы  жағдайлардың  немесе  іштей  өзгерістердің 
әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол осыған дейінгі қалыптасқан 
мінез-құлық  тәсілдері  мен  модельдері  арқылы  өзінің  күнделікті  өмірлік  қажеттіліктерін 
қанағаттандыра алмайтындай күйге жетеді» деп түсіндіреді.  
«Өмірлік  қиын  жағдайлар»  ұғымын  анықтаудағы  түрліше  көзқарастар  мен 
ұстанымдарды  зерттей  және  саралай  отырып,  оның  нақты  белгілерін  ажырату  мақсатында 
келесі  анықтаман қарастыруға болады:  өмірлік қиын жағдай, бұл  – адамның қалыпты және 
қауіпсіз  өмір  сүруіне  зардабын  тигізетінжәне оның  бұл  жағдайдан  өз  бетінше  шығып  кетуі 
екіталай  белгісіз  болатындай  күйге  түсуіне  жеткізетін  күйзелісі».  Бұл  жағдайда  адамға 
міндетті түрде көмек керек. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар көмекке 
аса  мұқтаж  болады.  Олар  үшін,  қиын  жағдайлардан  шығудың  мүмкін  жолдарын  табу  өте 
күрделі  мәселе  болып  табылады.  Бұл  фактілерді  ескере  отырып,  әлеуметтік-педагогикалық 
қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді 
жолдарын табу мен болжау қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат-баланың қалыпты өмір 
сүруі  мен  тәрбиеленуі  үшін  барынша  қолайлы  жағдай  жасау.Қазіргі  заманда  өмір  сүретін 
балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар 
болып келеді - бұл, отбасы және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы 
екі институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді. 
Бала  үшін  отбасы  –  бұл,  оның  дене  бітімінің,  психикасының,  мінез-құлқының  және 
интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік 
институт ретінде, отбасының бала өмірімен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете 
алмауы,  өмірлік  қиын  жағдайда  жүрген  балалардың  пайда  болуына  әкелетін  басты 
факторлардың бірі болып саналады. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім 
беруге  ерекше  қажеттіліктері  бар  адамдарды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  жекелей  оқыту 
ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. 
Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: 
-  мүмкіндіктері шектеулі балалар
-  мигранттардың,  оралмандардың,  босқындардың,  саны  аз  ұлттар  отбасыларынан 
шыққан балалар; 
-  қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді 
балалар,  девиантты  мінез-құлықты  балалар,  әлеуметтік-экономикалық  және 
әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар)  
Қиын жағдайға тап болған бала проблемаларының бірі әлеуметтенудің төмен деңгейі, 
яғни, мобильділіктің шектеулігі, құрдастар және ересектермен қарым-қатынастың кедейлігі, 
табиғатпен  байланысудың  және  мәдени  құндылықтарға  қолжетімділіктің  шектеулігі  және 
т.с.с. Қазіргі мектептерде әлеуметтендірушіден гөрі, білім беру қызметіне басты рөл беріледі. 
Мектеп қоғамға толыққанды кіруге керекті қасиеттер жиынтығымен балаларды қамтамасыз 
ете  алмайды.  Мектеп  әрекетінің  шектеулігі  көптеген  оқушылардың  тұлға  ретінде  өзін 
көрсетуге  мүмкіндік  бермейтін  осы  тәрбие  институтына  жағымсыз  қарым-қатынасты 
тудырады.  Балалар  өміріндегі  қиын  жағдай  туындауының  себебі  қанағаттанарлықсыз  білім 
деңгейі  болуы  мүмкін.  Соның  салдарынан  озат  және  нашар  оқушылар  үлгерімінің  үлкен 
айырмашылығы  болады.  Бұл  бала  тұлғасының  өзін  өзі  бағалауымен  тығыз  байланысты. 
Сондықтан балаларда мектептегі әлеуметтік қарым-қатынаста бейімделуімен байланысты әр 
түрлі бағыттағы проблемалар туындайды. Жинақтала келе бұл проблемалар баланы өмірлік 
қиын  жағдайға  әкеліпсоқтыруы  мүмкін  В.А.  Никитин  өзінің  зерттеуінде  әлеуметтенуді 
«әлеуметтік қарым-қатынасқа индивидті қосу процесі» ретінде сипаттайды. 
Әлеуметтену  адамның  өмірі  бойы  созылатын  процесс  екенін  түсінген  маңызды. 
Сондықтан  әлеуметтенудің  басты  мақсаттарының  бірі  адамды  әлеуметтік  шындыққа 
бейімдеу,  ол  қоғамның  қалыпты қызмет  атқаруының  мүмкін  болған  шарты  болады.  Қазіргі 
таңда бала әлеуметтенуінің төмен деңгейіне әкелетін өмірлік қиын жағдайларға қайыршылық, 
бақылаусыздық  пен  қараусыздықты,  тәртіп  бұзушылықтың  алуан  түрлерін,  сондай-ақ  ауру 
мен  мүгедектікті  жатқызуға  болады.  Бұндай  балаларды  әлеуметтендіру  процесінде 


326 
 
туындайтын  проблемалар  ең  алдымен,  әлеуметтік  мәселелер,  әлеуметтік  қолдау 
формаларының жеткіліксіздігі, денсаулық сақтаудың, білім берудің, мәдениеттің, тұрмыстық 
қызмет көрсетудің және т.с.с. қол жетімсіздігі. 
Олардың ішінде макро-, мезо- және микродеңгейдегі проблемаларды бөлуге болады. Бұл 
проблемалардың кешені барлық балаларға тең мүмкіндіктерді жасауға бағытталған қоғам мен 
мемлекеттің күшімен шешіледі. Балаларды әлеуметтендірудің елеулі проблемаларының бірі 
қоғам мен мемлекеттің дамуында ауытқуы бар тұлғаларға қарым-қатынасы болып табылады. 
Бұлқарым-қатынас әр түрлі  аспектілерде көрініс табады: арнайы білім беру, оқыту жүйесін 
жасауда,  қолжетімді  денсаулық  сақтау  жүйесін  құруда  және  т.с.с.  Бала  құқығының 
декларациясында  «дене  бітіміне,  психикасына  немесе  әлеуметіне  қатысты  толық  емес  бала 
оның ерекше жағдайына байланысты арнайы білім және күтіммен қамтамасыз етілуі қажет» 
деп айтылған. 
Бала  құқықтары  туралы  конвенцияда  «қатысушы  мемлекеттер  ақыл-есінемесе 
денсаулығына  қатысты  жарымжан  бала  оның  қадір-қасиетін  қамтамасыз  етіп,  өзіне  деген 
сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда 
толыққанды  және  лайықты  өмір  сүруі  қажет  екенін  мойындайды»  деп  баяндалған. 
Мемлекеттік  деңгейде  өмірлік  қиын  жағдайға  ұшыраған  балаларға  көмек  көрсетуге 
бағытталған  арнайы  бағдарламалардың  үнемі  қабылданып  жүзеге  асырылатынына 
қарамастан,  тек  мемлекеттің  ғана  күші  жеткіліксіз.  Бұндай  балалардың  өмір  сүруі  мен 
дамуына  қолайлы  жағдайларды  жасау  бойынша  міндеттердің  көпқырлығы,  күрделілігі  мен 
ауқымдығы  бұл  жұмыста  балалардың  жанында  жүрген  барлық  қоршағандардың  қатысуын 
талап етеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет