Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ППҚ  сатыларының нәтижесі



Pdf көрінісі
бет6/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   284
ППҚ  сатыларының нәтижесі: 
-  бала  мен  ата-ана  арасындағы  байланыстарды  сақтау  және  балаға  өз  отбасының 
күнделікті тыныс-тіршілігіне толық араласуына мүмкіндік беру;  
-  келешекте  еңбек  нарығында  бәсекеге  жарамды  және  әлеуметтік  жинақы  болуға 
мүмкіндік беретін сапалы білім алуды;  
-  қатарларымен және ересектермен әлеуметтік әрекет етудің оң тәжірибесін игеру;  
-  қоғамдастықта  әлеуметтік  осал  топқа  жататын  балалар  мен  ересектерге  қолдау 
көрсету  бойынша  әлеуметтік  дағдылар  қалыптастыруды,  бұл  барлық  қоғамды 
мейлінше орнықты және біртұтас ету.  
Олай  болса,  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқытуды  тиімді 
жүзеге асыруға байланысты педагогтарға қойылатын талаптар: 
1.  Педагогтармен  (пән  мұғалімдері,  арнайы  білім  мамандары,  әлеуметтік  педагог, 
психолог) ынтымақтастықта жұмыс жасау. 
2.  Әртүрлі  педагогикалық  тәсілдер  мен  оқыту  стратегияларын  ұтымды  ұштастыруды 
үйрену. 
3.  Арнайы  білім  мамандарынан  баланың  жеке  мүмкіндіктеріне  қарай  саралап  оқыту 
әдістерін кәсіби қолдану тәжірибесін үйрену. 
4. Кәсіби қауымдастық желісі арқылы арнайы білім ұйымдарымен байланыс орнату. 
5. Ата-ананы қатыстыру арқылы триангуляция әдісін пайдалану. 



 
6.  Үздіксіз  бақылау  динамикасы  бойынша  жұмыс  жоспарына  тиісті  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізіп отыру. 
7. Баланы әлеуметтендіруге ықпал ету үшін қолайлы орта қалыптастыру. 
8. Баланың қоршаған ортасымен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу. 
Бүгінгі  таңда    балалардың  ерекше  қабілетін  дамытуға  бағытталған  мемлекеттік 
саясаттың  негізгі  ұстанымы  –  барлық  категориядағы  тұлғалардың  сапалы  білім  алуға  тең 
құқығын жүзеге асыру болып табылады. Мұндағы, мүмкіндік балалар қоғамнан, әлеуметтік 
ортадан бөлектеніп қалмауы керек. Сөзімді грек ойшылы Платонның «Егер етікші нашар аяқ 
киім тіккен болса, онда бүкіл мемлекет адамдары нашар аяқ киім киеді, ал егер мұғалімдерінен 
осындай  қателік  кетсе,  бүкіл  буын  адамдар  өкілі  осындай  қателікке  ұрынады»  -  дегендей, 
қоғам  өмірщеңдігі  әлеуметтік  ортаға  бейімделу  болса,  осы  жауапкершілікті  сезінуде  ат 
салысайқ.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет