Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-



Pdf көрінісі
бет5/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   284
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ 
АСПЕКТ 
 
Қаплиева А.Қ., 
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру институты кафедра меңғерушісі, п.ғ.к.доцент. 
 
Қазіргі  қоғамның  заманауи  дамуы  кезеңінде  бір  жағынан  алып  қарағанда  кіріктіруге 
бағытталған  (техникалық  және  технологиялық  жүйелердің,  ақпараттық-коммуникативтік 
құралдардың дамуы), екінші жағынан қарағанда адамзаттың дербестікке ұмтылып қоғамнан 
оқшаулана бастауы анық байқалатын, жалпы әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылықтарға толы 
динамизмі нақты көрініс беріп отыр. Көптеген күнделікті мәселелер, нақты өмірдің тауқыметі, 
қоғамның  өзгеру  деңгейлерінің  жылдам  алмасуы  адамдардан  жоғары  белсенділікпен  қатар 
алға  ұмтылуды,  ізденімпаздықты  және  де  үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді.  Сондықтан 
болар,  заманауи  әлеуметтік  жағдай  өмір  мен  тұрмыстың  бітпейтін  мәселелерін,  әрбір  жаңа 
буынның, әрбір жеке адамның алдында тұрған және жалпы адамзатта қалыптасқан мәдени-
тұрмыстық түсініктер мен шешімдерге тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда қайтадан ой елегінен 
өткізуді  алдыңғы  орындардың  біріне  шығарып  отыр.  Қазіргі  қоғамда  заманауи  әлеуметтік- 
экономикалық  ахуалда  өсіп  келе  жатырған  жас  ұрпақтың  нақты  да  сенімді  әлеуметтік 
бағыттарды  жоғалтып  ала  бастағаны  байқалады.  Әлеуметтендірудің  қалыптасқан  дәстүрлі 
формаларының қазіргі заманға лайықталмаған жарамсыздығы, олардың бір  жолды таңдауын, 
яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі жоғары болуын талап етеді. Бұл 
жағдайда жастар мен  жасөспірімдердің заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі 
мен  дайын  еместігі  көптеген  маңызды  мәселелердің  туындауына  себеп  болады.  Бұл 
мәселелерге  тән  ортақ  белгі  бұл  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  мен  оқыту  қазіргі  заманның 
талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі керек. 
Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың 
өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды 
психологиялық-педагогикалық  тұрғыда  қолдаудың  маңызы  өсетіні  белгілі.  Педагог  пен 
баланың  қарым-қатынасындағы  ұстанымдар  мен  парадигмалар  да  өзгереді:  «оқушы  мен 
оқытушы» орнына, «адам мен адам» парадигмасы қалыптаса бастады.  
Педагогика мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар», элеуметтік аз 
қорғалған  және  жағдайы  төмен  отбасылардан  шыққан,  ата-аналарының  қамқорлығынан 
айрылған,  мүгедектігі  бар  және  дамуында  бұзылыстары  бар,  оқыс  жағдайларға  тап  болған, 
зорлық-зомбылық  көрген  балалар  деген  сияқты  терминдер  мен  түсініктер  жиі  қолданыла 
бастады.  Сондай,ақ  «қолдау»,  «қорғау»,  «инклюзив»,  «ерекше  балалар»  терминдерді 
қолданысқа  енді.  Олай  болса,  бүгінгі  тақырыбымызға  тоқталамыз:  Ерекше  білім  беруге 
қажеттілігі  бар  балаларды  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  әлеуметтік  маңызы: 
теориялық аспект. 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалар  -  бұл  әрбір  жас  кезеңіне  тән  өзіндік 
морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму 
үстіндегі  организмдегі  әрбір  бала,  өз  өмірінің  әртүрлі  кезеңдерінде,  әлеуметтік  жағдайына 
дақарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі 
көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуынан туындаған әлеуметтік топ. (И.Г.Кузина, Н.Б. 
Крылова, М.Р. Битянова )   
Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: 
-  мүмкіндіктері шектеулі балалар;  
-  мигранттардың,  оралмандардың,  босқындардың,  саны  аз  ұлттар  отбасыларынан 
шыққан балалар; 



 
-  қоғамда  әлеуметтік  бейімделуде  қиындықтары  бар  балалар  (жетім  балалар, 
девиантты  мінез-құлықты  балалар,  әлеуметтік-экономикалық  және  әлеуметтік-
психологиялық мәртебесі жоғары және төмен отбасынан шыққан балалар) 
-  қоғам  дамуында  өзіндік  жас  ерекшелігінен  физиологиялық  дамуы  жоғары,  өте 
жоғары топ балалары да болуы мүмкін (дарынды, данышпан, ақылды, креативті т.с.с) 
Сондықтан,  ғалымдардың  зерттеулеріне  сүйене  отырып    Балаларды  психологиялық-
педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, 
оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның 
адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өзбетінше 
қол  жеткізуіне,  өзін-өзі  тәрбиелеуіне,  көпшілікпен  араласуына,  өмір  сүру  салтын 
қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады. 
Психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  маңызы  -  мамандардың  біртұтас,  жүйелі 
ұйымдасқан  қызметін  білдіретін  білім  беру-тәрбие  процесінде  балаға  көмектің  (немесе 
қолдаудың) ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оның барысында баланың мүмкіндіктері мен 
қажеттіліктеріне  сәйкес  табысты  оқыту  мен  дамуы  үшін  әлеуметтік-психологиялық  және 
педагогикалық  шарттар  жасалады.  Психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  нысаны 
(обьектісі) ретінде білім беру (оқу-тәрбиелік) үдерісі қарастырылады. 
Психологиялық-педагогикалық 
қолдаудың 
 
мақсаты 

баланың 
әлеммен, 
айналасындағылармен (ересектер, құрбылар), өз-өзімен қарым-қатынасының жүйесі ретінде 
оның даму жағдайы.  
Балалар  мен  жасөспірімдерге  білікті  психологиялық  көмек  көрсету  проблемасының 
аясында пайда болған «Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап көрейік. Орыс тілінің түсіндірме 
сөздігіне  сәйкес  бұл  термин  қандай  да  бір  құбылыспен  бірге  жүретін  әрекетті  білдіреді. 
Зерттеуші Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін және 
өзін өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін өзі 
дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолдануы десе,  М.Р. Битянова 
қолдауды  «баланың  эмоционалдық  қолайлылығы,  оның  табысты  дамуы  мен  оқуына 
бағытталған  психологтың  білім  беру  ортасындағы  кәсіби  әрекеттерінің  жүйесі»  ретіндегі 
көрсеткіші деп анықтайды. Ал, «әлеуметтік-педагогикалық қолдау» терминінің талдауына И. 
А.  Липский  «тұлға  дамуын  педагогикалық  қолдау  кешенді  сипатта  болады:  әлеуметтік 
саладағы адамдардың өзара әрекеттестігінің механизмдерін көрсетеді, бір мезетте уақыттық, 
кеңістіктік және институционалды формаларда болады, жүйелі-құрылымдық, процессуалдық 
және әрекеттік сипаттамалар арқылы көрініс табады» деп есептейді.  
«Қолдау»,  «әлеуметтік  қолдау»  және  «педагогикалық  қолдау»терминдерінің  негізгі 
анықтамаларын  зерттей  келе  біз  «әлеуметтік-педагогикалық  қолдау»  түсінігінің  мазмұнына 
талдау жасай аламыз. 
Е.И.  Казакова  психологиялық-педагогикалық  қолдау  «балаға,  оның  отбасына  және 
педагогтарға  көмек  көрсету,  оның  негізінде  өзекті  проблеманың  шешу  жолын  таңдауда 
дамыту  субъктінің  барынша  бостандығы  мен  жауапкершілігін  сақтау;  педагогтар, 
психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз 
етілетін  мультипәндік  әдіс;  проблеманың  диагностикасы  мен  оны  шешудің  субъектілік 
әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны 
іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы үйлесімді  бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері 
үшін жауапты болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінуіміз керек.  
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім берумен өзара 
байланыстағы мақсаты – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретін әлемде өмір 
сүруге үйрету, өмір бойы оқу болып табылады. 
ЕБҚББ қанағатандырудағы әлемдік  САПА 
-  Оқу бағдарламасының өзгеруі 
-  Оқу жоспарының өзгеруі 
-  Оқыту нәтижесіне жетудегі даралық және бағалау 
-  Оқытуда арнайы мамандандырылған тиімді әдісті қолдану 



 
-  Оқулықты, оқу –әдістемелік құралды, дидактикалық тәсілді таңдау 
-  Оқытатын ортаға бейімделу және оқу ортасына кірігу 
-  Техникалық құралдардың жан-жақтылығы 
-  Арнайы педагогикалық қолдау 
-  Оқытушыға жан-жақты жағдай жасау 
-  Психологиялық көмек, кеңес 
-  Әлеуметтік-педагогикалық қолдау 
ҚР БжҒМ осы сапаны басшылыққа ала отырып типтік оқубағдарламасын бектіуі осының 
дәлелі  
Жалпы  білім  беретін  мекемелерде  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаға  мұндай 
сыныптарда  жұмыс  жасайтын  педагогтар  оқытудың  педагогикалық  шарттары  кешенін  іске 
асыруы қажет:  
-  қажетті нормативтік құқықтық базаны таңдау
-  баланың  даму  деңгейіне  әсер  еткен  әдіс-тәсілдер  мен  таңдалған  бағдарламаның 
тиімділігін анықтау; 
-  оқушының  жеке  ерекшіліктерін,  танымдық  қызметін,  ерік-жігер  саласын, 
отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу; 
-  жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау; 
-  баламен  жұмыстың  бағыттарын  айқындау  мен  бала  дамуындағы  ауытқулардың 
алдын алуға бағытталған диагностика жүргізу. 
Олай болса, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың жетекшілері мен мұғалімдері 
үшін  кіріктіре  оқытудың  түрлі  үлгілерін  білу,  түсіну  және  саралау,  сонымен  қатар  оларды 
тәжірибе барысында жүзеге асыра білу өте маңызды болып табылады.    
Нәтижесінде жалпы және арнайы білім беру арасындағы тосқауылдарды жеңе отырып, 
олардың арасындағы шекараны ашып, сапалы жаңа қарым-қатынас жасау үшін кедергісіз орта 
құру.  
Кедергісіз  орта  -  білім  алу  талаптарына  сай,  оларды  оқыту  үдерісі  барысында 
балалардың  мүмкіндіктері  жалпы  әлеуметтік  талаптарға,  білім  берудегі  табыстылық 
ережелеріне және қоғамда қалыптасқан тәртіп пен қарым-қатынас ережелеріне сәйкес келмеу 
қиындықтарын болдырмау. 
Өйткені,  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  айрықша  ерекшелігі  оның 
кешенділігі  және  арнайы  педагогикалық  көмекті  қажет  ететін  балаларды  уақытында 
анықтауға бағдарлану болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет