99
өзі дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолданған. Педагогикалық
қолдаудың мақсаты сүйемелденетін адам тұлғасын институционалды рәсімдеудегі арнайы
педагогикалық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағыттап дамыту болып
табылады. педагогикалық қолдау тұжырымдамасы мүдделі бақылау, кеңес беру, жеке өзінің
қатысуы, баланың белсенділігінде көрінетін оның барынша дербестігін мадақтау процесі
ретінде қарастырылады.«Қолдау»,«әлеуметтік қолдау» және «педагогикалық қолдау»
терминдерінің негізгі анықтамаларын зерттей келе біз «әлеуметтік педагогикалық қолдау»
түсінігінің мазмұнына талдау жасай аламыз. Психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға,
оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу
жолын таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау;
педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен
қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс болып табылады. [4]Психологиялық-педагогикалық
қолдау–бұл білім беру процесінің жағдайында туындаған
проблемаларды шешуде белгілі бір
даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көек берудің ерекше түрі деп
атады.Әлеуметтік-педагогикалық қолдау анықтамасына берілген тәсілдемелерді талдай және
олардың ортақ сипаттарын бөле отырып, келесі анықтаманы шығаруға болады: әлеуметтік-
педагогикалық қолдау – бұл баланың қоғаммен өзара әрекеттестігі жағдайында баланы
психологиялық дамыту және нәтижелі оқыту үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар
жасауға бағытталған маманның кәсіби әрекетінің белгілі бір жүйесі. Қазіргі қазақстандық
білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері әзірленіп, оның инфрақұрылымдары
қалыптастырылуда. Оған психологиялық педагогикалық және медициналық-әлеуметтік
орталықтар, мектептегі қолдау қызметтері, кәсіптік бағдарлау орталықтары, психологиялық-
педагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдаудың ресурстық орталықтары,
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, сенім кабинеттері жатады.
Қиын жағдайдағы баланың дамуын әлеуметтік-педагогикалық қолдау қарым-қатынастарды
қолдау, яғни оларды дамыту, түзету, қалпына келтіру ретінде қарастырылуы мүмкін. Қазіргі
таңда «әлеуметтік-педагогикалық қолдау» түсінігі кеңінен қолданылады.Бұл әлеуметтік-
педагогикалық қолдау бойынша маман тек диагностика, кеңес беру, түзету әдістерін меңгеріп
қан қоймай, проблемалы жағдайларды жүйелі талдау, оларды шешуге бағытталған әрекеттерді
бағдарламалау және жоспарлау қабілеті болу керек.[5]
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдау әрбір
баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен дамытуға арналған
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасайтын мамандардың тұтас,
жүйелі ұйымдастырылған әрекетін білдіреді. даму бұзылыстарын ерте түзету; балаларды
әлеуметтендіруде, оқытуда жеке ыңғай жасау; оқуға ынтасын, дербестігін, әлеуетті
мүмкіндіктерін дамыту; өмірлік құзіреттердің дағдыларын қалыптастыру; ата-аналармен
және құрдастармен конструктивті қарым-қатынас құру. Психологиялық-педагогикалық
қолдау қызметінің айрықша ерекшелігі оның кешенділігі және арнайы педагогикалық көмекті
қажет ететін балаларды уақытында анықтауға бағдарлану болып табылады. Қызмет әрекетінің
мазмұны оқушылармен түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын әзірлеу және
жүзеге асыру, балалардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім беру
бағдарламаларын бейімдеу, білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара түсіністік
пен әрекеттестікті нығайтуға ықпал ету. Қолдау қызметінің әрекеті бала дамуындағы кез
келген
проблеманы шешуде кешенді, пәнаралық тәсілдеме, білім беру процесінде бала дамуын
үздіксіз қолдау, қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау,
психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша ісшараларға ата-аналарды, педагогтар мен
балалар ұжымын белсенді қатыстыру қағидаларына негізделеді.[3] Инклюзивті тәжірибе
жағдайындағы Қолдау қызметінің жұмысы келесі бағыттарда жүргізіледі:
психоәлеуметтік диагностика;
психотүзету жұмысы;
білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық және
медициналық-әлеуметтік ағарту жұмысы;
101
практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Ал танымдық әрекеттерін
дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жоғарғы кластарда жасөспірімдер еңбек
әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды.
Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына,
мұғаліміне
көрсетіп,
мадақтауды
ұнатады.
Оқушылар
осылайша
еңбек
әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның бәрі оқушылардың тұлғалық
қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар
арасындағы қатыр-қатынастың қалыптасуына әсер етеді. [5]
Практика мүмкіндіктері шектелген балалар жүйелі жүргізілетін психологиялық-
педагогикалық
жұмыстар
нәтижесінде
тігін
машинасында,
компьютерде,
қылқаламмен көптеген әдемі туындылар жасай алатынын, белгілі бір еңбек даярлығын,
кейін түрлі өндірісте ұжыммен бірлесе отырып, мүмкіндігіне сай айналыса алатын
еңбек түрін анықтай алатынын көрсетіп отыр.
Қорыта
айтқанда
бала-ата-ана-педагог,отбасы
және
білім
мекемесі
арасындағы
сабақтастықтың
ойдағыдай
жүзеге
асуы
тұлғаның
әлеуметтік
бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ және қоғамымыз қолдау көрсеткен ортада
алынбайтын қамал
жоқ деп ойлаймын
Достарыңызбен бөлісу: