142
педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік
ғылымның ұлттық терминінің калыптасуына бағасыз үлес қосқан.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан
Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен
арнаулы
ұйымдар
психологиялық
педагогикалық
түзеу
кабинеттері
қызмет
көрсетеді Мұғалім-дефектолог – бұл өзінің кәсіби еңбек ету әрекетіндегі атқарған
жұмыстарының қорытындысын шығара білетін, мейірімді, бастамшыл, шығармашылық
қабілетке бай, жауапкершілігі мол тұлға. Олар үшін қазіргі әлемдегі адамның ролі, адамның
құндылығы мен қажеттілігі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаның өмір сүру әрекеті
маңызды. Мұғалім-дефектологтың кәсіби көзқарасы ерекше білімді қажет ететін тұлғалардың
орны мен олардың қоғамдағы ролін белгілеуге бағытталады. Маман иесінің оптимистік
көзқарасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамдағы белсенділігін айрықшалауда нақты
байқалады. Мұғалім-дефектологтың кәсіби-тәжірибесі түрлі ұжымдағы оқушылар,
тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары, студенттер, жастар тобы, конфессионалдық және
қоғамдық ұйымдардағы кәсіби біліктілікпен ұйымдастырылған әрекетті қамтамасыз
етеді.Мұғалім-дефектологтың кәсіби, іскерлік құзіреттілігін айқындаушы қызмет түрлері
мыналар: дамудағы кемшілікті алдын алу жұмыстары, педагогикалық диагностика мен кеңес
беру, арнайы педагогикалық ағарту жұмыстары, психологиялық және психотерапиялық көмек
көрсету жұмыстарына қатысу, білім беру және әлеуметтік-педагогикалық әрекет, жоғары оқу
орнында немесе орта арнаулы педагогикалық білім беру мекемелерінде қызмет ету, арнайы
педагогика ғылымының шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болып
табылады. Мұғалім-дефектолог өзінің міндетті қызмет түрімен шектелмейді, себебі оның
кәсіби әрекеті әлеуметтік қайырымдылық акцияларын ұйымдастырудың инициаторы болуды,
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы мен өмірін қорғауды қажет етеді. Мұғалім-
дефектолог өмір бойы оқумен, үйренумен шыңдалады. Тәжірибе барысында кәсіби шыңдалу
әрекетін ұйымдастыру кезінде өзінің әріптестерімен, ата-аналармен, ұжым мүшелерімен
өзінің жеке кәсіптік тәжірибесі туралы бөлісіп, өзінің шығармашылық қабілеті мен кәсіби
мүмкіндіктерін арттырып отырады. Мұғалім-дефектологтың кәсіби әрекеті адамның
денсаулығы мен жалпы жағдайына тікелей жағымсыз әсер ететін жақтарын да анықтайды.
Соған байланысты мамандық таңдауда денсаулығында қандай да бір жағымсыз жағдайлар
болса, яғни жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі түрлі аурулар, есту, көру, сөйлеу
органдарындағы кемшіліктер, иммундық жүйедегі аурулар адамның кәсіби әркетін шыңдауға
кедергі болатыны анықталған. Арнаулы мамандар, соның ішінде логопедтер анық, таза,
мәнерлі сөйлеулері тиіс. Мұғалім-дефектолог үшін ең қажетті кәсіби мінездер – мейірімділік,
жауапкершілік, оптимизм, шыдамдылық, эмпатия, шапшаңдық, өзінің жұмысына деген
қызығушылықтың жоғарылығы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруге
деген қызығушылықтарын арттыра білу, оқушылар мен тәрбиеленушілерге жылы жүрегін
ұсына білу, кәсіби шындықты қалайтын сыйластық қажет.
Данышпан А.Құнанбаев айтқандай, «Адам мінезін түзетуге болмайды дегеннің тілін
кесер едім», дегендей бала тәрбиесіне атүсті қарамауға шақырады.Сондықтан әр оқушыны
жеке тұлға етіп қалыптастыру біздің басты міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: