Список литературы:
1. Закон «Об образовании РК»
2. Алёхина С.В., Фальковская Л.П. «Педагог инклюзивной школы:новый тип
профессионализма» // Учебно-методическое пособие. Педагогический университет
«Первое сентября», 2014.
3. Источник:
https://edu.mcfr.kz/article/1847-qqq-11-m11-18-11-2011-usloviya-realizatsii-
inklyuzivnogo-obrazovaniya-v-respublike-kazahstan
135
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ
КӨМЕГІН КӨРСЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ
Еспагамбетова Б.Щ.,
№1 Қалалық ПМПК
Әлеуметтік – экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген
балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамдағы орнына, олардың мінез-құлық
және мінез ерекшеліктеріне мән бермеу бүгінгі қоғам дамуында мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң
құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан
мүгедектер медициналық- әлеуметтік көмек алуға, оңалтуға дәрі-дәрмектермен,
протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс
құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ, кәсіби даярлану мен қайта даярлануға
құқықтары бар.
Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар,
оның бірі- бала психикасының даму шамасына қарай тәрбие талаптары, екіншісі –кемістігін
қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» -деп атап көрсетеді.
Сондай-ақ, ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол
үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде
жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.
Аталған балалар санатын қоғамға интеграциялауға дайындаудың алдын-алу үшін
оларды оқыту, тәрбиелеу және барлық өмірлік әрекеттерін ұйымдастыруда арнаулы (түзетім)
білім берудің қазіргі проблемаларын талдаудан шығатын жаңа теориялық ықпал жасауды
талап етеді және мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға қатысты медициналық,
педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және өзге де проблемалар кешенін
ескере отырып шешілу қажеттігін туындатады.
Педагогика жүйесіндегі балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөлігінің
бірі - ерекше балаларды мінез-құлқындағы кемшіліктерді ескере отырып оқыту, олардың ой-
өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады.
Арнаулы білім беру мәселелерін қайта қараудың нақты бағыттары білім беру жүйесінде
мүмкіндіктері шектеулі балаларды интеграциялау туралы ұсыныстар мен және интеграциялық
оқыту практика барысында қолға алынып, практикаға енгізіліп, жақсы нәтижелерге қол
жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы және жалпы білім беру мекемелерінің жанындағы
арнаулы (түзетім) топтар. Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен
психологиялық-педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету
сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту
және практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады.
Бұл балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да
байланысты.Ең алдымен оқу сабақтарының балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне,
белсенділіктерін дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады.
Ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік-тұрмыстық білім мен
икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып, педагог арнайы сабақтарда балалардың
қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу қажетті хабарламалар мен ақпараттарды түсіне
бастауға үйрету керектігін де басты назарда ұстайды.
Балаларда қоршаған орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың
оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып, дұрыс
педагогикалық процесс ұйымдастырумен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін
балалардың дамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім берудің ғылыми- әдістемелік,
ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде. Қазіргі қоғамда әр
адам өз-өзін дамытуға, осы қоғамда қабілетін жоғарылатуға өмірін мағыналы, етуге, өз
136
тағдырына дұрыс қарауға құқылы. Елдегі экологиялық тепе-теңдіктің әлсіреу салдарынан,
туа біткен, тұқым қуалаушылық, қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны
жыл сайын артып келеді. Осындай балаларға арнайы көмек көрсету өзекті мәселе болып отыр.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен
арнаулы ұйымдар психологиялық – педагогикалық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді.
Балаларға ерте жастан түзете-дамыту көмегін көрсету үдерісінің мазмұны мына іс-
шаралардан тұрады:
баланың психофизикалық даму деңгейін кешенді әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзету;
жеке дамыту бағдарламасын құру және оны жүзеге асыру ;
ата-аналарды баланың дамуын бағалау мен бақылауға үйрету, үй жағдайында
дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтарды ұйымдастыруды үйрету;
ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, мүмкіндіктері шектеулі
балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілденген әлеуметтік қолдаулар
туралы және мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер
туралы ақпарат беру;
жеке түзете-дамыту бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жасау.
Түзете дамыту үдерісінің негізгі құралдары ретінде материалдар қолданады.
1. Баланың психофизикалық даму деңгейін бақылау арқылы анықтау үшін ата-
аналарға арналған сауалнама.
2. Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан тексеру кестелері (топтық
бағалау)
3. Баланың ойын әрекеті барысындағы мінез-құлқын бақылауға арналған кестелер.
4. Жеке дамыту бағдарламасының барлық бөлімдеріне арналған анықтамалық-
әдістемелік материалдар.
Түзетуші топ мамандары әр түрлі көмекші компенсаторлы-техникалық құрал-
жабдықтарды, арнайы құралдар мен психофизикалық даму деңгейін бағалауға арналған
компьютерлік бағдарламаларды қолданады.
Жеке дамыту бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады: «Әлеуметтік-психологиялық
қолдау», «Түзете-дамыта оқыту» Жеке дамыту бағдарламасын құрып, жүзеге асыру барысына
жетекші маман педагог-дефектолог немесе психолог жауапты болып табылады.
Әр бөлім төрт кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер жеке дамыту бағдарламасының бланкісінде
тіркеледі.
Баланың даму жағдайы мен ерекшеліктері және қажеттіліктерін анықтау.
Түзете-дамыту көмегін көрсету.
Түзете-дамыту көмегін жоспарлау.
Түзете-дамыту көмегінің тиімділігіне мониторинг жасау.
Баланың дамуын бақылау нәтижелері, түзете-дамыту жұмыстарының тиімділігі мен
дұрыстығын бағалау және әлеуметтік құқықтық кепілдемелері мен тиесілі қызмет түрін алу
барысы үш немесе алты айда (бала аңғарымына байланысты) тіркеліп отырады.
Осындай тұлғаны қалыптастыруды басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының
өзіндік психологиялық- педагогикалық заңдылықтары туралы білу керек. Егер адамды тарих
пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар болсақ, бұдан
дамуға әсер ететін биологиялық (табиғи) және әлеуметтік (әлеуметтік орта) фактор шығады.
«Психологиялық ой түйіндісі бойынша, физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртібінің
нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық
психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес әлеуметті құбылыс болып табылады.»
(Л.С.выготский)
Ата-аналарға баланың дамуын бағалау мен бақылау туралы, бала күтіміне байланысты
және қажетті құрал-жабдықтар мен ойыншықтарды қолдану туралы,үй жағдайында сабақтар
өткізуге қатысты және т.б. кеңестер беріледі. Ата-аналарға кеңес беру, тренинг, дәрістер
мамандардың оқыту жоспарына отбасына қолдау көрсету ретінде енгізіледі.
137
Жалпы мүмкіндігі шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктер олардың жеке
тұлға болып қалыптасуына,оның жеке қасиеттеріне, яғни оқу,жазу, ортаға бейімделу
әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен,құрдастарымен қарым-
қатынасына кері әсер етеді.
Сондықтан да психикалық даму мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу үрдісін қабылдау
және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс.Ал қабілетті дамыту ойлау
қызметін жетілдірумен тығыз байланысты.
Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері
фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қозғалыс
координацияларының т.б.жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады.
Сондықтан, психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының
дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады.Бұл қиындықтарды
жою мен оның алдын алу үшін мұндай балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсету қызметі жұмыс атқаруы қажет.Онда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-
дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс
атқарады.
Жалпы айтқанда, бала, ата-ана, педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы
ұйымшылдық пен сабақтастықтың дұрыс жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің
алғы шарттарының бірі болмақ. Бала үшін біз, бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін
сезетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы- бұл біздің
құндылығымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |